- •Мекеменің сипаты
- •Тәжірибе өтетін мекеме мен кафедраның сипаты.
- •2 Дипломдық проект тақырыбы бойынша жұмыс пен зерттеу.
- •2.1 Зерттеудің мақсаты мен мәселелері.
- •7 Және 8 – сұйық жіберілетін каналдар, 9 – бұрғының сыртында газдарды сыртқа шығарып тұратын саңылаулар,
- •Дипломалды тәжірибе барысындағы мақсаттар мен мәселелер (ғылыми жетекшімен келісілген жасалған жұмыстың кестесіне сай).
- •2.5 Теориялық бөлім бойынша қорытындылар
- •Жұмыстың практикалық бөлімінің талдау нәтижелері.
- •Кафедра бөлімінде «Дипломдық проект тақырыбы бойынша жұмыс пен зерттеу» баяндамасы мен презентация.
- •Қорытынды (жасалған жұмыс бойынша шешімдер, дипломдық проекттің қорғауға дайындығының дәрежесі
- •Әдебиеттер тізімі.
- •6 Есепке қосымша
|
3 |
|
4 |
|
7 |
|
8 |
|
8 |
|
9 |
|
21 |
|
22 |
|
23 |
|
28 |
|
32 |
|
34 |
|
35 |
Мекеменің сипаты
Көкшетау мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы жоғары оқу орны. 1996 жылы 7 мамырда Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі,Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты және С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты негізінде ұйымдастырылды. Қарағанды политехникалық институтының бөлімшесі ҚҚарағанды политехникалық институтының құрамына 1972 жылы берілген Павлодар индустриалды институтының жалпы техникалық факультеті негізінде 1993 жылы құрылған. Институт Өндірістік және азаматтық құрылыс, Құрылысты басқару және экономика, Машина жасау технологиясы, т.б. салалар бойынша мамандар даярлады. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты 1962 жылы құрылған. Оның құрамында физика-математика, филология, жаратылыстану, шет тілдер, химия және биология факультеттері болды. 1965 жылы институтқа Ш.Уәлиханов есімі берілді. С.Сәдуақасов атындағы ауыл-шаруашылық институты 1991 жылы Целиноград ауыл-шаруашылық институты негізінде құрылған. Құрамында агрономия, зооинженерия, ауыл-шаруашылығын механикаландыру және экономика факультеттері болды. 3 жоғары оқу орны біріктірілгеннен кейін, құрамындағы (күндізгі және сырттай бөлімдерде) филология,экономика, шет тілдер және тарих, инженер-педагог және ауыл-шаруашылығы факультеттерінде 32 мамандық бойынша 5000-нан астам студент білім алады. Университеттің материалдық және ғылыми-техникалық базасы қалыптасқан. Электрондық баспа техникасы, машина-трактор оқу паркі, дәнекерлеу және жөндеу шеберханалары, жастар орталығы, студенттердің жаздық спорттық-сауықтыру кешені, кітапхана, дәрігерлік орталық, “Арасан” сауықтыру кешені жұмыс істейді. Униветситет жанында гимназия және лицей, магистратура, аспирантура, кәсіптік мамандық бойынша оқытуға маманданған оқу орталығы жұмыс істейді. Университетте оқулықтар, ғылыми еңбектер, монографиялар, “Алау” газеті шығарылады, республикалық және халықаралық конференциялар, “Уәлиханов оқулары” өткізіледі. Ресей, Египет, Польша, АҚШ, Канада, Германия ғылыми орталықтарымен байланыстар орнатылған. Агро-техникалық және экономикалық мамандықтар бойынша Еуропалық Одақ ұйымының “Тасис” және “Темпус” бағдарламаларына қатысады. Университетте спорттық үйірмелер, көркемөнерпаздар шығармашылық ұйымы жұмыс істейді. Университет спортшылары боксшы Р.Б. Мусинов 2-Азия ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы; жеңіл атлет А.В. Князев – Қазақстан Республикасының чемпионы.
Тәжірибе өтетін мекеме мен кафедраның сипаты.
