Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.93 Кб
Скачать

1.Есті дамытуға бағытталған тренингтердің мазмұнын ашыңыз .35 балл

Тұлғаның жаңа ортаға бейімделуі, құрбылар арасында үйлесімді қарым-қатынас орнатуы, өзін дұрыс таныстыра білуі және тб. жағдайлары кейде айналасындағылар тарапынан ұйымдастырылған әрекеттерге да байланысты әсер етеді. Сондықтан ең алғашқы кездесуде «Танысу» тренингін жүргізуге болады. Бұл тренингтерде қолданылатын ең бастапқы жаттығу болғандықтан қатысушыларды жұмысқа жауаптылықпен қарым-қатынас жасауға жұмылдыру қажет. Кейде жай ғана танысу мен кездесу адамды түсінуге үлкен маңыз береді. Адам туралы ақпаратты тек сыртқы келбетінен ғана емес, сөзі арқылы да есте сақтауға болады..

«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.

Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз компетентті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса ойынан шығарылады. Осылайша ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.

2.Психолог маман қызметінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.35 балл

Психология мамандығы бойынша түлектердің кәсіби қызметінің негізгі түрлері болып табылады: білім беру, психологиялық тұрғыдан кеңес беру, ғылыми-зерттеу, диагностикалық; сараптау-психодиагностикалық; ұйымдастыру-басқару (адам ресурстарын басқару саласында) және т.б.

Еңбек нарығы: «5В050300 - Психология» мамандығының түлектері жұмыс істей алады:білім беру ұйымдары, спорттық және шығармашылық ұйымдарында психолог; денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық қызметінің жетекшісі; ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу орталықтарында ғылыми қызметкер; кәсіби бейімделу мен кәсіби оқыту орталықтарында психолог; қалалық және республикалық әлеуметтік қызметтер, жұмыспен қамту орталықтарында жетекші маман; қоғамдық пікір мен саяси технологияларды оқыту орталығының қызметкері; өндірістік ұйымдар мен пенитенциарлық мекемелерде психолог; адам мен қоғам, адам мен табиғат, адам мен техника арақатынасы психологиялық проблемалары бойынша оңалту және әлеуметтік бейімделу орталықтарында психолог.

3.Тұтас тренингке және жеке жаттығуларға өз еркімен қатысу қағидасына сипаттама беріңіз.30 балл

Педагогикалық тренингті көбіне студенттің мамандық сапасын, жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады. Бұл әсіресе қазіргі кредиттік жүйемен білім беру барысында өте тиімділік көрсетеді. Өзін-өзі басқаруға дағдылар тренингіне 1. әр түрлі варианттардағы аутогендік жаттығулар, 2. биологиялық кері байланыс тренингі жатады. Бұл әдістер физиологиялық қызметтерді басқару және бақылау қабілеттерін дамытуға бағытталған, эмоциялық күйін қалыпқа келтіру және психологиялық күштенуді төмендетуге бағытталаған Жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуі 5 –негізгі бағытта жүзеге асады. 1. Өзін-өзі қабылдауы арқылы өзін басқалармен салыстыру. Басқа адамды бақылау мен талдауға ыңғайлы қылып қарастырады адам. Біз өзімізге сырт жағымсыздан қараймыз, топтың басқа мүшелерімен қатар қоя отырып. 2. Өзін-өзі қабылдауды басқаның оны қабылдауы арқылы адам өзі жайлы қоршағандардың хабарын пайдаланады. «Кері байланыс» ӘПТ – топтарында «кері байланыс» механизмі үнемі іске асады, ол қоршағандардың оның мінез-құлқы туралы пікірлерін білуге жағдай жасайды. 3. Өз іс-әрекетінің нәтижесі арқылы өзін қабылдау, адам өзінің не істегенін бағалайды, өзіндік баға. 4. Өзінің ішкі күйін бақылау арқылы өзін-өзі қабылдау, адам ойланады, өзімен сөйлеседі, қоршағандармен өзінің эмоциясын, түйсінулерін, ойларын, уайымдарын талқылайды. Осындай принципті айырмашылығы, Тренинг - өзіндік «Меніне» кіру. 5. Өзінің сыртқы бейнесі арқылы өзін-өзі қабылдау, адам өз денесін, өзінің «Менін» қабылдайды

