Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.93 Кб
Скачать

3.Сензитивтілік тренингке анықтама беріңіз 30 балл

Сензитивтілік (лат. sensus — сезім, түйсік) адамның мінезтанулық ерекшелігі; өзіне қатысты оқиғаларға көтеріңкі сезімталдықтан көрінеді, әдетте, барынша алаңдаушылықпен, жаңа жағдаяттардан, адамдардан, әр алуан сындардан және т.б. қорқумен астасады. Сензитивті адамдарға қорғаншақтық, ұялшақтық, әсершілдік, өткен немесе алда тұрған оқиғаларды ұзақ уақыт ойлап-толғануға бейімділік, өзін олқысынып тұрушылық сезімі, өзіне көтеріңкі моральдық талап қоюшылық және талап-тілегін төмендетуге бой ұрушылық тән. Жас ұлғая келе сензитивтілік бәсендеуі мүмкін, бұған, атап айтқанда тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу процесінде алаңдататындай жағдаяттарды жайғастыра білушіліктің қалыптасуы себепші болады. Сензитивтілік органикалық себептермен байланысты (тұқымқуалаушылық, мидың зақымдануы жоне т.б.) болуы да, сондай-ақ тәрбиеленген жағдайының ерекшеліктерінен (мысалы, баланың отбасында эмоциялық кемсітілуі) де болуы мүмкін. Шекті көрінісіне жеткен сензитивтілік психопатияның бір нысаны болып шығады. Сензитивтілік — болып жатқан оқиғаларға әсерленгіштікте көрінетін адамдағы ерекшелік. Әдетте сензитивтік адамдардың жаңа жағдайлардан, сыналулардан, т.с.с. қорқудан тұрады.[1]

Билет № ___18

1.Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.35 балл

Психологиялық түзету жұмыстарының маңызы

Психологиялық түзету жұмыстары –педагог – психолог қызметіндегі маңызды және жауапты бағыт болып табылады. Ол оларды өзгерту мақсатында адамның ішкі әлемнің дискретті сипаттамаларына қисынды әсер етуді көздейді.

Психокоррекция –бұл психикалық дені сау адамның кемшіліктерін түзету үшін психологтар қолданатын, психологиялық әдістер жиынтығы(Р.С.Немов). Психопат тұлға мен интеллектуалды дамуында ауытқушылығы бар балалар мен жасөспірімдерге психотерапия жүргізуге болмайды, оларға қатысты психокоррекция дамуының аномалиясы пайдаланылады. Психологиялық көмектің бұл түрі арнайы психология, психопатология және коррекциялық педагогиканың дамуымен жанданады. Коррекция қалыпты және қалыпсыз болып бөлінеді. Біріншісі психолог арқылы,екіншісі патопсихолог, дефектолог, психоневролог, психиатр арқылы жүзеге асырылады.

Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

Психокоррецияның мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі.

Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:

1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау.

2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту.

3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.

Психокоррекцияның негізгі міндеттері:

Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.

Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.

Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері:

1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау;

А) әңгімелесу

Б) психодиагностика

2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)

3. Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.

4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту)

5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру.

6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау.

7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.

Психологиялық түзету жұмысының негізгі формалары

Ойын терапиясы, Арт -терапия

2.Өзіндік бағалауға арналған тренингтерге тоқталыңыз. 35 балл

24билетте

3.Танысу тренингіне сипаттама беріңіз 30 балл

Тақырыбы: «Танысу» тренингі

Мақсаты: Оқушылармен тренинг арқылы танысу, әрқайсысымен тіл табысып, оларлы байқау. Оқушыларды әдептілікке, тәрбиелікке үйрету.

Жоспары: 1. Танысу

Мен өзімді жақсы білемін

Менің алдыға қойған мақсатым

гимнастика «КЕЗДЕСУ»

Сауалнама

Әдепті бала

Қорытынды

Керекті құралдар: қалам, А4 беттері, доп

Жаттығу «Танысу»

Шарты: Келген қатысушылар дөңгелек болып отырады. Әр қатысушы өзін таныстырады. (аты- жөні, қай жылы келгенін, сыныбын, үлгерімін) және бір- бірлеріне тілектер айтады.

Жаттығу «Мен өзімді жақсы білемін»

Шарты: Бұл жаттығуда А4 беттеріне жағымды, жағымсыз қасиеттері деп кесте сызады. Уақыт 5 мин. беріледі. Өзінің қасиеттерін жазып, ортаға айтады. Қалған қатысушылар айтқан қасиеттері бойында бар екенін, өз ойларын ортаға салады.

Жаттығу «Менің алдыға қойған мақсатым»

Шарты: Қатысушылар өздерінің алдыға қойған мақсаттарын айтып, сол мақсатқа қалай жету үшін не істеу керек екенін айтады. Уақыт 3 мин. беріледі.

Жаттығу гимнастика «КЕЗДЕСУ»

Шарты: Екі дос көптен бері көріскен жоқ. Екі достың кездесу арманы болған. Ал, енді сендерге тапсырма, мына екі достың кездесуін , елестетіп көрсетулеріңізді сұраймын.

«Сауалнама»

Шарты: Қатысушылар берілген сауалнаманың сұрағына жауап жазу керек.

Аты-жөні:

Туған күні

Жанұя туралы мәлімет

Ата- анаңды тыңдайсын ба?

Сенің арманың?

Сен кімге ұқсағың келеді?

Бос уақытты қалай өткізесің?

Мектепішілік іс-шараларға қатысасың ба?

Сенің досың бар ма?

Өз сыныбың саған ұнай ма?

Өз сыныбынан туған күнге кімді шақырғың келеді?

Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасың?

Қандай іс- әрекетке бейімділігін бар?

Жаттығу «Әдепті сөздер»

Шарты: Сендер бір- бірлеріне допты лақтырып, әдепті сөздер айтуларың керек. (кешіру, рахмет айту, т.с.с)

Содан кейін қатысушылар мағынасын түсіндіреді.

Қорытынды. Әр қатысушы өткен сабаққа қорытынды жасап, өз ойларын және ұсыныстарын ортаға салады. Жүргізуші қатысушылардың ұсыныстарын қабылдап, сабақтың өткен деңгейін қорытындылайды.

Билет № ___19