Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НУРКЕН ТММ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.56 Mб
Скачать

21.Механизмнің негізгі түрлері.Механизмдердің еркіндік дәрежелері.

Механизмдер әртүрлі белгілеріне қарай классификацияланады. Механизмдер жоғарғы және төменгі жұпты механизмдерге бөлініп, олар жазық және кеңістік бола алады.Қозғалыстағы барлық нүктелері параллель жазықтықтарда қозғалатын механизм жазық механизм деп аталады, ал егер звеноларының қозғалыстағы нүктелері жазық емес траекторияларды сызса немесе траекториялары қиылысатын жазықтықтарда жатса, ондай механизм кеңістік механизм деп аталады. Төменгі жұпты механизмдердің ең көп тараған түрі – иінтіректі, сыналы және бұрамалы, ал жоғарғы жұптылар – жұдырықшалы, тісті, фрикционды және т.б. Механикалық жүйенің еркіндік дәрежесінің саны (Н) деп жүйенің тәуелсіз орын ауыстырулар санын айтады. Кеңістікте еркін қозғалатын қатты дененің еркіндік дәрежесі алтыға тең: үшеуі қозғалмайтын координаттар осьтерінің бойымен мүмкін орын ауыстыруы, ал үшеуі - осы осьтердің айналасында айналуы.Кеңістікті мех-ң еркіндік қозға-с дәрежесі И.И.Артаболевскийдің классикасы бой-ша Сомов-Малышевтің форм-сымен анықталады. n-мех-ң қозғалмалы звеноларының саны,р5-мех-ң 5-ші классты кин.жұп саны, р4-мех-ң 4-ші кин.жұп саны.т.с.с.

22. Өздігінен тежелу. Қысым бұрышы. Механзмнің пайдалы әсер коэффициенті. Үйкеліс күштері диссипативті, яғни бұл күштер жүйеге әсер еткенде әрқашан толық механикалық энергия азаятындай күштерге жатады. Үйкеліс күштерінің жасайтын жұмысы жылуға айналып тарап кетеді. Сол себептен үйкеліс күшінің қуаты қуаттың үйкелістегі шығындары, немесе қысқаша, үйкелістегі шығындар деп аталады. Неғұрлым үйкелістегі шығындар аз болған сайын механизм соғұрлым жетілген деп саналады. Осы шығындарды бағалау үшін механизмнің пайдалы әсер коэффициенті (п.ә.к.) деген ұғым енгізілген.Механизмнің циклдық және лездік п.ә.к. болады. Механизмнің циклдық п.ә.к. деп қалыптасқан қозғалыстың циклындағы пайдалы жұмыстың қозғаушы күштер жұмысына қатынасын (пайдалы жұмыстың жұмсалған жұмысқа қатынасы) айтамыз.

МАшина қозғалысында пайдалы кедергі күштер жұмысының қозғаушы күштер жұмысына қатынасын оның пайдалы әсер коэффициенті деп атайды.

машина тоқтайды.

Қысым бұрышы – жылдамдық пен күш арасындағы бұрыш.

24. Дифферциалды механизмдердің кинематикалық анализі. Егер планетарлы механизмдегі 3 – дөңгелекті босатсақ, онда механизмнің еркіндік дәрежесі екіге тең болады. Мұндай механизмдер дифференциалдар деп аталады. Дифференциалдар төмендегі мақсаттарда қолданылады:

  1. Екі жетекші звено қозғалысын жетектегі звеноға беру үшін (самолеттер механизмдерін басқаруда, есептеу машиналарында т.б.);

  2. Бір қозғалысты өзара тәуелсіз екі қозғалысқа жіктеу үшін (мысалы, автомобиль карданының қозғалысы екі жетекші дөңгелекке беріледі).

Егер тісті механизм жай немесе көп сатылы механизм мен планетарлық (дифференциалдық) механизмнен құралған болса, онда оның кинематикасы әр тізбектің кинематикасын жеке қарастыру арқылы шешіледі.

,