- •«Нархоз Университеті» акционерлік қоғамы
- •«5В060800 –экология» мамандығы бойынша
- •2016-2017 Оқу жылына арналған кешенді мемлекеттік емтиханның жұмыс бағдарламасы
- •«Биогеохимия және экотоксикология» пәні бойынша бағдарламаның сипаттамасы мен мазмұны
- •Биогеохимия және экотоксикология пәнінен Мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •«Биосфераның құрылымы және эволюциясы» пәні бойынша бағдарламасының сипаттамасы мен мазмұны
- •«Биосфераның құрылымы және эволюциясы» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханның сұрақтары
- •Емтиханға даярлануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Интернет-ресурстар
- •«Экологиялық мониторинг» пәні бойынша бағдарламасының сипаттамасы мен мазмұны
- •«Экологиялық мониторинг» пәні бойынша Мемлекеттік емтиханның сұрақтары
- •Емтиханға даярлануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Интернет-ресурстар
- •Электронный ресурс: http://ido.Tsu.Ru/schools/chem/data/res/ecolexpert/ump/
«Нархоз Университеті» акционерлік қоғамы
Бекітілді «Қаржы және технология» мектебі кеңесінің мәжілісінде «Қаржы және технология мектебінің» деканы, э.ғ.д., профессор ___________ Адамбекова А.А. хаттама №___«___»____2017 ж. |
«5В060800 –экология» мамандығы бойынша
2016-2017 Оқу жылына арналған кешенді мемлекеттік емтиханның жұмыс бағдарламасы
Пәндер: «Биогеохимия және экотоксикология»,
«Биосфераның құрылымы және эволюциясы»,
«Экологиялық мониторинг»
Алматы, 2017 ж.
«Технология және экология» кафедрасының мәжілісінде талқыланды
«9» наурыз 2017 ж., хаттама №8
«Технология және экология» кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.д., профессор _______________ Л.М.Байтенова
«Технология және экология» кафедрасының ОӘБ мәжілісінде талқыланды
«16» ақпан 2017 ж., хаттама №3
ОӘБ төрайымы, аға оқытушы _______________ Г.К.Сагитова
«Биогеохимия және экотоксикология» пәні бойынша бағдарламаның сипаттамасы мен мазмұны
Биогеохимия – пәнаралық ілім. В.И.Вернадский, В.В.Ковальский, В.В.Добровольский, Д.С.Орлова және тағы басқа ғалымдардың еңбектеріндегі биогеохимияның анықтамасы. Биогеохимиядағы ғылыми көзқарастардың дамуы және биогеохимияның калыптасуындағы В.И.Вернадскийдің рөлі. А.Е.Ферсманның, А.П.Виноградовтын, Б.Б.Полыновтың, А.И.Перельманның және т.б. ғалымдардың биогеохимияның дамуына қосқан үлесі. Биогеохимия бұл биосфераның жүйелік біртұтастығы және тірі организмдердің рөлі туралы ғылым. Мазмұны, негізгі объектілері, мәселелері және қоршаған орта туралы биогеохимиясының тұжырымдамасы. Тірі заттардың тұжырымдамасы. Биосфераның тұжырымдамасы. Биогеохимиялық циклдер. Қоршаған ортаның түрлі факторларына адамның биогеохимиялық бейімделуі. Улы заттар және олардың қасиеттері. Улардың әсер көрсткіштері. Уларды токсикологиялық зерттеу. Ағзаның уларға сезімталдығы. Улардың ағзаға түсу жолдары және таралуы.
Қоршаған табиғи орта компоненттерінің химиялық құрамы. Бұл тарауда литосфера, атмосфера, құрлық және теңіз суларының, топырақтың және табиғи ортада жүретін эндогенді, экзогенді үрдістер туралы қарастырылады. Заттардың табиғаттағы айналымын анықтайтын биогеохимиялық циклдер, биосфераның биогендік және абиогендік кұрауыштарының химиялық құрамы, химиялық элементтердің миграциясының түрлері мен процестері, биосферада жүретін үрдістер, геохимия ландшафттарын зерттеу әдістері, ластағыш заттардың қоршаған ортадағы айналымы және ластанудың зардаптары қарастырылады.