Билет № ___10

1 Тренингті өткізу бойынша жетекшіліктің мәнін ашыңыз. 35 балл

2 Зейінді дамыту тренингтеріне сипаттама беріңіз 35 балл

зейнді қалыптастыруға арналған « Назар » тренингі

Тренингтің мақсаты: Ырықты зейнді дамыту.

Өткізілу әдісі: Ойын түрінде.

Тренингтің жүргізілуі: Тренингке қатысушыларға бір парақ ақ қағаз бен түрлі-түсті қарандаштар беріледі. Қолдарындағы құралдарды пайдалана отырып:

А)10 үш бұрыштың суретін салатынын бірнеше рет қайталап айтамыз.

Ә) Салатын 3-ші, 7- ші, 9-шы үшбұрышты жіңішке етіп қызыл қарандашпен қосымша

тағы екінші сызық түсіретіндігі айтылады.

Б) Жоғарыда айтылған тапсырмаларды енді жазбаша орындауға жаттықтырамыз. Егер бала тарапынан «Не істейміз?» деген сұрақ қойылса, психолог: өзінің түсінгені бойынша орындай беруді өтінеді. Тапсырманы орындауға берілетін уақытты әр психолог өзі тандайды.

Пікір:

А) жаттығуды бірнеше рет қайталау.

Б) психологтың өзі бірге орындаса ғана, бала жаттығуды тез үйренеді.

Ә) балалардың ырықты зейінін осы тәріздес ойын арқылы дамыту .

Зейінді дамытуға арналған « Тұрақтылық » тренингі

Тренингтін мақсаты:Зейіннін тұрақтылығын дамыту.

Тренингтің жүргізілуі:Ойын екі бағытта ұйымдастырылады.

1) Бастауыштың балаларының жасына сәйкес газет-журналдардан қысқаша әрі жеңіл, қызық, балаға түсінікті бір шумақ үзінді алып әр сөзін мәнерлеп оқи отырып, олардыңне істейтінін түсіндіреміз. Әр сөйлемдегі «а» дыбысынын астын сызып, оны санап шығу керектігі тапсырылады. Осы тапсырма арқылы зейіннің бөлінуі мен ауысуына көңіл бөлеміз.

2) Осы материалды пайдаланып, екінші тапсырманы түсіндіреміз. Ол үшін әр қатардағы «а» әріпін сызып тастап «б» әріпінің астын бір рет сызу немесе «б» әріпінің алдындағы әріптерді сызу. Тапсырма белгіленген уақыт ішінде аяқталуы тиіс.

Пікір:

А) тапсырманы орындау барысында ырықты зейін қажет етіледі.

Ә) осы сиақты тапсырмалар үзбей жүргізілуі керек.

қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім „ондай болуы мүмкін емес” деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы марапатталады.

3.Тренингті өткізу кезеңдеріне тоқталыңыз 30 балл

Тренер жұмысының 1-ші кезеңі – тренингке дайындық – әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу,олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру,Психолог тренингте қатысушалпрдың проблемалары мен ниеттерін анықтап алу қажет.Тренер бағдарлама жасайды, тақрып анықтап, уақыты мен орынын нақтылайды, аудио және видео таспалар такдалады, таратылатын материалдар таңдалады.

2-кезең – тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез –келген әлеуметтік – психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дисскуссияны енгізуі тиіс.

3кезең – қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалацды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс.

Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.

Қорытынды шығару сабақ циклі аяқталғанда жасалады. Психологиялық бақылауларды, анкеталарды, тесттерді, бейнетаспаларды анализдеу арқылы тренингке қатысушы әрбір мүшенің жұмыс нәтижесін анықтайды.

