Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.93 Кб
Скачать

2.Өзін-өзі диагностикалау қағидасына тоқталыңыз. 35 балл

Кез –келген тренингте ұстануға қажет ережелермен қоса басшылыққа алынуға тиісті көптеген қағидалар бар. Солардың бірі: өзін өзі диагностикалау қағидасы.

Өзін –өзі диагностикалау.Мұнда әрбір қатысушы өзін жаңа қырларынан анықтап, өзіне қатысты жаңа маңызды проблема түсінуге мүмкіндік алады.

Өзін өзі диагностикалаудың көмегімен ойлау қабілетін, өз жүйке жүйесін, басқалармен қарым –қатынасын басқаруға болады. Өзін –өзі диагностикалау өзін –өзі танудың құрамдас бөлігі ретінде сананың дамуына қажетті ақпаратты береді. Өзін –өзі диагностикалау мен ең болдмағанда оның элементтерінсіз өзін өзі басқару мен өзін өзі тәрбиелеу мүмкін емес.

3.Әлеуметтік-психологиялық тренингке сипаттама беріңіз.30 балл

Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлғааралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез-құлықты таңдау проблемалары бар.

Әлеуметтік психологиялық тренингтің негізгі ерекшеліктері:

1.Тренингтегі топтық қатысушылардың белсенділігі.

Өзара қатынасын студенттердің өз әрекетіне өзгелердің көзімен(кері байланыс арқылы) қарауына мүмуіндік беріледі;

2.Топтық жұмыстың белсенді оқыту және интерактивтік әдістері ойындар, топтық пікірталастар қолданылады;

3.Топ ішіндегі қатысушылардың өзара тығыз байланыс жасауына басымдылық береді;

4.Қатысушылардың белсенді қарым- қатынас жасауына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастыратын тренингтің өту орны сай болуы;

5.Тренингтің карттырудың бір шарты қарым қатынастың өн бойында барынша еркін еркін әрі анық жағдай тудыру. Әлеуметтік психологиялық тренинг жағдайындағы қарым қатынас түлғааралық байланыс әлдеқайда белсендірек эмоциялық тұрғыдан жағымды анық және шынайырақ келеді.

Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

Тренер жұмысының 1-кезеңі - тренингке дайындық - әңгімелесу, тренингке қатысушылардан анкета алу, олардың құжаттарын, мінездемелерін қарау, меңгеру. Психолог тренингте қатысушылардың проблемалары мен ниеттерін анықтап алуы қажет. Тренер бағдарлама жасайды, тақырып анықтайды, уақыты мен орнын нақтылайды, аудио және видео таспалар таңдалады, таратылатын материал даярланады.

2-кезең– тренингті өткізу. Тренинг өткізу әдістемесі әртүрлі болуы мүмкін, бірақ, кез келген әлеуметтік-психологиялық тренинг рөлдік ойында және топтық дискуссияны енгізуі тиіс.

3-кезең - қорытынды шығару. Қорытынды әр сабақ сайын жүргізіледі. Қатысушылар өз жетістіктері мен сезімдерін бағалайды, бұл бағалау тренингтегі әрбір қатысушының жекелік дамуының динамикасына бағдарлануы тиіс. Әрбір сабақ сайын тренер өз бақылауларын журналға жазып қояды. Топтағы көрінген процестер: топ мүшелерінің эмоциялық қалпы, сабақта қозғалған тақырыптар, проблеманы талқылаудағы әрбір қатысушылардың қосқан үлесін бағалап тіркейді.

Қорытынды шығару сабақ циклі аяқталғанда жасалады. Психологиялық бақылауларды, анкеталарды, тестерді, бейнетаспаларды анализдеу арқылы тренингке қатысушы әрбір мүшенің жұмыс нәтижесін анықтайды.

