Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Днекер тінні талшыты рылымдары мен коллагеніні бзылыстары..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.92 Кб
Скачать

«Астана Медицина Университеті» АҚ

В.Г.Корпачев атындағы патофизиология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Дәнекер тіннің талшықты құрылымдары мен коллагенінің бұзылыстары.

Орындаған: Сегизбаев А.А.

Топ: 214 ЖМ

Тексерген: Ерментаева Л.Н.

Астана 2017 жыл

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Дәнекер тінінің талшықты құрылымдары.

2.2. Коллаген белогының дәнекер тініндегі маңызы

2.3. Коллагеннің дәнекер тініндегі бұзылыстары. Коллагеноздар.

2.4. Ревматизм.

2.5. Қызыл жегі.

2.6. Склеродермия

2.7.Дерматомиазит

2.8.Түйінді периартериит

2.9.Эластикалық талшықты құрылымдар. Оның бұзылыстары

2.10.Ретикулярлы талшықты құрылымдар. Оның бұзылыстары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Дәнекер тіннің бұзылыстары қазіргі уақытта қолданбалы медицинада актуальді тақырыптардың бірі болып табылады.

Дәнекер тіннің талшықты құрылымдары мен коллагенінің бұзылыстарының – косметологиялық, эстетикалық маңызы бар. Яғни, гиалурон қышқылдары мен коллагеннің бұзылыстары – әжім, терінің құланымдары, кәрілік қатпарлары т.б әйгіленімдерімен көрінеді. Сондықтан, оның алдын алу, емдеу шаралары қазіргі технотронды 21 ғасырдың ең көп сұранысқа ие медициналық қызмет түрі деп айтуға болады. Заманауи клиникалық қызметтің 38% терідегі талшықты құрылымдарды гиалурон қышқылының көмегімен қалпына келтіу арқылы көрсетіледі.

Гистологиялық ерекшеліктеріне байланысты дәнекер тіндері жасуша және жасушааралық заттан тұрады.

Жасушааралық зат: 1. Негізгі аморфты зат;

2. Талшықтар (ретикулярлы, эластин, коллаген талшықтары)

Негізгі аморфты зат гель тәрізді,қоймалжың субстанция. Құрамында: ГАГ, протеогликандар, гепарин, гликопротеин, фибронектин болады. Негізгі зат коллоидты жүйе болғандықтан гель қалпынан золь қалпына айналады. Бұл қанмен және басқа да тіндермен зат алмасуды реттеуде маңызды болып табылады. {9}

Мен осы жұмысымда дәнекер тіннің талшықты құрылымдарының бұзылыстарын, сол құрылымдардың адам ағзасындағы маңызын, этиологиясы мен патогенезін талдайтын боламын.

Бұл мәселелер клиникалық практикада – медицинаның : пластикалық хирургия, дерматология, травмотология, ортопедия және т.б салаларында өзекті болып табылады.

2.1. Дәнекер тінінің талшықты құрылымдары.

Дәнекер тіндері жасушалы дифферондардан және көптеген жасушаарлық заттан (талшықтар мен аморфты заттар) тұратын, ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, мезенхиманың туындылары. Дәнекер тіндері организмнің 50% -ға жуық көлемін құрайтын ең көп таралған тін болып табылады.

Барлық дәнекер тіндері жасуша және жасушааралық заттан тұрады.

Жасушааралық заттың өзі: 1. Негізгі аморфты зат;

2. Талшықтар (ретикулярлы, эластин, коллаген талшықтары)

Негізгі аморфты зат гель тәрізді,қоймалжың субстанция. Құрамында: ГАГ, протеогликандар, гепарин, гликопротеин, фибронектин болады. Негізгі зат коллоидты жүйе болғандықтан гель қалпынан золь қалпына айналады. Бұл қанмен және басқа да тіндермен зат алмасуды реттеуде маңызды болып табылады. {9}

Дәнекер тіннің талшықты құрылымдары - жасушааралық заттың екінші компоненті.Оларды фибробласттар өндіреді.

2.2. Коллаген белогының дәнекер тініндегі маңызы

Коллаген талшықтары жарық микроскобында

жуан, иректелген; қышқылдық бояулармен жақсы боялады (эозин–қызыл түс).Құрылуы 4 сатыда жүреді.

Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – склеропротеидтер тобына жататын фибриллалы белок, адамдардың дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының бір бөлігі. Коллагеннің молекуласы (ұзындығы 0,3 мкм , қалыңдығы 0,015 мкм ) спираль тәрізді үш полипептидтік тізбектен тұрады. Толық жетілген талшықтардың Коллагені су мен органикалық еріткіштерде ерімейді, оны ерітуге 10%-ке дейінгі сілті ерітіндісі қолданылады. Толық жетілмеген талшықтардың Коллагенін (проколлаген немесе тропоколлаген) әлсіз қышқылда ерітуге болады. Коллаген адамда барлық ақуыздың үш бөлігіндей болғандықтан, ол дәнекер ұлпасының тарамыс, сіңір, шеміршек, тері, сүйек, балық қабыршағының маңызды құрамдас бөлігі, негізгі тірегі.

Адам мен жануарлардың дәнекер тінінің (ұлпасының) талшығын коллаген талшықтары деп атайды. Оның негізі коллаген ақуызынан тұрады. Коллаген талшығының жуандығы 1 – 12 мкм, ал диаметрі 0,3 – 0,5 мкм, тармақталған фибрилла жіпшелерінен тұрады. Ал фибриллалар жуандығы 0,04 мкм микрофибриллалардан құралады. Коллаген талшығында проколлаген не тропоколлаген молекуласы микрофибриллалардың ұзына бойына қара, ашық түсті болып кезектесіп орналасады. Коллаген талшықтарының серпімділігі нашар, олар шеміршекте болса – хондриондық, сүйектен табылса – оссейндік талшықтар деп аталады. Коллаген типті ақуыздар сүтқоректілердің терісінен (ретикулин), көздің шыны тәрізді денесінен (витрозин), сүйекті және шеміршекті балықтардың, маржандардың, губкалардың тінінен (спонгин, горгонин, антипатин) алынған. Өсімдіктерде Коллаген кездеспейді. Илік заттар Коллагеннің химиялық және физикалық, сондай-ақ, бактериялық әсерлерге беріктігін арттырады. Көптеген бактерия уларының қауіпті әрекеті, организмдегі тіршілік үшін маңызы зор қосылыстардың бүлінуі коллагеноза ферментінің әрекетіне байланысты. Дәнекер ұлпаның (Коллаген талшықтарының) морфолгиялық белгілерінің өзгеруіне байланысты пайда болатын сырқаттарды коллагеноздар деп атайды.{7}{2}