Физика және ОӘ кафедрасындағы берілген мамандығының мамандарын даярлаудың жүзеге асуы.
Кафедра тарихы Физика-математикалық факультет 1962 жылы құрылды және университеттің ең көне факультеттерінің бірі болып табылады. Егер 1962ж. тек математика және физика кафедралары пайда болса (Тюлюбекова А.А. меңгеруімен), 1965ж. қарай екі кафедра физика-математика факультеті болып кеңейтілді және оның құрамына жеке математика кафедрасы, жеке физика кафедрасы енгізілді. Физика кафедрасының меңгерушісі болып осыған дейін орта-арнайы білім беру аймағында қызмет жасаған Берлеев Ш.И. тағайындалды. Кафедрада Тюлебеков А.А., Володарский В.Е., Жапаров Ж.Ж., Субханкулов В.Г., Демин В.Г. секілді оқытушылар жұмыс жасады. 1965 жылы физика-математика факультетінде 9 оқытушы жұмыс жасады. Тюлебеков А.А. 1962 жылдан 1975 жылға дейін физика-математика факультетінің деканы қызметін атқарды, математика кафедрасын аға оқытушы Майсаканов С.Ж. басқарды. 1963-1965 жылдары математика кафедрасының әдістемелік негізін құру үшін қала мектептерінен Абдрахманов Р.А., Марченкова Т.П. секілді математика мұғалімдері шақыртылды. 1965 жылы кафедраға С.М.Киров атындағы ҚазМУ аспирантура түлегі Байтасов К.С., ал 1966 жылдың желтоқсанында Гусманова А.Г. келді. 1965 оқу жылында математика кафедрасына Көкшетау қаласының №21 теміржол орта-мектебінде математика және физика мұғалімі болып істеген Кожабаев К.Г. шақыртылды . Сол жылы математика кафедрасы жоғары математика (кафедра меңгерушісі Чугунов В.П.) және элементарлық математика (кафедра меңгерушісі Марченкова Т.П.) болып 2 кафедраға бөлінді. 1966-1967 жылдары факультетте механика және молекулярлық физика, электр, электр-радиотехника зертханалары, физика әдістемесі, оқу шеберханалары, математика кабинеті, деканат және кафедра кабинеттері ашылды, 5 ВВН-2 машиналары, зертханаларға арналған жаңа құрылғылар және әр түрлі оқу- әдістемелік жинақтарымен қамтамасыз етілді. Сол кездері физика-математика факультетінде 366 студент білім алды, олардың жартысы Крупской, 61 көшесіндегі институт жатақханасында тұрды. 1966 жылы факультет кафедрасына ҚазМУ аспирантура түлектері Баймуканов Ж.А., Булатов П.К. (шілде 1966 ж.) және Мусабаев К.К.(шілде 1966 ж.) келді. 1965-1970 жылдары педагогикалық институтқа математика оқытушылары Акжарова О.Д., Базилин К.Б. және т.б.; в 1970-1980 жылдары – Вайдеман А.А., Сейтенов С.М., Искакова Н.М., Жумадилова А.Ж., Маликов Т.С., Мусабеков К.С., Домалевский С.С., Есмуханов М.Е., Куттыкожаева Ш.Н., Ларионова С.В., Пахомова Л.Ф., Мурадилова Г.С., Кенжебекова Р.Н. және т.б. келді. Олардың кейбіреулері зейнеткерлік демалыста,басқалары әлі күнге дейін Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-де қызмет етіп келеді Әр жылдар бойы кафедра меңгерушісі қызметін атқарғандар:
2007-2009жж. - т.ғ.д., профессор Байшагиров Х.Ж.,
2008 - 2012 жж. - ф.-м.ғ.д., профессор Мухамедин С.М.
2009-2014 жж. - ф.-м.ғ.д., профессор Құттықожаева Ш.Н.
2014 жылдың қазан айынан бастап біріктірілген физика және математика кафедрасының меңгерущісі - п.ғ.к. Дамекова С.К.
.
