- •1. Тренингтің психологиялық негізгі пәні мен міндеттерінің мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингке психологиялық анықтама беріңіз
- •2. Топтың тұрақты құрамы қағидасының мазмұнын ашыңыз
- •3. Хат жазу терапиясының мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз
- •2.Өзін-өзі диагностикалау қағидасына тоқталыңыз. 35 балл
- •1.Есті дамытуға бағытталған тренингтердің мазмұнын ашыңыз .35 балл
- •2.Психолог маман қызметінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.35 балл
- •3.Тұтас тренингке және жеке жаттығуларға өз еркімен қатысу қағидасына сипаттама беріңіз.30 балл
- •2.Танысу тренингінің ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз 35 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз 35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
- •3.Сензитивтілік тренингке анықтама беріңіз 30 балл
- •1.Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.35 балл
- •1.Әпт құрудың негізгі ұстанымдарына тоқталыңыз 35 балл
- •3.Ұжымдағы өзара қатынасты дамыту жаттығуларына сипаттама беріңіз. 30б
- •1.Тұлғаның өзіндік санасын дамыту тренингтеріне тоқталыңыз 35 балл
- •2.Психотерапия-мектеп психологы қызметіндегі белсенді құрал екеніне негіздеме беріңіз
- •1.Тренингтегі рөлдік ойындарға сипаттама беріңіз
- •2.Тренингті өткізу кезеңдері
- •3.Тренинг кезеңдеріне сәйкес психотехникалық тәсілдерге тоқталыңыз 30 балл
- •1 Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз. 35 балл
- •2 Музыка терапияға сипаттама беріңіз 35 балл
- •1 Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 35 балл
- •3.Танысу тренингіне сипаттама беріңіз. 30 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз.35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз 35
Л.А. Петровская психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жеткілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.
Тренинг – жаттығу деген ұғымды білдіреді. Психологиялық тренингтің мақсаты- әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі – оқушыларды ұйымдастыру болып саналады. Тренинг қатысу барысында оқушылар бір-бірінің пікірін құрметтеуге, жолдасына сеніммен қарауға бойындағы қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік сезімдерін жоюға үйренеді. Тренинг өткізуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беріліп отырады, оларды сатылап яғни бастауыш сынып, орта буын және жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг түрлерін өткіземіз. Әр тренинг қалаыптасқан жүйеде, белгілі тәртіп пен элементтерді қамтамассыз ете отырып жүргізіледі. Психолог тренингті өткізе отырып оқушылардың қадір-қасиетін сақтап, олардың жеке басына тиісті мәліметтерін жарияламауы керек.
1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
“Еңбектің еткеннің қазаны ортаймайды” тренинг 7 сынып оқушыларымен өткізілді.
Еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру,еңбексүйгіштік қасиетін дамыту.
Балаларға еңбектің маңызы туралы түсінік беріліп, аңыз – әңгіме оқып бердім.
Балалар әңгіме кейіпкерлері туралы өз ойларын ашық айтты.
“Адам көркі – еңбек ” тақырыбында балалардың шығармашыл қабілетін дамыту үшін өлең, әңгімелер жазып өздерінің қабілеттерін еңбекке деген көзқарастарын білдірді.
“Бақыт деген не ?” ұстаздарымыз не дейді ұстаздар пікірін оқыдым.
Оқушылар “Ең бақытты күнім” әдісін пайдалану арқылы өздерінің бақытты күні туралы ойларын білдірді. Сабақ соңында балалар Бақыт ата-ана, жақсы білім, дініміз, тіліміз, денсаулық, қуанышты күн деп өз ойларын ашық білдірді.
Балалардың өзін, қоршаған ортадағы өмірді, адамдарды танып, оларды түсінуде және рухани дамып жетілу жолында қазақ ғұламаларының шығармаларын, соның ішінде Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні зор.