Билет № ___5

1.Психология ғылымындағы зерттеу әдістерінің топтарына тоқталыңыз.35 балл

Психология әдістері тәжірибемен тығыз байланысты болуы қажет, демек, практикалық міндеттерді шешу үшін пайдалы. Мәселен, баланың психикалық дамуын зерттеу үшін оның психикалық дамуының негізгі заңдылықтарын, ерекшеліктерін анықтап алу керек, жан-жақты зерттеудің негізінде мектеп пен отбасындағы баланың оқыту және тәрбие беру үрдісін одан әрі жетілдірудің тиімді тәсілдерін белгілеу. Психология ғылымында кеңінен таралған негізгі әдістерге бақылау және экспериментжатады. Сонымен қатар психологияда жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкета әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.

Бақылау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу.

Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады.Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдісіне қойылатып екінші талап, бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек.

Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап — оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера т.б), жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б). Психологияның негізгі әдістердің бірі - эксперимент.

Эксперимент әдісі. Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайды жасайды. Сөйте отырып, экспериментатор оларды тұрақты қамти алады. Басқа зерттеушілермен бірдей жағдайда зерттеуді қайталай отырып, экспериментатор зерттелушінің әрқайсысының үрдістерінің дара ерекшеліктерін анықтай алады. Экспериментатор өзінің жағдайына қарай тәжірибені жүргізу шартын өзгерте алады. Бұл эксперименттің негізгі артықшылығы, сонымен қатар ол оқу-тәрбие үрдісінде тиімді тәсіл-дерді табуға мүмкіндік береді.

Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек дағдыларының қалыптасу жылдамдығы.

Психологияда екі түрлі эксперимент қолданылады: зертханалықжәне табиғи.

Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық экспсримент адамның психикалық ерскшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистаскоп көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады.

Эксперимент дегеніміз не? Эксперимент — бұл себеп-салдарлық байланысты зерттеу мақсатындағы зерттеушілік қызмет болып табылады. Ол төмендегіше іске асады:

1. Зерттеуші зерттейтін құбылысты өзі табады және оған белсенді әсер етеді.

2. Экспериментті жүргізуші өтіп жатқан құбылыстың шартын өзгертуі мүмкін.

3. Экспериментте оның нәтижесін бірнеше рет қайта жаңғыртуға мүмкіншілігі болады.

4. Нәтижесінде эксперимент сандық заңдылықтардың математикалық амалдарын айқындайды.

Эксперимент психологияның әдісі ретінде психофизиканың және психофизиологияның саласында пайда болды және психологияда кеңінен тарады.

Зертханалық экспериментке қарсы үш түрлі пікір қалыптасты: біріншіден, эксперименттің жасандылығы атап көрсетілді, екіншіден, сараптамалық сипаты, үшіншіден, эксперименттің абстрактылығы, экспериментаторға қиындық туғызуы.

Табиғи эксперименттің зертханалық зксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Сонымен қатар табиғи экспериментте бақылау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығын және екіншісінің белсенділігі. Бақылау мен эксперименттің аралық түрі болып есептелетін эксперимент табиғи эксперимент әдісіболып табылады. Табиғи эксперименттің негізін салған орыс ғалымы А.Ф.Лазурский болды (1910). Оның негізгі мақсаты -зерттеудің эксперименталдық сипатын табиғилық жағдайлармен ұштастыру.

Психологиялық-педагогикалық зерттеу міндеттерін шешетін экспериментті психологиялық - педагогикалық эксперимент деп атайды.

Әртүрлі жас кезеңдерінде шәкірттердің таным мүмкіншіліктерін зерттеуде және жеке тұлғаны қалыптастырудың нақты жолдарын анықтауда оның рөлі ерекше.

Адам психологиясына әсер ету, өзгерту құралы ретінде эксперимент пайдаланылады Оның осындай түрі қалыптастырушы экспериментдеп аталады. Өзіндік ерекшелігі мынада: ол бір мезгілде зерттеу тәсілі, сонымен қатар зерттеу құбылыстарын қалыптастыру әдісі қызметін атқарады.

Қалыптастырушы эксперимент үшін зерттелетін психикалық үрдістерге зерттеуші белсенді араласады. Қалыптастырушы эксперименттің негізін салушылардың бірі В.В.Давыдов эксперименттің бұл түрін генетикалық-моделдеуші эксперимент деп атады.Ол балалардың психикалық дамуын зерттеуді, тәрбие және оқытудың бірлікте болуын қамтамасыз етеді. Демек, қалыптастырушы эксперимент шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытудың эксперименталдік дамытушы әдісі болып табылады.

