Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.43 Кб
Скачать

Экология емтихан

1.Экология пәні оны негізгі мақсатын жазыңыз

Экологияның негізгі мақсаты – биосферадағы тепе-теңдікті сақтау, оның бұзылу себептерін болжау және алдын алу. Сонымен қатар, биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондғы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.

2.Экологияның қазіргі құрылымына түсініктеме беріңіз:аутэкология,демэкология,синэко0логия

Экологияның қазіргі құрылымы: аутэкология, демэкология, синэкология. Аутэкология (грек. autos - өзі, жеке-дара және oikos - тұрғын үй, мекен жай) – экология ғылымының бір саласы. Аутэкология бір түрге жататын жеке-дара организмдердің (саңырауқұлақтардың, өсімдіктердің, ұсақ жәндіктердің, жануарлардың) немесе олардың таралымының тіршілік ететін ортамен қарым-қатынасын, әр түрлі сыртқы факторларға төзімділігін, сол ортаға физиологиялық және морфологиялық жағынан бейімделушілігін зерттейді. Сондай-ақ аутэкологияда өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктері мен жануарлардың мінез-құлқы, олардың жеке түр саны және биомассасының өзгеруі де бақыланады.

Қоршаған ортаға адамнан тәуелсіз Жерде пайда болған табиғи орта мен адам қолымен жасалған техногенді орта кіреді. Аутэкологияның міндеті – түрлердің алуан түрлі экологиялық жағдайларға (ылғалдану режиміне, жоғары және төмен температураларға, топырақтың сортаңдануына (өсімдік үшін), т.б.) физиологиялық, морфологиялық және т.б. бейімдіктерін анықтау. Соңғы жылдары аутэкологияда жаңа міндет пайда болды. Бұл міндет бойынша аутэкология орта ластануының әсеріне организмнің жауап қайтару тетіктерін қоса зерттейді. Аутэкология алғашқы рет экологияның жеке бөлімі ретінде ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910 ж.) қабылданды. IV Халықаралық экологиялық конгресте (Ұлыбритания, 1994 ж.) аутэкология тақырыбына арналған бірнеше баяндамалар жасалды.

Демэкология Популяциялар экологиясы – бір түрді дарақтардың табиғи топтамаларын, яғни популяцияларды (популяциялар, ішкі популяциялық таптар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларыды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын) зерттейтін экология бөлімі.

Синэкология (бірлестік экологиясы) – популяцияның, табиғи бірлестіктердің және экожүйенің бір-бірімен өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі. Синэкология Брюссельде өткен ІІІ Халықаралық ботаникалық конгресте (1910) экологияның жеке бөлімі ретінде танылды. Синэкология қазіргі фитоценология ғылымының баламасы ретінде қолданылады. Кейіннен синэкологияның зерттейтін нысандарының құрамына микроорганизмдер, саңырауқұлақтар және жануарлар жатқызылды. Қазіргі кезде синэкология биоэкологияның бір саласы деп қарастырылады. Бұл терминді алғаш рет ұсынған швейцариялық ботаник К.Шретер болды. Синэкологияның қалыптасуына даниялық гидробиолог К.Мебиустың (1825-1908) Солтүстік теңіздің таяз жағалауын мекендейтін устрица ұлуларының тіршілігін жан-жақты зерттеуі үлкен әсер етті. Ол устирца ұлуларының тіршілік әрекетіне судың тұздылығы, температурасы, мекен ететін ортасы, сондай-ақ ұлулармен бірге тіршілік ететін басқа да организмдердің бір-біріне әсері туралы қорытынды жасай отырып, ондай табиғи бірлестікті «biocenosis» деп атауды ұсынды. Қазіргі уақытта синэкология табиғи бірлестіктердегі энергия алмасу, қоректік тізбек, кеңістік пен уақытқа тікелей қатысы бар биологиялық сан алуан тіршілік, биогенді элементтердің айналымы, эволюциясы, организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, табиғи бірлестіктерді басқару, т.б. көптеген мәселелерді зерттейді.