Билет № ___11

1 Өзара қарым- қатынасты дамыту тренингтеріне тоқталыңыз. 35 балл

1) ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ДАМЫТУ ТРЕНИНГІ

« Қарым- қатынас» тренинг

Мақсаты : Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа , достыққа , шындыққа , тәрбиелікке үйрету.

Сәлемдесу. Менің тренингтік есімім.

Шарты: Топ дөнгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып,өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.

Жүргізуші оқушылардың бойында табылған нақты қасиеттерді саралап,қортындылай келе тренин сабақтың ережесін түсіндіреді.

ЕРЕЖЕ:

1. Құпиялылық

2. Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз

3. Белсенді боламыз

4. Бір-бірімізге ренжімейміз

5. «қазір» және «осында» принціпі

«Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы

Мұнда топқа қатысушы адамдар 3-3-тен болып тұрады. Екеуі шатыр және бір адам олардың астында тұрады. Жүргізуші шатыр деген команда бергенде, шатыр жасап тұрған балалар ауысуы керек.Жүргізуші «адамдар» деген команда бергенде, шатыр астындағы адамдар орнын ауыстырады. Ал егер, «жер сілкінісі» деген команда болғанда, барлығы орын ауыстыруы керек.

" Ұқсастық шегі ." жаттығуы

Шарты : Қатысушылар жұптасып отырады , А 4 қағаз беті және қалам қажет . Жанындағы жұбына қарап , ұқсастықты тауып , " Біздің ұқсастығымыз ." деп А 4 қағаз бетіне жазады . Ұқсастық табу үшін 4 мин уақыт беріледі . Жаттығуды орындағаннан кейін , жұп бір – бірінің жазған ұқсастығын оқып ,өз ойларын айтады

" Пульс ойыны"

Дөңгеленіп отырамыз . Қатысушылар бір – бірінің қолынан ұстайды . Бір ойыншы ортаға шығады . Жүргізуші " басталды " деген белгі бергенде ойыншылар кезекпен қолдарын қысады . Ортадағы ойыншы пульстың қайда кетіп бара жатқанын табу қажет . Жүргізуші "тоқта "деген белгі береді

«Қатып қалу »жаттығуы.

Топтың бір мүшесі қозғалыссыз бір қалыпты қатып қалуы тиіс. «Реаниматордың»мақсаты оның рөлінде топ мүшелерінің бірі болады «тірілту» бұл адамды еріту болып табылады. Бұл үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады мимика, көзқарас, сөздер және т.б ескеретін жайт «қатып қалған» адамға қол тигізбеуі тиіс.

Сәтті жұмыстың белгілері- «қатып қалғанның» еріксіз күлкісі және т.б болады.Содан кейін ортаға басқа біреу шығып, қатып қалады да жаңа «реаниматор» оны тірілтеді, бұл әрекет ары қарай жалғаса береді

2 Құм терапиясына сипаттама беріңіз. 35 балл

2) Құм терапиясының маңызы: Бала өзін жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік), есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды.

Құм терапиясының мақсаты: Балалардың құм терапиясында қиял, көрнекі – бейнелік ойлауды, сөздік – логикалық ойлауды, көрнекі іс-әрекеттік ойлауды, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

Құм терапиясы арқылы баланың қандай құзіреттіліктері дамиды:

 Шығармашылық

 Танымдық

 Интеллектуалдық

 қарым –қатынас

Құм терапиясын қолданудың әдіс — тәсілдері:

1. Әңгімелесу

2. Түрлі – түсті құммен сурет салу

3. Танымдық ойындар

4. Коммуникативтік ойындар

5. Пікірталастар

Құм терапиясы негізгі принциптері

1. Шығармашылық белсенділікті таныта отырып, бала өзін ыңғайлы әрі қорғалған күйде сезініп табиғи ынталандыратын орта жасау.

2. Абстрактылы нышандар әріптердің сандық тиімді және осы принциптің жүзеге асырылуы болып жатқан оқиғаға баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.