9 сынып оқушыларымен оқушының жан-дүниесін байыту арқылы адамгершілікке жетелеу мақсатында “Абайдың қара сөздері” тақырыбында тренинг өткіздім.
Осы жұмыстың нәтижесінде:
Болашаққа деген сенімділігі
Өзіндік «мені»
Еңбексүйгіштік қабілеті
Көтеріңкі көңіл-күйі
Достарымен қарым-қатынасы
Қиялы, шығармашылық қабілеті
Сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеті дамыды.
2.Жұмыстың мазмұндық жақтарының тиімділігіне бағытталған жаттығуларға тоқталыңыз.35 балл
3.Тренингтік топ жұмыстарының қағидаларын сипаттаңыз 30 балл
Тренинг сабақтарын жүргізгенде ескеріп отыратын бірнеше ережелер мен принциптер болады. Солардың арасынан негізгі принциптерді бөліп көрсететін болсақ:
Өзара әсер диалогизациясы принципі, яғни қарым-қатынастағы тұлға аралық теңдік, қатысушылардың өзара силасуы мен бір-біріне деген толық сеніміне негізделген. Егер топта біреуі немесе бірнешеуі басым болса, онда қарым-қатынас диалогқа тән қасиеттерді жоғалтады, да монологқа ауысады. Бұл тренинг табиғатына қарама-қайшы келеді және тренингтің өту барысын қиындатады.
^ Тұрақты кері байланыс принципі, яғни қатысушының өзі туралы информацияны барлық іс-әрекетінің нәтижелерін талдап отырған басқа топмүшелеріне ұдайы алып отыруы. Кері байланыс арқылы адам келесі қадамдарына коррекция жасауға, сәтсіз қарым-қатынас тәсілін жаңаға ауыстыруға, оның қоршаған ортаға әсерін байқауға мүмкіндік алады. Ол үшін қатысушының басқаларға солар туралы пікірін айтуға және өздері туралы пікірлер тыңдауға барлық жағдайлар жасалуы керек. Осындай арнайы саналы түрде ұйымдастырылған кері байланыс максималды дамыту эффектісін береді.
Өзін-өзі диагностикалау принципі, қатысушылардың өзін-өзі ашуына, өздерінің жеке маңызды проблемаларын анықтап, түсіне алуға көмектеседі. Тренинг мазмұнында адамға өзін, өз тұлғасының ерекшеліктерін тануға көмектесетін жаттығулар қарастырылады. Топтың әр мүшесінің белгілі бір шешеім мен оны жүзеге асыруды талап ететін түрлі жағдайларда өзін көрсете білуіне көмектесу керек. Бұған вербальды қарым-қатынас тәсілі емес, практикалық әрекет көмектеседі.
^ Интеллектілі және эмоциялы сфералар гармонизациясы принципі, бір жағынан тренингте жоғары эмоциялы қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді. Бұл ашықтыққа бағыттап, топ мүшелерін сенімге, ізгілікті қарым-қатынасқа жетелейді. Ал екінші жағынан, болған жағдайларды талқылау кезінде интеллектілі аналитикалық процестерді ынталандырады. Мұндай әрекеттің формасы – барлық тренинг бойы қолданылаын топтық дискуссия.
^ Дамытуды оңтайландыру принципі, жүргізушіден нақты диагностика, бөлек қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің квалификацияланған констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығуларды қолдану арқылы жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуына түрткі беруі, олардың барлық күшін керек арнаға бағыттауы керек.