Жер кабаты геосфераларының пайда болуы және эволюциясы.
Литосфера: Жер қыртысының өзара әрекеттесуінің негізгі механизмі және кұрылымы. Литосфераның химиялық эволюциясы және құрылыс заңдылықтары. Литосфераның үгілу қабығы. Литосфера мен топырақ жамылғысының өзара әрекеттесуінің маңызды ерекшеліктері. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің формалары. Химиялық элементтердің шоғырлануы және шашыраңқылығы.
Атмосфера: Атмосфераның химиялық эволюциясы мен қалыптасуының негізгі заңдылыктары. Атмосфераның құрылымы және химиялық құрамы. Атмосфераның газдық құрамы. Оттек, азот, көмір қышқыл газы және тағы баска компоненттердің геохимиялық рөлі. Ксенокомпоненттер туралы түсінік. Атмосфераның антропогенді ластағыштары.
Гидросфера: Гидросфераның химиялық эволюциясы мен қалыптасуының негізгі заңдылыкқары. Гидросфераның химиялық құрамы. Гидросфераның химиялық кұрамының қалыптасуына ықпал ететін факторлар. Табиғи сулардың жіктелуі. Судың жаһандық биогеохимиялық айналымы. Табиғи сулардың негізгі компоненттерінің өзгеру заңдылықтары. Атмосфера мен гидросферадағы энергия балансы. Әр түрлі көздерден алынатын энергиялар (ғарыштық және эндогендік). Ауа райына антропогендік ықпал. Жердің термиялық режимін реттеудегі Дүниежүзілік мұхиттың рөлі.
Биосфера: Биосфераның пайда болуы және калыптасуы. Биосфераның құрылысы, негізгі компоненттері, химиялық құрамы және шекаралары. В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Н.Б.Вассоевичтің «мегабиосфера» туралы ұғымы. Биосфера туралы ұғымның дамуы. Тірі ағзалардың химиялық кұрамы. Химиялық элементтердің биологиялық айналымының ерекшеліктері. Биосфераның қызметтері. Тірі ағзалар - биосферадағы энергияның жинақталуы мен таралуының негізгі механизмі. Тірі ағзалардың және бейорганикалық элементтердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Д.И.Менделевтің периодты заңы. Тірі ағзаларда және биосферада элементтердің кең таралуының заңдылығы. Тірі заттардағы элементтерді жіктеудің негізгі көрсеткіштері.
Табиғатқа антропогендік әсер ету - геохимиялық және биогеохимиялық мәселе. Тірі ағзаларға антропогендік геохимиялық әсер етуді бағалау. «Биологиялық реакция» және «шектілік» туралы түсінік. ШРК және «биологиялық сіңіру» ұғымдары. Биосфераның биогеохимиялық гетерогенділігіне ағзаның бейімделуі. Экотоксикологиялық көрсеткіштер және биогеохимиялық циклдердің өзгерісінің мәселелері. Азық-түлік өнімдеріндегі улы заттар. Ауыз судағы улы қоспалар. Ауадағы улар. Удың шығу тегіне және орналасуына байланысты экотоксикология түрлерінің жіктелуі. Уыттылық эффекті туралы түсінік және оның көрініс беруі. Кәсіпорынның жұмыс зонасындағы, су және топырақтағы улардың шекті рауалды көрсеткіші (ШРК). Уларды зерттеудің әдістері. Биохимиялық және физиологиялық тесттер. Түрге байланысты ағзаның улы заттарға сезімталдығы. Ағзаның жыныстық ерекшеліктерінің уыттылыққа әсері. Улардың ағзада тасымалдануының формалары. Улардың кумуляциясы және оның түрлері. Уларға бейімделу: бейімделу механизмдері. Улардың канцерогендігі. Улардың емдік қасиеті.