2.Тренингтік топ жұмысының қағидаларына сипаттама беріңіз.35 балл

Кез –келген тренингте ұстануға қажет ережелермен қоса басшылыққа алынуға тиісті көптеген қағидалар бар. Олар мынадай:

1.Өзара әсер диалогизациясы. Мұнда қарым –қатынастағы даралық, теңдік, қатысушылардың өзара сыйласымдығы және бір – біріне деген сеніміне негізделеді. Егер топта бір немесе бірнеше адам басым болса, онда қарым –қатынас диалогқа тән қасиеттерден жоғалтады, монологқа ауысады. Бұл тренинг ережелеріне қарама-қайшы

2.Тұрақты кері байланыс.Мұнда әрбір қатысушы өзі туралы ақпаратты өзгелердің пікіріне сүйеніп, үнемі алып тұруы қажет. Кері байланыс негізінде адам бұдан әрідегі іс –әрекетіне, тәртібіне, коррекция жасауға, сәтсәз қарым –қатынас тәсілін өзгертуге мүмкіндік алады. Ал мұндай бір –біріне қатысты пікірлдердің ашық, әділетті айтылуына тренингте барлық жағдай жасауы қажет.

3.Өзін –өзі диагностикалау.Мұнда әрбір қатысушы өзін жаңа қырларынан анықтап, өзіне қатысты жаңа маңызды проблема түсінуге мүмкіндік алады.

4.Дамытуды оңтайландыру қағидасы. Мұнда жүргізушіден нақты диагностика қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің білікті констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығулар арқылы қатысушылардың өзіндік дамуына тұрткі беру және олардың барлық күшін қажетт арнаға бағыттау керек.

5.Интеллектіні және эмоциялық салаларды гармонизациялау қағидасы – бір жағынан тренингте жоғары эмоциялық қатысушылар болған жағдайда ол шынайы өтеді, бұл ашықтыққа бағалап, топ мүшелерін ізгілікті қарым –қатынасқа жетелейді.\ Екінші жағынан болған жағдайды талқылаған кезде интеллектілі аналитикалық процесттер ынталандырылады. Мұндай әрекеттің формасы барлық тренингте қолд.дискуссия.

6.Топтың тұрақты құрамы- егер тренинг топ жабық болып, тұрақты құрамы болса, және жаңа адамдар қосылмаса, онда топ өнімді жұмыс істейді.

7.Өз еркімен қатысу қағидасы.

Тренингтік топты ұйымдастыру принциптері:

1 принцип: еріктілік принципі- барлық қатысушылар тренингке қатысу туралы шешімді өз бетінше жасауы тиіс. Қыстау, қатысуға мәжбүрлеу ешқандай нәтижеге алып келмейді, жекелік өзгерістер адамның ішкі қызығушылықтары туындаған кезде ғана мүмкін;

2 принцип: өзара әрекеттесуде диалогтық принцип- қатысушылар арасындағы толыққанды тұлғааралық қарым-қатынас өзара сыйластыққа, өзара сенімділікке негізделуі тиіс;

3 принцип: өзіндік диагностика- ең алдымен, клиент өз проблемаларын өздері түсініп қалыптастыруы, басқалай айтқанда өзіндік ашылуы тиіс;

4 принцип: ақпараттану:әрбір клиент сабақ қандай жағдайда болатынын білуге құқылы.

Тренингтік топқа қатысуға болатын оптимальді жас – 16-40 жасқа дейін.

Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

3.Әлеуметтік-психолоиялық тренинг түзету құралы ретінде .30 балл

Әлеуметтік психологиялық тренингтің екі негізгі мақсаты бар: өз қарым –қатынасындағы қиындықтарына өзгелерді немесе өзін кінәлап емес, дұрыс емес әрекеттерді тауып оны шеше білу; қарым –қатынастың жаңа құралдарын игеру , сәтсәз қарым –қатынас формаларын түзету.

