Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
история он.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.76 Кб
Скачать

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

«№2 ішкі аурулар» кафедрасы

Ауру тарихы

Науқас:Макашев Токтар Казкенович

Клиникалық диагнозы:Ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы,орташа ауырлық дәрежесі, ТЖ ІІ.Қант диабеті 2 тип,орташа ауырлық дәрежесі.Инсулинге тәуелді.Артериялық гипертензия 3 ст. 4 риск. СЖЖ 1ФК 2.

Каф.мең.: доцент, м.ғ.к. Ларюшина Е.М.

Оқытушы:Койгельдинова Ш.С.

Куратор: Ермекбай О.Н.

4-051 топ студенті ЖМФ

Қарағанды 2017 жыл

Паспорттық бөлім

Тегі, аты, әкесінің аты: Макашев Токтар Казкенович

Туған күні, айы, жылы мен жасы: 15.01.1959ж (58жас)

Ұлты: қазақ

Жынысы: ер

Жұмыс орны:Жұмыссыз

Тұрғылықты мекен–жайы: Қарағанды обл.,Шет ауд.,Жамбыл ауылы

Түскен күні, уақыты:07.04.2017 ж

Жолданған ұйымның диагнозы:Бактериалық пневмония

Түскен кездегі диагноз: Бактериалық пневмония

Клиникалық диагнозы:.Ауруханадан тыс дамыған оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы,орташа ауырлық дәрежесі,ТЖ ІІ.

Қант диабеті 2 тип,орташа ауырлық дәрежесі.Инсулингетәуелді.Артериялық гипертензия 3 ст. 4 риск. СЖЖ1 ФК-2

Түскен кездегі шағымдары:науқас бас ауыруына,дене қызуының 39ºC дейін көтерілуі,жөтел,сары-жасыл түстү ылғалды қақырық, оң жақ кеуде тұсының ауырсынуы,жалпы әлсіздікке, түнгі тершеңдік, аз ғана физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, қалтырауға, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданған.

Курация кезінде:шаршағыштық,әлсіздік,ауызының кебуіне,басының ауыруы мен сары-жасыл түсті қақырықты жөтелге шағымданады.

Anamnesis morbi/Ауру анамнезі

Науқас өзін желтоқсан айынан бастап , ауырсыну мен қиын түсетін сары түсті қақырықты жөтелге байланысты аурумын деп санайды. Ауруын ешқандай себеппен байланыстырмайды. Үй жағдайында емделген, қабылдаған препараттары-АЦЦ,Муколтин,парацетамол. 05.04.2016 бастап дене температурасының 39ºC-қа дейін көтеріліп, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің қатты шаншып ауырсынуы, қалтырау, түнгі тершеңдік , жалпы әлсіздік, жұмысқа қабілетінің төмендеуі қосылған. 07.04.2017 күні жағдайы күрт нашарлауына байланысты жедел-жәрдем шақырған. Науқастың ауыр жағдайына байланысты жедел- жәрдеммен ауруханаға жалпы терапия бөліміне госпитализацияланған.

Anamnesis vita/Өмір анамнезі

1959ж. Қарағанды облысы,Шет ауданы,Жамбыл ауылында дүниеге келген. Дамып-жетілуі жасына сай, ақыл-есі, физикалық дамуы жағынан өз қатарынан қалмаған. Әйелі және 2 ұл 1 қызы бар.6 жыл бұрын жүргізуші болып жұмыс жасаған. Қазіргі уақытта жұмыссыз.

Науқаста 2011 жылы 52 жасында инсипидарлы синдромның алғашқы көрінісінтерін (шөлдеу,полиурия,ауыз кебуі)бере бастаған.Науқас тұрғылықты жеріндегі ауруханаға көрінген.Қаралған кезде:гипергликемия 24,0 ммоль\л анықталған.Қант диабетінің екінші типі диагнозы қойылған.Диспансерлік тіркеуге алынып инсулинотерапияға көшірілген.Қант мөлшерін азайтуға арналған дәрі-дәрмектер қабылдаған.Өзімен бірге глюкометр алып жүреді,гликемияны сирек тексеріп тұрады.Гликемия экскурсиясы:min-5,0ммоль\л,max-14,0 ммоль\л.Диеталық режимді ұстануға тырысады.Қазіргі уақытта Хумагол:таңғы ас алдында-12-14БІР ,кешкі ас алдында-16БІР қабылдайды. Апидра 4 БІР 1рет\тәу түскі ас алдын.2011 жылы сонымен Артериялық гипертензия анықталған. Қан қысымы 240/110-ға дейін көтерілген. Энап 10мг күндігіне қабылдаған.Ем оң әсерін берген. Жыл сайын ем қабылдап тұрады. 2014 жылы Артериялық гипертензия қайта мазалап ауруханаға қаралған Қан қысымы 190/100сын,бағ.дейін жоғарылаған. Лизиноприл мен индопамид тағайындалған.

ГепатитВ және С, туберкулез, венерологиялық аурулар:ауырмаған

Қан құюлар,операциялар,травмалар:болмаған

Аллергологиялық анамнезі:жоқ

Тұқымқуалау аурулары:жоқ

Эпидемиологилық анамнезі:таза

Зиянды әдеттері:темекі шекпейді,ішімдік ішпейді.