- •Экология емтихан
- •1.Экология пәні оны негізгі мақсатын жазыңыз
- •2.Экологияның қазіргі құрылымына түсініктеме беріңіз:аутэкология,демэкология,синэко0логия
- •3.Экологияның зерттеу әдістерін жазыңыз
- •4.Экологиялық факторлар және олардың жіктелуін атап корсетіңіз.
- •5.Ю.Либихтің «Минимум заңына» түсінік беріңіз
- •6.Жер бетіне және жер астына суларының негізгі ластаушы көздері және судың эвтрофикациясын түсіндіріңіз
- •7.Арал дағдысы.Себебі және салдарын түсіндіріңіз
- •8.Судың химиялық,физикалық және биологиялық ластануының адам денсаулығына әсерін түсіндіріңіз
- •9.Жер бетінде халықтың санының өсуінің схемасы,экологиялық салдарын түсіндіріңіз
- •10. Қызыл кітап,оның маңызын түсіндіріңіз
- •11.Қоршаған ортаның химия және металлургия өндірістерінің қалдықтарымен ластануы
- •12.Қоршаған ортаның биологиялық ластануына сипаттама беріңіз
- •13. Атмосфераның экологиялық мәселелерін түсіндеріңіз
- •14.Тұрақты даму теориясы, стратегиялық құжаттарды атап көрсетіңіз
- •15.Қазасқтан Республикасының тұрақты даму саясатының болашағын түсіндіріңіз
- •16.Популяциялық экология-демэкология туралы түсінік беріңіз
- •17. Қауымдатық экология-синэкология туралы түсінік беріңіз
- •18.Биоценоз, биогеоценоз,экожүйе ұғымдарына анықтама беріңіз
- •19.Энергия ағыны және қоректік тізбектерге мысал келтіріңіз
- •20.Қазіргі кезеңдегі экологиялық негізгі дамту бағыттарны көрсетіңіз
- •21.Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер түрлері
- •22. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлар түрлері
- •23.Биологиялық ластаушылардың адам денсаулығына әсерін көрсетіңіз
- •24.Тасқын және су басу нәтижесінде пайда болған инфекциялық аурулардың таралу жолдарын түсіндіріңіз
- •26.Қазақстанның экологиялық жағдайлары. Мысал келтіріңіз
- •27.Табиғи ресурстар және оларға сиапттама беріңіз
- •28.Биосферадағы күкірт айналымын схема түрінде көрсетіңіз
- •29. Биосферадағы азот айналымын схема түрінде көрсетіңіз
- •Аммонификациялау
- •Мочевник
- •30.Қышқыл жаңбырлардың пайда болуын түсіндіріңіз
- •31. Топырақты антропогенді ластаушыларына сиапттама беріңіз
- •39. Қазақстан Республикасының ұлттық саябақтары.Олардың қызметін жазыңыз
- •Баянауыл ұлттық саябағы
- •44. Климаттың өзгеруі және «парниктік эффектісін» түсіндіріңіз
- •45. Қазақстанда ядролық қаруды сынаулардың салдарын түсіндіріңіз
28.Биосферадағы күкірт айналымын схема түрінде көрсетіңіз
Табиғаттағы күкірт айналымы барысында, төмендегідей химиялық реакциялар орын алады:
CaS + CO2 + H2O = CaCO3 + H2S
2H2S + O2 = 2 H2O + 2S
2S + 3O2 + 2H2O = 2 H2SO4
CaCO3 + H2SO4 = CaSO4 + CO2 + H2O
CaSO4 + CH4 = CaS + CO2 + 2H2O ® CaCO3 + H2S + H2O
Биосферадағы күкірт айналымының схемасын, төмендегі түрде бейнелеуге болады:
Н2SO4
Сульфаттар
S
Белок
Сульфиттер
H2S
29. Биосферадағы азот айналымын схема түрінде көрсетіңіз
Аса күрделілігіне қарамастан бұл айналым кедергісіз, әрі, тез жүзеге асырылады. Құрамында 80 % пайыз азоты бар ауа бір жағынан жүйенің ірі сыйымдылығы болса, екінші жағынан қорғаныс қақпағы болып қызмет етеді, ол азоттың айналымын үздіксіз, жасап отырады. Азот элементтерінің де өзге элементтер сияқты үлкен және кіші циклдерден тұрады. Келтірілген схема Р.Риклефс ұсыныс бойынша беріліп отыр.Мұнда ескере кететін жай бос күйіндегі азот топырақ құрамындағы бактериялардың қатысуының нәтижесінде өсімдіктер бойына сіңіріле алады