Қазіргі уақытта Физика және математика кафедрасының ОПҚ саны 20-дан асады: оның бірі физика-математикалық ғылым докторы, ҚР ҒЗА корреспондент-мүшесі, профессор Кұттықожаева Ш.Н., екеуі техникалық ғылым докторы-академик МАНЭБ ДОИ ООН бойынша Байшагиров Х.Ж. және профессор Мухамедин С.М., үшеуі педагогика ғылымының докторы профессор Кожабаев К.Г., профессор Маликов Т.С., доцент Хамзина Б.Е., төрт физика-математика ғылымының кандидаттары - профессор Аширов Р.Р., профессор Симакин М.В., профессор Мусабаев К.К., доцент Баймуканов А.Т. , үш педагогика ғылымының кандидаттары - доцент Кожабаев Р.Г., доцент Турткараева Г.Б., аға оқытушы Дамекова С.К., және алты аға оқытушы мен үш ғылым магистрлері.
Дәреже сапасының деңгейі 65% құрайды.
Оқыту орта білім беру базасы бойынша күндізгі формада жүргізіледі, колледж базасында қысқартылған формада; орта мамандандырылған және жоғарғы білім базасында сырттай оқу формасы бекітілген. Оқудың қаржылық негізі – мемлекеттік гранттар мен ақылы негіздер.
Студенттердің сапалы білім алу үшін кафедра 16 оқу аудиторияларымен қамтылған, 4 компьютер лабораторияларымен, 4 физикалық лабораториямен, математика кабинетімен, 2 мультимедиалық кабинетпен, кітапханалық қоры мол, 50 мың дана оқыту әдістемелік және ғылыми әдебиеттер.
Факультетте екі қаржылық ғылыми-зерттеу лабораториялары: «Жел энергетикасын орналастыру және композиционалды материалдар лабораториясы» (лаборатория жүр. т.ғ.д., академик Байшагиров Х.Ж.), «Жоғары және орта мектептегі дидактика лабораториясы» (лаборатория жүр. п.ғ.д., профессор Кожабаев К.Г.).
Кафедра келесі мамандықтар бойынша бакалавриатқа және магистранттарға дайындықтар жүргізеді:
5B010900-Математика (бакалавр)
5B010900-Физика (бакалавр)
Математика (физика) бакалавры орта мектептің, бастауыш және орта кәсіби оқу орындарында математика, математика және информатика мұғалімі ретінде қызмет атқаруға мүмкіндік алады.
6М060100 – Математика (магистратура) (ғылыми бағытта)
6М010900 – Математика (магистратура) (педагогикалық бағытта)
6М060400 – Физика (магистратура) (педагогикалық бағытта)
Математика (физика) магистрі жоғары оқу орындарында ассистент, математика (физика) оқытушысы, халыққа білім беру мекемелерінде әдіскер, ғылыми қызметшісі, ғылыми-зерттеу институттары мен лабораториялардың ғылыми топ жетекшілері, қазіргі компьютерлік технологияларды қолданатын есептеуіш орталықтары мен бизнес-фирмаларда, өнеркәсіп және басқару ұжымдарының мамандары, жетекші инженер қызметтерін атқара алады.
Т.ғ.д. Х.Ж. Байшагировқа және п.ғ.д. К.Г. Қожабаевқа «ЖОО Үздік оқытушысы - 2007» гранттары берілді. Ф-м.ғ.д. Куттыкожаева Ш.Н. және п.ғ.к. Турткараева Г.Б. «ЖОО Үздік оқытушысы- 2008» гранттары берілді.
Кафедра оқытушылары ғылыми жобалармен айналысады, оқу құралдары жане оқу-әдістемелік құралдарды басып шығарады, электронды кітаптар және электронды анықтамалықтар шығарды . Қазақстан баспаларынан және көршілес және шет елдердің баспалрында шыққан көптеген ғылыми шығармалары бар .
Факультеттің ең көне кафедраларының бірі физика және математика кафедрасы болып табылады.
Бүгінгі Физика таңда ОПҚ және математика кафедрасында шет тілін үйретумен қатар орта және жоғары білімді студенттер үшін " қарапайым математика " пәнін ағылшын тілінде оқытуда.
