- •1. Тренингтің психологиялық негізгі пәні мен міндеттерінің мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингке психологиялық анықтама беріңіз
- •2. Топтың тұрақты құрамы қағидасының мазмұнын ашыңыз
- •3. Хат жазу терапиясының мазмұнын ашыңыз
- •1. Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз
- •2.Өзін-өзі диагностикалау қағидасына тоқталыңыз. 35 балл
- •1.Есті дамытуға бағытталған тренингтердің мазмұнын ашыңыз .35 балл
- •2.Психолог маман қызметінің ерекшеліктерін көрсетіңіз.35 балл
- •3.Тұтас тренингке және жеке жаттығуларға өз еркімен қатысу қағидасына сипаттама беріңіз.30 балл
- •2.Танысу тренингінің ерекшеліктерінің мәнін ашыңыз 35 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз 35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
- •3.Сензитивтілік тренингке анықтама беріңіз 30 балл
- •1.Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.35 балл
- •1.Әпт құрудың негізгі ұстанымдарына тоқталыңыз 35 балл
- •3.Ұжымдағы өзара қатынасты дамыту жаттығуларына сипаттама беріңіз. 30б
- •1.Тұлғаның өзіндік санасын дамыту тренингтеріне тоқталыңыз 35 балл
- •2.Психотерапия-мектеп психологы қызметіндегі белсенді құрал екеніне негіздеме беріңіз
- •1.Тренингтегі рөлдік ойындарға сипаттама беріңіз
- •2.Тренингті өткізу кезеңдері
- •3.Тренинг кезеңдеріне сәйкес психотехникалық тәсілдерге тоқталыңыз 30 балл
- •1 Тренингті ұйымдастыру кезеңдеріне тоқталыңыз. 35 балл
- •2 Музыка терапияға сипаттама беріңіз 35 балл
- •1 Психолог қызметіндегі түзету жұмыстарының ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз. 35 балл
- •3.Танысу тренингіне сипаттама беріңіз. 30 балл
- •1.Тұлғаның эмоционалды –еріктік саласын дамыту жолдарын көрсетіңіз.35
- •1 Сынып оқушыларына «Бәрін білгім келеді» тақырыбында өткізілген тренингте оқушының бір бірімен қатынасын жақсарту, сөйлеу, есте сақтау қабілеті мен ойлау қабілетін дамыту.
Тренингтің психологиялық негіздері
Билет № ___1
1. Тренингтің психологиялық негізгі пәні мен міндеттерінің мазмұнын ашыңыз
Қазіргі мұғалімнің кәсіби даярлығына қойылатын негізгі талаптар Қазақстан Республикасында жоғары педагогикалық білім беру концепциясында айқын көрсетілген. Концепцияда қазіргі мұғалім - ол рухани қамтыған, шығармашыл кәсіби дағдыларды жетік меңгерген және үнемі ізденісте болуы керек. Дегенмен болашақ маманның кәсіби даярлығы жоғары оқу орнындағы барлық оқу жылдарында мақсатты бағытта жүзеге асырылуы қажет. Әр оқу жылы нақты мақсатқа бағытталады. Осы мақсаттың дұрыс жүзеге асырылуы әр оқу пәнінің, сонымен қатар психологиялық - педагогикалық пәндер кешенінің болашақ мамандарды кәсіби даярлаудағы мүмкіндіктерін дұрыс қолдануға байланысты.
Студенттерде өздерін қабылдап, бағалап және өзін дамыту жолдары туралы психологиялық білім қоры болуы керек. Оқушылармен қарым-қатынас дағдыларын және тәсілдерін білуі қажет. Оқушылардың жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, олармен нәтежелі қарым-қатынас орната алу іскерлігі қалыптасуы керек. Осылардың барлығы жоғары оқу орнында «Тренингтік жұмыс технологияларын» оқытудың қажеттігін көрсетеді.
Пәннің мақсаты
Психологиялық тренинг технологиялары туралы түсінік беру; тренинг өткізу ережелерімен таныстыру; тренинг түрлерімен және жаттығуларымен таныстық.
Пәнді оқып-зерттеудің негізгі міндеттері:
Қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
Тренинг жаттығуларын іріктеуді үйрету;
Тренинг ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру;
Тренинг сабақ бағдарламаларын құру іскерлігін дамыту;
Жастары әр түрлі балалар тобымен тренингтік жаттығулар жүргізу дағдыларын меңгерту.
2. Дамытуды оңтайландыру қағидасына түсінік беріңіз
Мұнда жүргізушіден нақты диагностика қатысушылар мен толық топтың белгілі бір психологиялық күйінің білікті констатациясы, сонымен қатар шарттарды оптимизациялау мақсатында болып жатқан іске белсенді түрде араласуын көздеу. Арнайы жаттығулар арқылы қатысушылардың өзіндік дамуына тұрткі беру және олардың барлық күшін қажетт арнаға бағыттау керек.
3. Ойын-психотерапияның жетекші бағыты ретінде екенін негіздеңіз
Ойын психотерапиясы – балаларға және ересекерге ойынды пайдалана отырып психотерапевтік әсер ету әдісі. Ойын – жағдаяттарды игеру, қоршаған ортаны зерттеу, дене, ақыл және әлем мүмкiндiктерін түсіну қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Осы мағынада, ойын сөзсіз когнитивті дамуын ынталандырады және қалыптастырады. Сондықтан да ойындар адамның өзін-өзі белсендіруге мүмкіндік беретін ортаны жасауға, тудыруға бағытталған. Ойын терапиясы адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтары әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады. Бұл мақсатқа эмпатиялық тыңдау, қабылданатын мінез-құлық шегін құру көмегімен жетеді. Ойын топта жылы достық қарым-қатынас құру тәсілі ретінде ғана емес, даму құралы ретінде де қолданылады. Мұндай ойындарда осы рөлдермен ассоциацияланатын идеялар, жағымды мінез-құлық және құндылықтар меңгеріледі. Ойын психотерапиясындағы бұл процесс тұлғада түрлі эмоция тудыратын, әртүрлі адамдардың рөлін ойнау барысында жалғасын табады.
Билет № ___2
1. Тренингке психологиялық анықтама беріңіз
Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.Бү-
гінгі күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience — «өмірлік тәжірибе») қолданады.
Психологиялық тренингтің классикалық анықтамасы былай: «…Топтық методтың сіңісуі арқылы өзін өзі тануды жетілдіру, қатынас және топ ішіндегі өзара түсіністік».
Өз еңбектерінде И.В.Вачков жазады: — «Тренингтер, практикалық жұмыстың келешек үлгісі, жаттығуларды жүргізіп отырған психолог белгілі бір бағыттың кез келген мағынасын ала отырып өзіндік жол құрады».