3. Ертегі ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау шынайы бірге тұру.

Баланың бүкіл өмірі – ойын.

К.Макаренко

«Құм терапиясы» принципі аналитикалық терапияның негізін салушы Карл Густав Юнгпен ұсынылған. Мүмкін ұлы Юнгке адамның құммен «әлектенуінің» қажеттілігі, оның құрылысы осы идеяны ұсынуға себепші болған шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массасында – жаһандағы Өмірді көреді.

Құм – миллион жыл бұрын пайда болған. Ол бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары, қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Бала құмды не екенің сезінгенше қолдары сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда баламен түрлі ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреді.

Құммен ойын — балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.

Құммен ойнау кеңестік әдіс ретінде 1939 жылы ағылшын педиатры Маргарет Ловенфельд сипаттама берген.

3 Ену қағидасына сипаттама беріңіз 30 балл

Ену принципі, сабақ ұзақтығы жұмыс басында айқындалуы керек. Оларды жүргізу тәжірибесі толық түрде негізделген қорытындыға дәйек береді: өте ауқымдыэффектіге ірі уақыт блоктарымен жұмыс істегенде ғана қол жеткізуге болады, 3-4 сағат енумен, кейде бұдан ұзақ кезең бойына. Бұл қатысушыларды “елітуге”, олрдың ұзақ үзілістен кейін толық процестерге эмоциялы енулеріне көп уақыт кететіндігімен байланысты. Қосарланған сабақты аптасына кем дегенде бір рет өткізген жөн.

Билет № ___12

1 Тұтас топтың жәй-күйіне әсер ететін жаттығуларға тоқталыңыз 35 балл

1) ЖАН КҮЙГЕ ӘСЕР ЕТЕТІН ЖАТТЫҒУ

Мақсаты: Мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.

Ұйымдастыру:

Психолог: Құрметті ұстаздар! Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезітмал жүрекпен адал еңбек ететін, олардың зерделеріндегі ойларынан түйін алу. Бүгінгі мақсат – айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның даму көзқарасын анықтау.

«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті- бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші- ұстаздардың қолында. Тек жоғарғы сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады»- деп Елбасы атап көрсеткен болатын. Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап еңбек етіп жүрген мамандарға, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стрестен арылуға арналған «Жақсы көңіл- күй – жан азығы» психологиялық тренингке сіздерді ұйымшылдықпен қатысуға шақырамыз. Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.

Қажетті құрал-жабдықтар: Музыкалық аппаратты баяу әуенді диск, табиғат көріністерін бейнелейтін сурет, қағаз бен қалам, үлестірмелі тапсырмалар және слайд.

1. Амандасу «Ерке есім» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдер өз есімдерін бір-біріне еркелетіп таныстырады.

2. Психогеометриялық тест

Мақсаты: Жеке тұлғаны анықтауға арналған ең ыңғайлы жүйенің бірі. Мұғалімдерге 5-түрлі фигуралар ұсынылып, біреуін таңдатады. Ол арқылы әр адамның жеке мінезін, қабілетін, ерекшелігін анықтауға болады.

3. «Жақсы қасиеттерін тап»

Мақсаты: Мұғалімдер бір-бірінің жақсы қасиеттерін жазып, табу.

Барысы: Мұғалімдердің есімдері жазылған парақшалар мұғалімдерге таратып беріледі. Кімге қай мұғалімнің аты түссе сол параққа сол мұғалімдердің жақсы қасиеттерін жазып айтады. Ал басқалар кімді айтқанан табу керек.

4. Сергіту сәті

Барысы: Мұғалімдерге көңілді би қимылдары әуені қойылады

5. Психологиялық жаттығулар

1) «Дос-досымен» жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту.