Жануарлар
мен өсімдіктер бойындағы азот қосылысы
Аммонификациялау
Аммоний
ионы ( NH)
Аммиак
(NH3)
Мочевник
Азоттың шала тотығы N O2 Бас күйіндегі азот N2
Нитриттер (NO2)
Өсімдіктер мен Нитрификация жан жануарлар ассимиляциясы және өнімдер
Нитраттар
(NO3)
Бактериялардың
азотты байланыстыруы
30.Қышқыл жаңбырлардың пайда болуын түсіндіріңіз
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-тен төмен жауын шашынды қышқыл жаңбырлар деп жүр. Қышқыл жаңбыр деген түсінік, осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл сөзді алғаш рет 1872 ж Британ зерттеушісі Роберт Смит ендіріпті.ХХ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген елдерде (алғашқыда Скандинавияда, одан соң АҚШ, Канада, Солтүстік Еуропа, Жапония және т.б.) жауған жаңбырлардың құрамында көп мөлшерде қышқылдар бар екені байқалған.Күкірт пен азот оксидтері металлургия өндірісінде және көмір, мұнай және әр түрлі газдар жанған кезде түзіліп, атмосфера құрамына енеді. Күкірт оксидінің ең көп мөлшері жылу электр станцияларынан бөлінеді, ал азот оксиді автомобиль көлігінде жанармай жанған кезде түзіледі.
Қышқыл жаңбырлар биосферада жүріп жатқан көптеген процестерге әсерін тигізеді. Қышқылдар топырақ құрамындағы өсімдіктердің өсіп-жетілуіне қорек болатын қажетті заттармен бірге улы ауыр және жеңіл металдардың (қорғасын, кадмий, алюминий т.б.) еруіне мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде түзілген улы заттар өсімдіктердің және топырақтағы ағзалардың бойына еніп, келеңсіз жағдайларға алып келеді. Мысалы, аздап қышқылданған судағы алюминий мөлшерінің 0,2 мг/л жетуі балықтар үшін өте қауіпті. Фитопланктондардың өсіп жетілуі күрт нашарлайды, себебі бұл процесті белсендіретін фосфаттар, алюминиймен қиын еритін – алюминий фосфаты қосылысын түзіп, ағза бойына сіңірілуі қиындайды. Алюминий – ағаштардың өсуін тежейді, ал улы ауыр металдардың (қорғасын, кадмий және т.б.) зиянды әсері алюминийден де аса жоғары.
Еуропада 25 елдің елу миллиондай гектар жері қышқылды жаңбырлардың және улы металдардың зардабын тартып отыр. Мысалы, Баварияның ормандары жоғалып бара жатыр. Карелияда, Сібірде, Ресейдің кейбір жерлерінде де осындай құбылыстар байқалып отыр. Мысалы, Англияда жауған жаңбырдың рН-ы төртке, ал әлемнің кейбір жерлерінде рН бұдан да төмен болған. Ең қышқыл жаңбыр Қытайда және Батыс еуропада байқалған. 1981 жылы Қытайдың ластанған аумағында жауған қардың қышқылдылығы (рН) 2,25-ке жеткен. Бұндай атмосфералық суды жануарға, адамдарға және басқа ағзаларға өте қауіпті қышқылдар ерітіндісі деуге болады. Бұл жаңбырдың әрбір литрінде – 0,3 г күкірт және азот қышқылдары бар екен. Тоқтала кететін болсақ, шаруашылықта қолданылып жүрген сірке қышқылының рН-ы 2,8-ге тең.
Қышқылды жаңбырдың әсерінен ормандардың құрғақшылыққа және ауруға төзімділігі нашарлайды. Қышқыл жаңбырлар көлдердегі судың да қышқылдылығын арттырады. Канада, Швеция, Норвегия және Финландияның оңтүстігіндегі көлдердің қышқылдылығы жылдан-жылға артып барады. 1975 ж мәліметтер бойынша АҚШ-тан 56% көлдің рН=5, ал осы өзендердің 90%-ында балық жоқ. Судағы балықтың құрып кетуі олармен тамақтанатын басқа жануарлардың жойылуына әкеледі.