Мына тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді:

1.қарым –қатынастағы өз компетенциясын дамыту;

2.Басқа адамға тұлға ретіндегі қызығушылығын ояту, тыңдай білу, өзін басқаның орнына қоя білуді үйрету;

3.қарым –қатынас үшін жеке жауапкершілікті дамыту, өз қателерін түзініп, түзей білу;

4.өзі және өзгелер жайлы ой толғауын дамыту, психологиялық бақылағыштықты дамыту.

Билет № ___6

1 Жаттығуларды таңдаудың мәнін көрсетіңіз 35 балл

Қандай да бір психологиялық жаттығу таңдаған кездле жаттықтырушы төмендегі жәйттарға назар аударуы тиіс:

1.Жаттығу өткізудің нәтижесінде қандай өзгеріс болуы мүмкін:

- жалпы топтағы жағдай өзгереді;

- топтың әрбір мүшесінің жағдайы өзгереді;

- көп жағдайда топтың бір немесе екі –үш мүшесінің жағдайы өзгереді;

-мазмұндық жоспарда ілгері жылжуға мүмкіндік беретін деректер жиналатын болса.

2.Топтың жағдайы қандай деңгейде: топта бірауыздылық басым болған сайын, онда еркіндік үдей түседі, топтың әр мүшесі өзін еркін сезінеді, бұл жаттығуларда тәуекелдік басымырақ болады.Мұндай жэаттығулар қатарына ең алдымен топ мүшелерінің жаттығуды жүзеге асыру барысында дене жанасуы қажет және көзді жұму арқылы жасайтын жаттығулар жатады.Бұл жаттығуларды өзінің межелі уақытынан бұрын жасау топта қолайсыздық орнататын шиеленістікті арттыра түседі.

3.Топтың құрамы: әлеуметтік –демографиялық мінездемелер, сондай –ақ дене бітімі жайлы мәліметтер.

4.Күн тәртібі: Тәуліктің бірінші жартысында түрлі мәселелер мен шаруаларды бір уақыт ұмыттыратын « осы сәттә және осы уақытта» жағдайға енуге мүмкіндік беретін топтық емес жаттығуларды өткізу дұрыс болмақ, сондай –ақ бұл назарды жинақтауға , ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді.

Ал тәуліктің екінші жартысында шаршағандығыңды ұмытуға мүмкіндік беретін, эмоционалды серпілтуге жаттығуларды өткізген жөн. Жаттығулардың соңғы түрін сонымекн бірге, топтың барлық мүшесіне немесе кейбіріне қиындық тудырғанын қызу талқылаудан кейін өткізуге болады.

2 Тренингтік топтың ережелеріне сипаттама беріңіз 35 балл

Жүргізуші топ ережелері туралы әңгімелеп, ондағы мынадай принциптерге ерекше тоқталады: «мен»- қатысушы, анық кері байланыс, эксперимент жасау принциптері, «қазір және осында», сенімділік принциптерін ұстану қажет.

«Тренинг кезінде келісім шартқа отыру». Топтық ережені миға шабуыл түрінде жүргізуін, келісілген шарттарды, ережені үлкен қағазға не тақтаға жазып қою.

Заң «ноль-ноль» (дәлдік заңы -пунктуальность)

Қол көтеру заңы: кезекпен сөйлеу, біреу сөйлеген кезде қалғандары үнсіз тыңдайды.Сөз алғысы келсе, қол көтереді.

Баға бермеу заңы: әр түрлі пікір тыңдалуға, қабылдауға құқылы, ешкім ешкімді бағалап, сынап – мінеуіне болмайды, тек әрекетті талдаймыз. Жеке басқа баға берілмейді, егер сын айтылса, ол құрама ойлардан болғаны жөн.

Сыр шашпау заңы: сабақтағы болған оқиғалар тек топ мүшелерінің ортасында ғана қалады, сыртқа жарияланбайды.

«Тоқта» заңы: егер кейбірінің тәжірибесін талдау кезіндежағымсыз жағдай туындаса, айтылғандар ұнамаса, тәжірибесі талданып жатқан адам «тоқта!» деп тақырыпты жауып тастауына болады.