Уақыты-15минут

Барысы: Топ ішіндегілер бір-бірімен араласып жүреді. Жүргізуші:

«Дос-досымен» дегенде ойыншылар досын ұстап екеу болып тұрады. Жүргізуші тағыда «шаш-шашымен» дегенде шаштарын тигізеді; арқа-арқамен дегенде арқаларын тақайды; т.с.с. бет-бетімен; қол-қолымен; саусақ-саусақпен; табан-табанмен; бас-басымен; тізе-тіземен; иық-иықпен; деген сияқты бірнеше сөздер айтылса, соларды орындау керек. Жүргізуші арасында бірнеше рет «дос-досымен» дегенде қатысушылар басқа досты таңдап достасады. Достасып қойған достар қайтадан достасып қалса, ойыннан шығады.

2) «Ха» дем шығару жаттығуы

Мақсаты: Мұғалімдердің эмоциялық күйін, жұмысқа деген қабілеті және дем шығаруын жақсартады.

Барысы: Денеңізді бос ұстап тұрыңыз. Екі аяғыңыз екі егіздің деңгейіне сәйкес келуі керек. Қолыңыз денеңізді бойлап, төмен тұрады, деміңізді жайлап ішке қарай тарта бастайсыз. Деміңізді тартқан сайын көтере беріңіз. Төбеңізге қолыңыз жеткен кезде,деміңізді бір сәт ұстайсыз да алға қарай денеңізбен еңкейіп, қолыңызды салбырата отырып, «Ха» деп дем шығарасыз. Бұл жаттығу 2-3 рет қайталанады. «Ха-Ха-Ха» деп

3) «Сілку» жаттығуы

Мақсаты:Адам бойындағы жағымсыз ойлардан жеңіл жолмен қалпына келтіреді.

Барысы: Бұл жаттығу сізді қарапайым және жеңіл жолмен қалпыңызға келтіреді және бойыңыздағы жағымсыз ойлардан арылтады. Айналаңызда кеңістік қалатындай етіп еркін тұрыңыз. Екі қолыңыздан бастап, сілки

бастаңыз, енді шынтағыңызды екі иығыңызды сілкіңіз. Енді еңкейіп, екі аяғыңыздан бастап екі қолыңызды сілкіңіз. Суда жүзіп жүрген қаздың үстінен түскен судай сіздің бойыңыздағы жағымсыз энергиялар түсіп қалады. Бетіңіздіде сілкіңіз жақсы болады. Енді міне менің бойымдағы ауыртпалықтардың барлығы бойымнан шығып кетті деп елестетіңіз.

4) «Сеніп құлау»

Мақсаты: Сенімділікті және топтың тұтастығын арттырады.

Барысы: Жаттығу топ ішінде жасалынады. Бір адам құлайды,қалғандары тосып қалады.Құлаған адам өзін еркін ұстай отырып, екі көзін жұмып, артқа шалқая құлайды, қалғандары оны ұстап тосып қалады. Жаттығу ары қарай қүрделене береді. Енді қалғандары орындықтан үстелден құлайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін, алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер.

5) «Ну ормандағы жаңбыр»

Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау. Иық, мойын омыртқаларындағы бұлшықет түйсінуінен арылту, босаңсыту.

Психолог: Қанекей бір-біріңізбен тығыз тұрыңыздар. Өздеріңізді ну ормандағыдай елестетіңіздер. Ауа-райы алдымен керемет еді, күн ашық, өте ыстық және қапырық болатын.Міне, кішкене жел тұрды. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыздар. Жел күшейіп, қол қимылы да жылдам бола түседі. Дауыл басталады, қол қимылдары да айналдыра жасалып, күшейді. Сосын ақ жауын жауды (жұбыңыздың арқасын жеңіл түрде қағасыз) Міне нөсер басталды (саусақтармен қимылдар жасап, алақанмен жоғары-төмен жүргізесіз) Нөсер үдей түсті (барлық саусақтарыңызбен қатты қағасыз). Қайта нөсерлетті, ақ жауын жауды, дауыл тұрды, қатты жел тұрды, ол қайта басылды, сосын табиғатта барлығы тынышталды. Қайта күн шықты. Сезінеміз.

