- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
- •Ауру тарихы
- •Паспорттық бөлім
- •Anamnesis morbi/Ауру анамнезі
- •Anamnesis vita/Өмір анамнезі
- •Status praesens/Объективті статус
- •Тыныс алу жүйесі
- •Жүрек - қан-тамыр жүйесі
- •Асқорыту жүйесін тексеру
- •Нейро-эндокриндік жүйесі.
- •Алғашқы диагноз және оны негіздеу
- •Зерттеу жоспары:
- •Лабораторлы зерттеулер:
- •Коагулограмма 07.04.2017
- •Коагулограмма 11.04.2017
- •Ажыратпалы диагноздың 2 кезеңі: Өкпе инфарктісі
- •Перифериялық өкпе рагы
- •Өкпенің инфильтрациялы туберкулезі.
- •Өкпенің бөліктік пневмониясы.
- •Клиникалық диагнозды негіздеу:
- •Емдік жоспары
- •Шығару эпикризі: Паспорттық бөлім
- •Anamnesis morbi/Ауру анамнезі
- •Anamnesis vita/Өмір анамнезі
- •Status praesens/Объективті статус
- •Коагулограмма 07.04.2017
- •Коагулограмма 11.04.2017
- •Емдік жоспары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Асқорыту жүйесін тексеру
Ауыз қуысы таза, тілі жабындымен жабылмаған, кілегей қабаты құрғақ, таза. Бадамша бездері ұлғаймаған, жабындымен жабылмаған.
Тілі - ашық-қызыл түсті, бүртіктері көрінеді.
Іші үлкейген-тері асты шел май қабатына байланысты.
Беткей пальпация: іші жұмсақ, эпигастрий, алдыңғы бұлшық ет ауырсынуы байқалмайды.
Терең пальпация: сигма тәрізді ішек, соқыр ішек , мықын ішек, тоқ ішек, асқазан өзгермеген, қалыпты жағдайда.
Аускультация іш перистальтикасы сақталған. Құрсақ аортасында тамырлық шуылдар естілмейді.
Бауыр және өт жолдары.
Қарау:бауыр аймағында деформациясы жоқ.Тері,тамырларының кеңеюлері анықталмайды.
Образцов – Стражеско – Василенко бойынша іштің терең пальпациясы
Ішек |
Орналасуы және сипаты |
Сигма тәрізді ішек |
Сол жақ мықын аймағында ,ұзындығы 8 см,цилиндр тәрізді,ені 2см,тығыз,серпімді,жұмсақ,ауырсынусыз,құрылдар естілмейді |
Соқыр ішек |
Оң жақ мықын аймағында ,ауырсынусыз,цилиндр тәрізді,тығыз ені 2 см,қозғалмалы 1 см,әлсіз құрылдар естіледі |
Тоқ ішектің жоғарлаған және төмендеген бөлімі |
Іштің оң және сол жақ латералді аймағында орналасқан Цилиндр тәрізді ауырсынусыз,ені 2 см,беткейі тегіс,тығыз құрылдар жоқ |
Тоқ ішектің көлденең бөлімі |
Асқазан түбінен 2-3 см төмен орналасқан ,диаметрі 3 см,консист тығыз,цилиндр тәрізді,қозғалмалы,аурсынусыз,құрылдар жоқ |
Асқазан түбі |
Кіндіктен 3 см жоғары бөлікте орналасқан .Беті тегіс,шұрылдамайды,ауырсынусыз |
Асқазан қалтасы |
r .hypochondricae аймағында орналасқан,ауырсынусыз, шұрыл жоқ |
Өтқабыпальпацияланбайды. Ортнер, Мюсси, Мерфисимптомдарытеріс.
Көкбауырпальпациядаанықталмайды.
Пальпацияда:
Бауырдың пальпациясы:төменгі қыры оң жақ қабырға доғасынан шықпайды,шеті тегіс,ауырсынусыз.