Белсенділік заңы: сабақта белсенділік көрсетудің жай отырғандарға қарағанда алары мол.

3.Бөлектену қағидасына тоқталыңыз.30 балл

Бөлектену принципі, бұл жағдайда қатысушылардың сөздерін бөтен ешкім естіп қоймауы шарт. Егер жүргізушіге аудио немесе видео жазбалар қажет болса, топтың барлық мүшелерінен рұқсат сұрауы қажет. Тренингтік жаттығулар мен тапсырмалардың үлкен бөлігі осы материалдармен кейінірек өзіндік жұмыстары үшін арнайы жазылады

Билет № ___7

1.Тренингтік жұмыстардың мақсатына түсінік беріңіз. 35 балл

Эллист Аронсон Өз мінез құлқын зерттеуге дайындығын дамыту,әлеуметтік құзіреттілікті жоғарлату, тұлғааралық қатынастарда ашылу, бірлесіп іс-әрекет жасауды үйрету,қақтығыстарды конструктивті түрде шешу

Вачков И.В Топ қатысушылардың психологиялық мәселелерін зерттеу, оларды шешу жолдарын іздестіру, психикалық денсаулықты жақсарту, адамдардың арасында үйлесімді және тиімді қарым-қатынасты дамыту, өзіндік сана-сезімді дамыту, мінез-құлық өзгерістер негізінде, эмоционалды бұзылыстардың алдын алу, шығармашылық потенциалды жүзеге асыру, сәттілік және бақыт сезіміне талпыну.

Зайцева Т.В Топ қатысушыларын сәтті мінез-құлыққа үйрету

Лебедева Н.М Тұлғаның әлеуметтік бейімділігін дамыту, креативті белсенділікті дамыту

КьеллРудестамТренинг қатысушылары өзінің көңіл-күйін жақсартуға ұмтылу керек және өзін де іс – жүзінде көрсетуге ұмтылу

2 Гетерогендік қағиданың мазмұнын ашыңыз. 35 балл

Гетерогендік қағиданың мазмұнын ашыңыз *- Гомогенділік – қандай да бір сипаттар мен қасиеттердің бірлігі,ҧқсастықтары мен сәйкестілігі•Жынысы•Жасы•Білімі•Интеллект деңгейі•Әлеуметтік статусы•Тұлға типі және мінез-құлық стилі•Психологиялық мәселе•Сенім және құнды бағдары•Мақсаттары

Гетерогенділік – объект немесе субъекттердің сипаттары мен қасиетер арасындағы айырмашылығы.

3.Әр тұлғаның жеке жәй-күйіне әсер ететін жаттығуларға тоқталыңыз 30 балл

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық

жаттығулар

1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

3. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

4.«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу

Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .

Ырылда, арыстан, ырылда соққыла, пойыз, соққыла

Бұл ойынды енжар және тежелгіш балалармен ойнаған дұрыс. «Біз бәріміз – арыстандармыз, үлкен арыстандар жанұясымыз. Кім қатты ырылдайды, жарысып көрелік. Мен «ырылда, арыстан, ырылда» деп айтқанда қатты ырыл естілсін. «Кім қатты ырылдай алады? Жақсы ырылдайсыңдар, арыстандар… Осы арыстанның дауысы ма? Бұл мысық баласының шіңкілі ғой? Күшті дауысты арыстан керек ».

Осыдан кейін бәрі бір – бірінің артынан тұрып иықтарына қолын қояды. Сендер – паровозсыңдар. Бөлме жиегімен ысқырып,

соққылып, жылжыңдар. Бөлмені бір рет айналғасын, бірінші бала соңына тұрып, кейінгісі «паровоз» орнына тұрады. Ол әлдеқайда тезірек және қатты дауыспен жылжуы керек. Бәрі паровоз рөлінде болып шыққанша ойын жалғасады. Ойын соңында бәрі еденге құлауға да болады.

Билет № ___8

1.Тренингтік топтың психологиялық ерекшеліктерін ашыңыз 35 балл

1965 жылы Шейн мен Бейнес лабороториялық тренингтің мақсаттары мен аспектілерден тұратындығын көрсетті.