Талдау: Сіздер қандай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жағымды болды ма? Әлде тек әрекеттерді ғана орындау қажет болды ма? Өз сезім-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.

6. «Еңбек ағашы»

Барысы: Мұғалімдерге 3-түрлі қағаз қиындылары таратылып беріледі. Сол қағазға өз ойларын жазып, әр қайсысын өз орнына іледі.

1. Бұталарға- Мұғалім қандай болу керек?

2. Жапырақтарға- Мұғалімнің түпкі мақсат, мұраты

3. Гүлдерге- Мұғалімнің еңбегінің нәтижесі

4. Жемістеріне- Шәкірт қандай болу керек? деген мақсатпен ілінуі керек. Мұғалімдер «Еңбек ағашын» құрастырып шықты. Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі осы деп назарларын тақтаға аудардық. Қатысушыларға алғыс сөз айтылады

2 Еркін кеңістік қағидасының мазмұнын ашып беріңіз 35 балл

2. Еркін кеңістік принципі, бөлмеде қатысушылардың еркін қозғалуына, шеңбер құруларына, 3-4 және 7-8 адамнан микротоптарға бөлінуіне, оқшаулануына мүмкіндік болуы керек. Тренинг дайындығының негізгі элементі, болашақ ұжыммен алғашқы кездесуі болып табылады.Бұл екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде, міндеттері, мерзімі кездесу ұзақтылығы туралы топтық әңгіме жүргізіледі. Жиналғандар тренингке қатысу немесе қандай да бір себептермен бас тарту сияқты шешімдер қабылдайды. Екінші кезеңде сабаққа қатысуға ниет білдіргендермен жекелеген түрде сөйлеседі.

3.Қиялды дамыту тренингтеріне сипаттама беріңіз 30 балл

ҚИЯЛДЫ ДАМЫТУ ТРЕНИНГІ

Тақырыбы: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

Бала ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игеруімен бірге зейін, қиял, есте сақтау, ойлау, танымдық, шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды.

Мақсаты: а) Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға,

педагогтың ұсынысы мен талабын тындай,

түсіне білуге және оны орындауға үйрету.

ә) Түзете — дамытушылық: Балалардың зейінін, есте сақтау

қабілетін, тілін, қиялын дамыту.

Сөздік қорын, ұсақ қол қимылдарын дамыту .

б) Тәрбилік: Балаларды ойындарға белсенді араласуға тәрбиелеу.

Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекіліктер: ағаш, қапшықтар, суреттер, ойыншықтар, слайд

Әдіс – тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.

Тренинг ережесін қабылдау:

1. Жұмыс барысында тыныштықты сақтаймыз.

2. Жұмыс аяқталған соң орын жинастырамыз.

3. Достық қарым-қатынасты сақтап бір-бірімізге көмектесу.

Тренинг 6 бөлімнен тұрады:

1- тапсырма – «Айна»

2- тапсырма – «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

3 – тапсырма – «Бірдей бас киімдер мен қолғаптарды сызықпен қос»

4 – тапсырма – Қимылды ойыны: «Ойыншықты тап»

5 – тапсырма – «Ғажайып жануарлар» (Суретші нені шатастырды)

6 – тапсырма – «Еске түсіреміз және қайталаймыз»

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады.

Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

— Балалар, бүгінгі тренинг-сабақ – ертегідей болады.

Құстардың дауысы жазылған үнтаспаны тыңдайды.

- Бұл ненің дауысы?

- Құстардың дауысы.

ІІ. Психологиялық сәт

Жылулық шеңбері:

- Балалар, сиқырлы таяқшаның көмегімен сендерді құстарға айналдырамын.

Құстар қанат қағады,

Құстар қанат жаяды.

Аспанда қалықтап,

Құстар ұшып-қонады.

- Балалар не көріп тұрсыңдар?

- Қандай әдемі ағаш! Бұл – ғажайып ағаш.

- Ғажайып ағашта – сиқырлы қапшықтар өседі. Сиқырлы қапшықтарда – тапсырмалар бар. Әр орындалған тапсырмаға, сендерге сыйлық береді – әдемі кубик.

