Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.43 Кб
Скачать

5.Ю.Либихтің «Минимум заңына» түсінік беріңіз

Ю.Либихтың «Минимум заңы» - негізгі заң: кез-келген организм үшін белгілі бір фактор шешуші рөл атқарады, сол фактордың ең төменгі шегі оның жойылуына, өліміне әкеледі.

Лимитті факторлар түсінігін 1840 жылы химик Ю.Либих (1803-1873) енгізді. Топырақтағы әр түрлі химиялық зат мөлшерінің өсімдіктердің өсуіне тигізетін әсерін зерттей келе, ол келесі принципті мазмұндаған: «Түсім – минималды мөлшерде кездесетін затпен басқарылады және сол зат түсімінің көлемі мен уақыт бойындағы тұрақтылығын анықтайды». Басқаша атпен бұл принцип шектеуші фактор заңы немесе минимум заңы деп аталады. Қазіргі кезде Ю.Либихтің бұл заңы анағұрлым кең мағынаға ие болып мынадай анықтама берілген: «Факторлар жиынтығының ішінде қай фактор төзімділік шегіне жақынырақ тұрса, соның ықпалы күштірек болады». Мысалы, топырақтағы азот пен фосфордың мөлшері өсімдіктерге жеткілікті болса да темірдің, бордың немесе калийдің жеткіліксіздігін толтыра алмайды. Егерде осы элементтердің ең болмаса біреуі ғана қажетті мөлшерден топырақта аз болса, онда өсімдіктің өсуі тежеледі немесе патологиялық ауытқуларға ұшырайды.

Минимум заңы тек өсімдіктерге ғана қатысты емес тірі организмдердің бәріне қатысты, олардың ішіне адамдар да кіреді. Адам өз организміне жетіспейтін элементтерді минералды суларды немесе витаминдерді пайдалану арқылы толтырады.

Кейбір ғылыми еңбектерде ізденушілер минимум заңын келесі қағидамен толықтырғылары келеді, яғни организмге жетпейтін затты белгілі бір дәрежеде басқамен ауыстыруға болатынына немесе бір фактордың жеткіліксіздігін функционалдық немесе физикалық түрде ұқсас басқамен толтыруға болады. Бірақ-та қандай болса да бұндай мүмкіншіліктер өте шектеулі келеді. Мысалы, емшектегі балалар үшін ана сүтін жасанды қоспалармен айырбастауға болатыны белгілі, бірақ та өмірге келген бірінші күндері қолдан жасанды тамақ ішкен балалар, әдетте, диатезбен, тыныс жолдарының қабынуымен ауырады, тағы басқа аурулар түріне жиі шалдығады.

6.Жер бетіне және жер астына суларының негізгі ластаушы көздері және судың эвтрофикациясын түсіндіріңіз

7.Арал дағдысы.Себебі және салдарын түсіндіріңіз

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2, тереңдігі – 30-60 м, тұздылығы – 10-12%, болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түркіменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері – антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқынды дамыды (Шарадара).

Арал апатына себеп болған факторларға:

- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

- ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп

жіберу;

- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді

пайдаланбау;

- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны

меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған факторлар Арал экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын таратуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, теңізден ұшқан тұзды шаң, улы зәр Американың көк белдеуін, Австралия мен Голландияның гүлзарларын, Үндістанның шәй плантацияларын құртып, құрғатып, Гималайдың мұзарт шыңдарын, Мұзды мұхиттың мәңгі мұзын ерітіп, мұз тауларын су қылып ағызып жатыр. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.