Бауырдаң Курлов бойынша перкуссиясы:
Бауырдың жоғарға шекарасы:
Сызықтар |
Орналасуы |
l. parasternalis бойынша |
Оң жақта VII қабырға |
2. l. Axillarisanterior бойнша |
Сол жақта VII қабырға |
Бауырдың төменгі шекарасы
l.medioclavicularisбойнша |
9см |
l. mediana anteriorбойнша |
8см |
Сол жақ қабырға доғасы |
7см |
Нәжіс тұрақты, формалы, потологиялық қосындыларсыз
Зәр шығару жүйесі
Зәр шығару жүйесіне шағымы-полиурия.
Бет, көз, бел аймағында ісіну жоқ, визуальды қарағанда өзгерістер жоқ.Бүйректің терең пальпациясы ауырсынусыз, пальпацияланбайды.Соғу симптомы екі жақтан да мәнсіз (-). Қуық пальпацияланбайды. Несеп шығару еркін, ауырсынусыз.Зәр шығару күніне 4-5 рет,жиі аз мөлшерде.
Нейро-эндокриндік жүйесі.
Науқас сана-сезімі қалыпты, айналадағы құбылыстарды айыра алады,барлық сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Дәм, иіс, көру, есту сезімдері өзгермеген.
Ромберг қалпында –төзімді.
Есте сақтау қабілетінің, сезімталдылықтың төмендеуі анықталмайды.
Қалқанша безін пальпациялағанда ұлғаймаған.
Мүшелерінің жансыздануы, салдануы, қалшылдауы байқалмайды.
Кірпік, қарашық, тізе, өкше, және т.б. рефлекстері сақталған.
Сүйек-бұлшықет жүйесі
Тері қабаты қалыпты түсте,құрғақ,гидрофильділігі төмендеген.Өкшесі құрғақ,жарықшақтар жоқ,төменгі аяқ саусақтарының деформациясы байқалмайды.
Симптомдар мен синдромдарды бөліп алу:
Науқастың шағымдарына,анамнездік мәліметтерге,объективті тексерулерге сүйене отырып, келесі синдромдармен симптомдардытоптадым:
Синдромдар: |
Симптомдар: |
Гипергликемиялық синдромы |
қандағы қант мөлшері жоғарылауы |
Астеновегетативті синдромы |
науқаста бас ауыры,бас айналу, тез шаршағыштық,есте сақтау қабілетінің төмендеуі,жалпы әлсіздік |
Артериялық гипертензия синдромы |
АҚ жоғарылауы |
Өкпенің тығыздалу синдромы |
Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, ұсақ көпіршікті сырылдар |
Инсипидарлы синдромы |
шөлдеу,аузының құрғауы,полиурия |
Аталған синдромдардың ішінде науқастың жағдайын нашарлатқан жетекші синдром –ауырсыну синдромыболып табылады.
Графо – логикалық құрылым:
Артериялық гипертензия синдромы:
Гипергликемиялық синдромы:
Астеновегетативті синдромы:
Инсипидарлы синдромы:
Ажыратпалы диагноздың I кезеңі.
Өкпе тінінің тығыздалу синдромы келесі ауруларда кездесуі мүмкін:
Өкпе инфаркттісі
Перифериялық өкпе рагы
Өкпе тінінің инфильтративті туберкулезі
Өкпенің бөліктік пневмониясы
Өкпе инфарктісі
Өкпе инфарктісі пульманологиялық аурулардың ішінде сирек кезеді 8-12%.Өкпе инфарктісімен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша гиперкоагуляциялық, кардиальды, церебральды, ырғақтың бұзылу синдромы, гипотония, плевра қуысына сұйықтық жиналу, диспепсиялық,абдоминалды синдромдарымен көрінуі мүмкін.
Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: зақымдалған аймақта ауырсыну және серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: өкпенің инфаркт алған бөлігінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы; аускультацияда: қатаң бронхиальды тыныс, плевраның үйкеліс шуы, кейде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының оң жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде , жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі оң жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, сол жақ жауырын асты аймағында, оң жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: оң жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.