^ Барлық тренингке, жеке сабақтар мен жаттығуларға өз еркімен қатысу принципі, әрбір тренингке қатысушының жұмыс барысындағы өзгеруінетабиғи түрде ішкі қызығушылығы болуы керек. Тұлғаның позитивті өзгерістері мәжбүр ету кезіндепайда болмайды, оны талап етудің де қажеті жоқ.ъ
^ Топтың тұрақты құрамы принципі, егер тренингтік топ жабық болып тұрақты құрам болып, жаңа адамдар қосылып отырмаса, онда топта топ мүшелерінің ашылуына әсер ететін ерекше процестер пайда болады, тренингтік топ өнімді түрде жұмыс істейді. Топтың қалыптасу принципі туралы сұрақтар аса маңызды болып табылады. Жұмысқа қатысу үшін ең қолайлы жас 16 мен 40 жас деп есептеген. Оның құрамына мектеп жасындағыларды да қосуға болады. Бірақ бұл үшін жүргізуші тренингтен кейінгі психологиялық көмек пен жүріс-тұрысына коррекция жасау мақсатында қатысушылармен контакт жасауға мүмкіндігі болуы керек. Мектептерде практик-психолог қызметінде жұмыс істеп жүрген педагог мұндай мүмкіншілікке ие. Өзіндік тренингпен алғаш рет айналысушыға кішкентай топпен / 10-12 адам / жұмыс істеген қолайлы. Белгілі бір тәжірибе жинақтаған соң қатысушылар санын 30-40 адамға дейін көбейтуге болады.
^ Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.
^ Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады.
^ Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.
Билет № ___17
1 Отбасылық терапиядағы тренингтің мәнін көрсетіңіз 35 балл
ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
2 Қабілетті дамыту тренингтерінің мазмұнын ашыңыз 35 балл
«Суреттің жұбын тап» ойыны.
Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту
Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.
Ойын өтілу барысы:
Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.
Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.
Психолог негізгі дұрыс жауапты алғанан соң, суреттің орның ауыстырып жұбтарын бірінің астына бірін қойып отырады. Содан соң балалардан қалған суреттердің жұбтары қандай болғанын еске түсірулерін сұрайды.
«Түлкінің балалары мен бүркіт»
Мақсаты: зейінің, ерік жігерін дамыту.
Ойын барысы
Балалар 1,2 санау арқылы немесе өз еріктерімен түлкілер және бүркіттер болып екіге бөлінеді. Бүркіттер түлкілерді аңдып бір жерде жиналып отырады. Түлкілердің ішінен біреуі түлкі болып қалғандары түлкінің балалары болады. Түлкі ортаға тұрып қандайда бір қимылдар жасап, оны әртүрлі қылып өзгертіп жасай береді. Түлкінің балалары анасының жасағандарын қалмай қайталап жасап отыруы керек. Кім қимылдарды жасауға үлгірмей немесе жасай алмаса соны бүркіттер алып кетеді. Анасымен қалған түлкі баласа жеңімпаз болып саналады. Ойын жүргізушілері ауыстырылып 2-3 рет қайталанады.
Ескерту. Ойынды көңілді әуен қосып ойнаған жақсы.
«Көкөністер» ойыны.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын байыту, зейінің дамыту, өзара келісімге келуге тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: Көкөністердің суреті бала санына қарай.
Ойынның өтілу барысы:
Психолог әрбір балаға көкөністің суреті бейнеленген карточкаларды таратады. Балалар шеңбер құрып тұрады да, әрқайсысы қолдарындағы қандай көкөніс екенін айтады. Содан соң психолог шеңбер ішіне кіріп қандайда бір көкөністің атауын атайды. Аталған көкөністің суреті бар бала шеңбер бойымен айнала қашады, ал жүргізуші баланы қуа жөңеледі. Ойыншы ұсталап қалмауы үшін балалардың қолындағы қандайда бір көкөністің атауын атауы қажет. Сол кезде кімнің қолындағы көкөністің атауы аталса сол ортаға шығып, қаша жөңеледі. Ал, 1 ойыншы көкөністің атауын атаған бойда орнына тұрады. Жүргізуші ұстап алам дегенше келесі көкөністің аты аталады. Ойын осылай жалғаса береді.
Ескерту: Алғашқы ойын кезінде психолог жүргізуші орнына ойнайды, кейінен жүргізушіні балалар арасынан таңдайды.