1.Психологиялық қорғану барьерлерін төмендету және жекелей дәрежеде сенімсіздікті жою.

2.Топтың қызмет жасауына кедергі келтіретін немес жеңілдететін шарттарды түсіну.

3.Басқалармен нәтижелі бірлескен әрекет жасау үшін, топта бірлескен қатынастың дәрежесіне жету.

4.Ұйымдастырылған топтың жекелей мәселелерді диагностикалау икемділігін шешу.

Әлеуметтік психологиялық тренингтің негізгі ерекшеліктері:

1.Тренингтегі топтық қатысушылардың белсенділігі.

Өзара қатынасын студенттердің өз әрекетіне өзгелердің көзімен(кері байланыс арқылы) қарауына мүмуіндік беріледі;

2.Топтық жұмыстың белсенді оқыту және интерактивтік әдістері ойындар, топтық пікірталастар қолданылады;

3.Топ ішіндегі қатысушылардың өзара тығыз байланыс жасауына басымдылық береді;

4.Қатысушылардың белсенді қарым- қатынас жасауына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастыратын тренингтің өту орны сай болуы;

5.Тренингтің карттырудың бір шарты қарым қатынастың өн бойында барынша еркін еркін әрі анық жағдай тудыру. Әлеуметтік психологиялық тренинг жағдайындағы қарым қатынас түлғааралық байланыс әлдеқайда белсендірек эмоциялық тұрғыдан жағымды анық және шынайырақ келеді.

Тренинг өткізілетін орында қатысушылар шеңбер құрып отыратындай жағдайда болуы қажет. Психотренердің міндеті - жұмысты ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және тренинг өткізу болып табылады.

2.Топтың қалыптасу қағидасына сипаттама беріңіз 35 балл

Т – топтың тууы белгілі әлеуметтік психолог Курт Левиннің есімімен байланысты. Ол 1933 жылы Германиядан Америкаға қоныс аударылып, топтық динамика және әлеуметтік әрекет мәселесінен шұғылданды. Осы кезеңде әлеуметтік психологтар алдында көптеген сұрақтар туды. Топтық әдістерімен басқару медицина, педагогикада кеңінен таралды. Топтық қарым-қатынас феномені – ғылыми түсініктемесіз болады. Осыны түсіндіру үшін Левин өмірлік кеңістік- полясы теориясын жасады. Ол мынаны түсіндірді «тіршілік етуші және бірлескен факторлардың жиынтығы – берілген уақыттағы индивидтің мінез-құлқын көрсетеді». Бұл факторлардың жиынтығы жеке адамды, оның психологиялық қоршауын қамтиды, бір тұтас психологиялық поля жасай отырып. 1939 жылы «Әлеуметтік кеңістікте эксперименттер» деген мақаласында Левин бірінші рет «топтық динамика» терминін қолданады, кейінен ол жалпы қолданылатын терминге айналды. Шынын айтқанда Т – топ өз бастауын Левин басшылық жасаған оның әріптестерінің лабароториялық тренинг сабақтарынан алады. Т- топтың пайда болған дәл анық айтуға болады. 1945 жылы АҚШ-та топтық динамиканы оқу орталығы ашылады, онда қоғамдық ғылымдар мамандары, Левин – топтық динамика тренинг жасаушы – қызмет етті.

1946 жылы топаралық қатынас шеберханасының жұмысын ұйымдастырушылар оқыту және бір мезгілде топтың динамиканы зерттеу үшін жаңа әдісті ойластырады. 1947 жылы АҚШ-та Тренингтің ұлттық лабароториясы жасалады, ол қазірде қызмет етуде. Топпен психологиялық жұмыстың көптеген түрлері Т-топтарымен бірге іске асады. Оларды әлеуметтік-психологиялық тренинг түсінігіне біріктіреді.

«Т- топ» термині шет елде қазіргі уақытта кең спектірлі топтарға жатады, олардың мақсаттары әр түрлі. Оларға басқарушылар тренингін, бірлескен мінез-құлыққа қатынасушыларды тәрбиелеу және топта бірлескен қатынасты қалыптастыру, синзетивті топтар жекелей даму және т.б. кіреді.