Тренинг-сабақ барысында көңілді музыка әуені үнтаспадан қойылады.

ІІІ.

1-ші қапшықта – айна.

1 — тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Айна»

Мақсаты: балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар, бет әлпеті қандай екенін аңықтайды және оның бет әлпетін атайды.

- Сендер айна боласыңдар, ал мен оған қараймын. Менің көңіл-күйім қандай? (жайдары, ашуланшақ, қуанышты, ренжулы)

- Сендердің көңіл-күйлерін қандай?

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік.

Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық.

2-ші қапшықта – екі дөңгелек

2 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Екі суреттердің бір-бірінен айырмашылығын тап?»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты: Жұп суреттерге қарап барлық айырмашылықтарды табу.

Жарайсыңдар, балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық.

3-ші қапшықта — суреттер

3 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Бірдей суреттерді тап »

Мақсаты: Балалардың зейінін шоғырландыру.

Шарты: Балалар суретке қарап бірдей суреттерді табу сызықпен қосу

4-ші қапшықта – сәбіз, банан

4 – тапсырма: Қимылды ойыны: «Ойыншықты тап»

Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту.

Шарты:

- Сиқырлы қапшықта не бар екен? Мынау не?

- Сәбіз

- Қандай жабайы аң, сәбіз жегінді ұнатады, оның ұзын құлағы, төрт аяғы бар?

- Бұл — Қоян. Қане, кім қоянды табады?

- Мынау не?

- Банан

- Қандай жануар, бананды жақсы көреді, олар өте ақылды, ағаштан ағашқа секіреді?

- Бұл – маймыл. Кім маймылды табады?

5-ші қапшықта – бояу, қылқалам

5 – тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Ғажайып жануарлар»

(Суретші нені шатастырған?)

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту.

Шарты: Балалар суретке қарап суретші нені шатастырғанын айту керек және көрсету. Ненің басы? Ненің құйрығы? Ненің аяғы? Ненің мойыны? Ненің денесі? ( Лақ, тауық, үйрек, мысық, күшік, көбелек, бақа)

Ү. Қорытынды

- Осы ойындар арқылы ерікті зейінін, есте сақтау, қиял, көру және ойлау қабілеттеріміз дамиды.

ҮІ. Қоштасу шеңбері: «Алақандарымызды шапалақтаймыз»

Жақсы көңіл күймен қоштасу үшін «алақандарымен шапалақтаймыз»

«Менің балаларым қандай ақылды, әдемі, мейірімді әрі көңілді!»

Билет № ___13

1.Терапиялық әдістерге тоқталыңыз. 35 балл

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады.

Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі.

Арт терапияның ерекшеліктері- музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, оригами, этнотерпия, киндер-сюрприз, құм терапиясы, артсинтез терапиясы, библиотерапиясы, маска терапиясы т.б.

Музыкалық терапия

Музыка трапиясы – бұл психотерапевтикалық әдіс. Ол жағдайын емдеу арқылы музыка әсер етеді. Мұнда музыка емдік, дәрілік зат ретінде қолданылады.

Бейнелеутерапиясы

Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты- баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін-өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады.

Бейнелеу терапиясының түрлері: 1.Поролон бөліктерімен сурет салу.

2.Сабынмен сурет салу.

3.Щеткамен сурет салу.

4.Майшаммен сурет салу.

Ойын терапиясы

Ойын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады.

Құм терапиясы (Sand play)

Құм терапиясы- адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін», өзін танытуға, өзіне өте маңызды,жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.

Құм терапиясы- клиенттің немесе емделушінің мәселелерін жөндеуге және бала кезінде негізгі қарама-қайшы тәртіп түрлері оған қауіпсіз түрдегі рольдік қимыл-әрекеттің түрі, бйнелеме(символика)әлемге жолдауды қолдану арқылы анықтауға көмек көрсетеді.