Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лизинг.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
171.71 Кб
Скачать

Қорытынды

Лизингтік қызметтерді тұтынушылардың ішінен экономиканың нақты секторларын, соның ішінде кіші және орта кәсіпорындарды ерекше бөліп қарастырудың маңыздылығы зор. Кіші және орта кәсіпорындардың меншікті қаражаттары өндіріске қажетті мүліктерді сатып алу үшін жеткіліксіздігі белгілі. Ал, алғашқы қаржылық жағдайларының және кепілдік қабілеттерінің төмендегі банктік несиелерді алуда кедергілер туғызады. Міне, осындай жағдайларда нақты өндіріспен айналысатын кәсіпорындар үшін лизинг – құтқарушы құрал ретінде көрінеді. Еліміздегі кәсіпкерліктің кіші және орта формаларын қолдауға қызығушылықтары бар лизингтік компаниялар құрылғыларды сатып алуға кететін алғашқы шығындарды өзіндеріне алады. Кіші кәсіпкерлікті жүргізу үшін қажетті құрылғылар, яғни, сүт, ет сияқты ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндейтін, өсімдік майларын, сусындарды дайындайтын кіші зауыттар, асхана және байланыс құрылғылары және т.б. лизингтік келісімді қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылады. Лизингтік компаниялардың кіші және орта кәсіпкерлікке көңіл бөлу қажеттілігінің тағы бір себебі, кіші бизнес лизингінің объектілері тәуекелділіктер пайда болған жағдайда оларды басқа қымбат емес келісімдер арасында бөлулеріне мүмкіндіктері бар.

Кіші және орта кәсіпорындардың дамуына лизингтік құрылғылар жолымен бағытталған инвестициялық қызмет ақша қаражаттарын пайдаланудың неғұрлым сенімді механизмі болып табылады.

Сонымен бірге, қазіргі кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық, әсіресе ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгі құралдарын жаңартудың, құрылғылар мен машиналар паркін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмес мәселелердің бірі болып табылады .

Еліміздегі коммерциялық банктердің несиелік қоржынындағы орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы экономиканың нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бірге, коммерциялық банктер несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелділіктерін төмендету мақсатында несие беру шарттарын күшейтуде. Көптеген өндіріс орындарының қаржылық жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін инвестициялық жобаларды жартылай қаржыландыру үшін меншікті қаражаттарды жинақтау мүмкіндіктері жоқ.

Міне, осындай мәселелерге байланысты Қазақстанда қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттілік тууда.

Қолданылған әдебиеттер

  1. “Лизинг – инвестициядағы қолайлы әдіс” Исабекова Б. К.

  2. “ Қазақстан және даму өрісі” Алшанов Р.Т.

  3. “Лизингтік қызметтер нарығы” Исабаева С.Н.

  4. “Ақша, несие, банктер” Сейітқасымова С.Т.

  5. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 2 наурыз, 2010 жыл, Астана

  6. Я.Ә.Әубәкіров. «Жаһандану жағдайындағы ұлттық экономика», Алматы «Қазақ университеті», 2015ж. 19-24, 31-32 беттер

  7. С.Б.Мақыш «Ақша айналысы және несие» Алматы, 2011ж.462 бет

  8. Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы.

  9. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Оқу құралы. — Алматы: 2010.

  10. «Саяси экономия». Оқу құралы. КСРО ҒА мүше-корреспонденті- В.А.Медведев және академик Л.И.Абалкиннің басшылығымен. Москва-2009ж

  11. Я.Ә.Әубәкіров. «Рыноктық қайта құрулар жағдайындағы экономикалық теория». Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2012-160 -б.

  12. “Лизингтің жүйенің артықшылығы неде? Алтынғазин А.Р.

  13. К.Маркс «Капитал» ІІІ-том. 960- бет. Алматы, 2010 ж

  14. Экономикалық тоерия негіздері. Алматы «САНАТ» 2011

  15. Мамыров Н.Қ. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы: “Экономикс”, 2014

  16. Нарықтық экономика. Алматы, 2013

  17. Байтуғанов Ж.М., Әуелбаев С.Ш. Нарықтық экономика. Алматы, 2014

18

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]