3.Жасөспірімдермен жұмыстың негізгі бағыттарын ашыңыз.30 балл

Өзін-өзі тәрбиелеу — бұл адамның өз-өзімен саналы түрде жұмыс істеуі, өз-өзіне баға беруінің нәтижесі, идеалдылықты қалыптастырып, өзін-өзі кемелдендіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу.Тәжірибе көрсеткендей, адам өзін-өзі тәрбиелеу жайлы бозбала шақта ойлана бастайды, себебі бұл процесс психологиялық есейгендікпен – өз-өзіне баға беру мен өзін-өзі байқауға қабілеттілігімен байланысты.Дәл бозбала шақта «идеалды» өзің жайлы алғашқы ойлар пайда бола бастайды және «осы шақтағы — мен» мен «қалауыңдағы — меннің» арасындағы айырмашылық байқала бастайды.Жасөспірім өзінің идеалды бейнесіне жақындау үшін алдына мақсаттар қояды. Алайда барлық жасөспірім өзін-өзі тәрбиелеумен айналыспайды, себебі мұның болашақ өмірлері үшін қаншалықты маңызды болатынын барлығы түсіне бермейді. Әдетте өзін-өзі тәрбиелеумен ерік күші дамыған және өзін-өзімен жұмыс істеу дағдысы бар балалар айналысады. Жасөспірімдер өзін тұлға ретінде тәрбиелеу барысында қандай да бір нәтижеге жетулері үшін кейбір факторларды ескеруі тиіс, әсіресе мұны мұғалімдер қаперінде ұстағаны жөн.Тәрбиелеудегі факторлардың бірі еліктеуге тұрарлық идеалдарды дұрыс қалыптастыруға көмектесу болып табылады. Бұл балаларға табысты, тағдыры еліктеуге тұрарлық танымал адамдардың биографиясымен таныстыру арқылы іске асады. Таңдалған кейіпкердің биографиясындағы өзін-өзімен жұмыс істеген кездеріндегі деректерге аса назар аудартып айту керек.Ұжымда нақты бір орынға ие болу сынды өзін-өзі тәрбиелеу факторлары да ынталандырады. Сонымен қатар лайықты орынға ие болу үшін лайықты болу керектігін және еңбектену керектігін түсіндіреді. Бұл жағдайда педагогтың міндеті – жасөспірімдердің назарын мінезінің кейбір тұстарына білдіртпей аударту арқылы олардың тәртібін түзеу, мысалы, біреулерде — бұл қызбалық, басқаларында — ұжымның басқа адамдарына деген менсінбеушілік және т.б. болуы мүмкін.Өзін-өзі тәрбиелеудегі тағы бір маңызды фактор – жасөспірімдердің қатарластарының оң және теріс мысалдары болып табылады. Оң мысалдармен бәрі түсінікті, тек бастысы асыра сілтеудің қажеті жоқ, біреудің баласын оған мысал болатын баланың көзінше асыра мақтауға жол бермеңіз, әйтпесе кері механизм орын алуы мүмкін – оң мысалды теріс мысал деп қабылдауы мүмкін.Себебі жасөспірімдердің жаны нәзік келеді, сондықтан құрдасына жасалған мақтау сөзді өзінің дәрменсіздігі деп қабылдауы мүмкін. Сонымен қатар, біреумен салыстырмай-ақ, басқа жасөспірімдердің бойындағы жағымсыз қасиеттерге баға беруге болады, әсіресе мұндай қасиет «тәрбиеленушінің» бойында болса.Кейде біреулердің жағымсыз қылықтарын сөгу жасөспірімді өз қылықтары жайлы ойлануға итермелейді.Өзін-өзі тәрбиелеу факторлары жасөспірімдерде ішкі қарсылық пен өзін-өзімен жұмыс істеу қажеттілігін тудыратын психологиялық механизм сияқты әсер етеді. Мұндай қажеттілік әрбір жасөспірімде пайда болады, ал педагогтың міндеті – соны сезіп, түзу жолға бағыттау.

Билет № ___9