Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фтизиатрия 4к ЖМ Мед.симул. Плеврит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
308.22 Кб
Скачать

«Туберкулезді экссудативті плеврит» клиникалық жағдайы бойынша жауаптардың эталондары

Қадамдарды бағалау критериялары

1

Шағымдарын жинау

Рет ретімен және жүйелі өткізді, барлық анықтау сауалдарын қойды

2

Аурудың анамнезін жинау.

Жүргізілген шаралар кезегімен бағаланды, дұрыс жүргізілді.

3

Өмір анамнезін жинау.

Қауіп-қатер фвкторлары кезегімен ескеріліп, дұрыс жүргізілді.

4

Эпидемиологиялық анамнезін жинау.

Науқас ауру адаммен қатынаста болмаған, эпиданамнез анықталмады.

5

Аурудың ауырлығын анықтау критериялары

Орташа интоксикация симптомдарын және тыныс жетіспеушілігін ескерсе жалпы хал күйі орташа ауырлықта. Жалпы әлсіздік, терлегіштік, тәбеттің нашарлауы. Дене салмағы төмен, тері жабындысы құрғақ және бозғылт, денесінің температурасы 38°С.

6

Физикальды зерттеу жүргізу – жалпы қарап тексеру

Барлық ағзалар мен жүйелер бойынша қарап тексеру жүргізілді. Астения, дене салмағын жоғалтқан (10 кг астам салмағы азайған), тері жабындысы құрғақ және бозғылт, денесінің температурасы 38°С, шеткі лимфа бездері үлкеймеген, мұрнымен еркін тыныс алады.

7

Физикальды зерттеу жүргізу - тыныс алу жүйесі

Кеуде торшасын қарап тексерді. Физикальды зерттеуді дұрыс жүргізді және тыныс алу жүйесінің перкуторлы және аускультациялық мәліметтеріне дәйекті дұрыс талдау берді.

9

Болжама диагноз

Науқастың шағымдары: 38оС дейін температурасының көтерілуі, кеудесінде ауру сезімі, ентігу, жалпы әлсіздік; аурудың анамнезі: кең спектрлі антибиотиктермен жүргізілген емнің нәтижесіздігі, дене қызуының субфебрилді деңгейде болуы, жалпы әлсіздік және терлегіштік фонында кеуде ауру сезімінің және ентігудің сақталуы - плевриттің спецификалық этиологиясына күмәндандандырады және аурудың диагностикасы мақсатында қосымша зерттеулерді қолдану қажет етеді.

10

Зерттеу жоспарын белгілеу

Қанның және зәрдің жалпы анализы, қанның биохимиялық анализы, ТМБ-на қақырық бактериоскопиясы және G-xpert, плевралды экссудаттың анализы, кеуде торша рентгенографиясы, плевра қуысының УДЗ әдісі.

11

Ажырату диагностикасының жоспары

Ажырату диагностикасы:

- бейспецификалық плеврит,

- ісіктік плеврит.

12

Лабораториялық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау

Қан анализінде орташа лейкоцитоз, эозинофилия, лимфоцитопения, жылдамдатылған ЭШЖ. ЗЖА, қанның биохимиялық анализы қалыпты

13

ТМБ-на қақырық микроскопиясының нәтижелерін талдау.

Қақырық микроскопиясы - 3 анализінде теріс нәтиже берді. G-Xpert әдісі ТМБ оң нәтиже берді, рифампицинге сезімталдық сақталған.

ВАСТЕС, баксебінді - оң нәтиже берді, рифампицинге сезімталдық сақталған.

14

G-Xpert нәтижесін талдау

Қақырық анализінде - теріс нәтиже,

Плевральды экссудатта – (+) оң нәтиже, рифампицинге сезімталдық сақталған.

15

Плевральды экссудаттың нәтижесін талдау

Экссудата – серозды сүйықтық, лимфоцитарлы (100%), белок мөлшері жоғарлаған (6%), Ривальт сынамасы оң (++).

16

Кеуде торша ағзаларың рентгенограммасын талдау.

оң өкпенің төмеңгі бөлігінде жоғарғы көлденең контуры тегіс емес біртекті (гомогенді), интенсивті күңгірттену көрінеді – бұл өзгерістер оң жақты экссуативті плевритті дәлелдейді.

17

Туберкулезбен ауыратын пациенттің типін және категориясын анықтаумен жіберілген диагнозын көрсету

Диагноз: туберкулезді экссудативті плеврит, ТМБ (-),

1 категория, типі «Жаңа жағдай».

18

Химиотерапияны тағайындау

Қарқынды фазасын бірінші қатардағы негізгі препараттармен (изониазид + рифампицин + этамбутол + пиразинамид) 2-4 ай емдеу.

Жалғастыру кезеңі - 4 ай екі химиопрепаратпен изониазид және рифампицин.

19

Ем тиімділігін бақылау

2 айлық емнен кейін (химиотерапиядан кейін):

  • Аурудың клиникалық-рентгендік динамикасын бағалау;

- ТМБ-на 2 рет қақырық бактериоскопиясы.

20

Пациентпен оңтайлы қарым қатынасты құру және қорқыныш сезімін басу.

Пациентпен сенімді қарым қатынас орнатылды.

Дәрігердің қойған барлық сауалдарына адекватты дұрыс жауап берді.