Бронхтық- қабынулық синдромы: өкпе инфактісіне алқызыл қанды қақырықты жөтел тән. Ал менің науқасымда жөтел жасыл-сары түсті шырышты қақырықпен жүреді.
Өкпе инфарктісінде орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпе инфарктісі ауруын жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА; аспаптық: рентгенография, ЭКГ.
Перифериялық өкпе рагы
Перифериялық өкпе рагымен 100 мың адамға шаққанда 36 адам ауырады. Көп жағдайда ер кісілер 66%. Перифериялық өкпе рагымен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша астено-вегетативті, артралгиялық, астеникалық, паранеопластикалық, т.б. асқыныстарына байланысты әр түрлі синдромдармен көрінуі мүмкін.
Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: ауырсыну және серпімділігі төмендеген, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы немесе өзгеріссіз қалыпты болуы мүмкін; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, стридор естіледі, сырылдар естілмейді.
Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының оң жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі оң жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың оң жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, оң жақ жауырын асты аймағында, оң жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: оң жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.
Перифериялық өкпе рагынде орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра перифериялық өкпе рагын жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА; аспаптық: рентгенография.
Өкпенің инфильтративті туберкулезі
Өкпенің инфильтративті туберкулезімен көбінесе ересек адамдар ауырады. Өкпенің инфильтартивті туберкулезімен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі. Бұл ауруда тағы қосымша астено-вегетативті, астеникалық, синдромдармен көрінуі мүмкін.
Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: Воробьев Поттенджер симтомы оң, дауыс дірілі күшейген болады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, бронхиалды тыныс және дем алғанда естілетін әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.
Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының оң жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі оң жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың оң жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, оң жақ жауырын асты аймағында, оң жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: оң жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.
Өкпенің инфильтративті туберкулезі орын алатын синдромдар менің науқасымда да сәйкес келеді, бірақ қосымша синдромдар менің науқасымда жоқ. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпенің инфильтративті туберкулезін жоққа шығарамын. Бірақ бұл қосымша зерттеуді қажет етеді: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, қақырықты егу (Кох таяқшасын анықтау үшін), рентгенография және де фтизиатр консультациясы.
Өкпенің бөліктік пневмониясы
Өкпенің бөліктік пневмониясымен ауыратын науқастарда менің науқасымда бар өкпе тінінің тығыздалу, бронхтық-қабынулық, ауырсыну, интоксикациялық, тыныс жеткіліксіздігі синдромдары кездеседі.
Бұл ауруда өкпе тінінің тығыздалу синдромы: пальпацияда: зақымдалған аймақта ауырсыну, дауыс дірілінің күшеюі анықталады; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың қысқаруы немесе тұйықталуы; аускультацияда: везикулярлы тыныстың әлсіреуі, бронхиалды тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Ал менің науқасымда: пальпацияда: кеуде қуысының оң жақ төменгі бөлігінде тыныс алу актісінде, жөтелгенде ауырсыну , дауыс дірілі оң жақ кеуде қуысының төменгі бөлігінде күшейген; перкуссияда: перкуторлы дыбыстың сол жақ кеуденің төменгі бөліктерінде қысқаруы, оң жақ жауырын асты аймағында, оң жақ қолтық алды, қолтық орта, қолтық арты сызықтарында тұйықталуы, аускультацияда: оң жақ өкпенің жауырын асты аймағында, қолтық алды, қолтық артқы, қолтық ортаңғы сызықтары бойында – везикулярлы тыныстың әлсіреуі және ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естілді.
Өкпенің бөліктік пневмониясы орын алатын синдромдар менің науқасымдағы синдромдармен сәйкес келеді. Аталған синдромдар мен физикалды зерттеу мәліметтеріне сүйене отыра өкпенің бөліктік пневмониясы диагнозын қоямын. Нақтылау үшін қосымша зерттеулерді жүргізу қажет: лабораторлы: ЖҚА, ЖЗА, ҚБА, жалпы қақырық анализі, рентгенография.
