Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дайын тренинг улкен шрифт.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.93 Кб
Скачать

3.Танысу тренингіне сипаттама беріңіз. 30 балл

Тақырыбы: «Танысу» тренингі

Мақсаты: Оқушылармен тренинг арқылы танысу, әрқайсысымен тіл табысып, оларлы байқау. Оқушыларды әдептілікке, тәрбиелікке үйрету.

Жоспары: 1. Танысу

Мен өзімді жақсы білемін

Менің алдыға қойған мақсатым

гимнастика «КЕЗДЕСУ»

Сауалнама

Әдепті бала

Қорытынды

Керекті құралдар: қалам, А4 беттері, доп

Жаттығу «Танысу»

Шарты: Келген қатысушылар дөңгелек болып отырады. Әр қатысушы өзін таныстырады. (аты- жөні, қай жылы келгенін, сыныбын, үлгерімін) және бір- бірлеріне тілектер айтады.

Жаттығу «Мен өзімді жақсы білемін»

Шарты: Бұл жаттығуда А4 беттеріне жағымды, жағымсыз қасиеттері деп кесте сызады. Уақыт 5 мин. беріледі. Өзінің қасиеттерін жазып, ортаға айтады. Қалған қатысушылар айтқан қасиеттері бойында бар екенін, өз ойларын ортаға салады.

Жаттығу «Менің алдыға қойған мақсатым»

Шарты: Қатысушылар өздерінің алдыға қойған мақсаттарын айтып, сол мақсатқа қалай жету үшін не істеу керек екенін айтады. Уақыт 3 мин. беріледі.

Жаттығу гимнастика «КЕЗДЕСУ»

Шарты: Екі дос көптен бері көріскен жоқ. Екі достың кездесу арманы болған. Ал, енді сендерге тапсырма, мына екі достың кездесуін , елестетіп көрсетулеріңізді сұраймын.

«Сауалнама»

Шарты: Қатысушылар берілген сауалнаманың сұрағына жауап жазу керек.

Аты-жөні:

Туған күні

Жанұя туралы мәлімет

Ата- анаңды тыңдайсын ба?

Сенің арманың?

Сен кімге ұқсағың келеді?

Бос уақытты қалай өткізесің?

Мектепішілік іс-шараларға қатысасың ба?

Сенің досың бар ма?

Өз сыныбың саған ұнай ма?

Өз сыныбынан туған күнге кімді шақырғың келеді?

Қандай іспен шұғылданғанды ұнатасың?

Қандай іс- әрекетке бейімділігін бар?

Жаттығу «Әдепті сөздер»

Шарты: Сендер бір- бірлеріне допты лақтырып, әдепті сөздер айтуларың керек. (кешіру, рахмет айту, т.с.с)

Содан кейін қатысушылар мағынасын түсіндіреді.

Қорытынды. Әр қатысушы өткен сабаққа қорытынды жасап, өз ойларын және ұсыныстарын ортаға салады. Жүргізуші қатысушылардың ұсыныстарын қабылдап, сабақтың өткен деңгейін қорытындылайды.

Билет № ___30

1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз.35

Л.А. Петровская психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», «қарым-қатынаста жеткілікті дамыту құралы», «психологиялық әсер ету құралы» ретінде қарастырады.

Тренинг – жаттығу деген ұғымды білдіреді. Психологиялық тренингтің мақсаты- әрбір жеке тұлғаны өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне алуға үйрету, өзге адамдармен қарым-қатынас орнатуда жаңа мүмкіндіктер табу. Психологиялық тренингтің негізгі мәселелерінің бірі – оқушыларды ұйымдастыру болып саналады. Тренинг қатысу барысында оқушылар бір-бірінің пікірін құрметтеуге, жолдасына сеніммен қарауға бойындағы қорқыныш, өз-өзіне сенбеушілік сезімдерін жоюға үйренеді. Тренинг өткізуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне мән беріліп отырады, оларды сатылап яғни бастауыш сынып, орта буын және жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг түрлерін өткіземіз. Әр тренинг қалаыптасқан жүйеде, белгілі тәртіп пен элементтерді қамтамассыз ете отырып жүргізіледі. Психолог тренингті өткізе отырып оқушылардың қадір-қасиетін сақтап, олардың жеке басына тиісті мәліметтерін жарияламауы керек.