- •3.Даму тарихы және негізгі жетістіктері:
- •4. Биологиялық макромолекулалар:нәруыздар
- •5.Нәруыздардың құрылысы, қызметі, қасиеттері
- •6.Нуклеин қышқылы. Днқ-ның кеңістікте ұйымдастыру ерекшеліктері
- •7.Митохондриялық днқ-ның құрылыс ерекшеліктері
- •9. Жасушадағы рнқ түрлері. АРнқ
- •12. Днқ репликациясы.Репликация этаптары
- •18. Теломералар және теломеразалар.
- •19.Генетикалық код, ген-қ код туралы түсінік, қасиеті, құрамы
- •21. Нәруыз биосинтезі. Транскрипция.Транскрипция фазалары
- •22.Нәруыз биосинтезі.Трансляция кезеңдері.
- •29 Ген туралы түсінік.
- •29 30 Прокариот және эукариот гендерінің құрылымдық ұйымдасуы
- •32.Геном туралы түсінік.Адам геномының ұйымдасу деңгейлері.
- •34.Хромосомалар. Хромосомаларды құрылымдық ұйымдасуының деңгейлері.
- •35.Адам кариотипі туралы түсінік. Хромосомалардың жіктелуі. Адам хромосомаларының қатарлары.
- •37. Мутагенез және мутагенді факторлар; мутациялардың жіктелуі
- •Пайда болу орнына байланысты:
- •4) Генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты болатын мутациялар:
- •38. Днқ репарациясы.
- •44. Зерттеулердің молекулалы-генетикалық әдістері және олардың медициналық әдістері.
- •48. Гендік – инженерлік технологиялар.Трансгендік ағзалар, фармация мен медицинада қолданылуы. Ағзаларды клондау.
- •49 . Жасуша теориясы. Жасушаның түзілу типтері.
- •91.Дамудың туа біткен ақаулықтары
- •94. Резус-фактор
- •98.Полигенді аурулар көптеген гендердің қатысуынан пайда болады
9. Жасушадағы рнқ түрлері. АРнқ
РНҚ ДНҚ сияқты полимер-сызықты полинуклеотид, ал мономерлері рибонуклеотидтер. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіз - А,Г,Ц,У, 1 фосфор қыш қалдығы кездеседі. нуклеотидтер 5прим, 3прим-фосфодиэфирлік байланыс арқылы байланысқан. РНҚ полинуклеотид тізбегі полярлы б.к. олардын 5-3прим ұштары бар.
РНҚ ДНҚ молекуасынан айырмашылығы:
1 РНҚ бірширатпалы
2 РНҚ молекуласындағы қант дезоксирибоза емес рибоза.
3 Азоттық негізден Т орнына У кездеседі.
А-РНҚ.
1 РНҚ молек жиынтығынан 5пайыз құрайды.
2 а-РНҚ сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады.
1 Қалпақша. ол 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған.
2 Трансляцияланбайтын участок - ол бірнеше ондаған нуклеотидтер тірізділігінен тұрады. аРНҚның рибосомамен алғашқы байланысуын қамтамасыз етеді.
3 Инициаторлық кодон - ол барлық аРНҚларда бірдей - АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды.
4 Кодтаушы участок - яғни полипептид тізбегі туралы ақпарат жазылған участок.
5 Кодон терминатар - 3 мағынасыз кодон: УАА,УАГ,УГА
6 Трансляцияланбайтын участок
7 Поли(А) фрагмент- пісіп жетілген эукариоттар аРНҚсының 3прим ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұрады.
10. тРНҚ
тРНҚ жалпы саны 40-50 жуық, 1 аминқышқылда 1ден 5-6ға дейін тРНҚ болады.
тРНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық нуклеотидтер 13-15проц. олар: 1 гидроудирин, псевдоудирин. 2 инозин. 3 метилинозин, метилгуанезин. 4 диметилуридин.
тРНҚ бірнеше ілмекшелердің пайда болуымен ол беде өсімдігінің үшқұлақты жапырағына ұқсас. бұл құрылымда 4қостізекті және 5 дара тізбекті учаскелер кездеседі. 3прим ұшында 4 нуклеотидтен тұратын акцепторлық бұтақщасы болады. оның ең соңғысы А ковалентті байланысады. акцепторлық бұтақшаның қарама қарсы жағында 7 нуклеотидтер тұратын антикодондық имек бар. олардың 3 антикодон қызметін атқарады.
11. рРНҚ
рРНҚ рибосома субъединицаларының құрамына кіреді. олар: 5S-p, 5.8S-p, 18S-p, 28S-p. рибосоманың ең кіші бөлшегі 18S-p РНҚның 1 молекуласынан және 30 ақуыз молекулаларынан құрылған, аол үлкен субъединицасы 3 әртүрлі рРНҚ молекулаларынан және 45 ақуыз молекулаларынан тұрады.
рРНҚ молекуласының ерекшелігінің бірі - оның құрамынада Г және Ц сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлде қайда көп болуы. сонымен қатар минорлық нуклеотидер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша митилденген нуклезидтер. рРНҚның 2 реттік құрылымда қостізбекті учаскелер және ілмекшелер де көп кездеседі.
9 10 11. а-РНҚ, т-РНҚ, р-РНҚ қызметтері, құрылыс ерекшеліктері
А-РНҚ молекулаларында полипептид тіззбегі туралы ақпарат болады. А-РНҚ жасушадағы РНҚ молек-ң молекулаларының небәрі 5% ғана құрайды.А-РНҚ-лар қаншалықты көп болғанымен бәрінің құрылысы бір-біріне ұқсас, яғни а-РНҚ-ның сызықтық тізбегі әртүрлі қызмет атқаратын бірнеше учаскелерден тұрады:
РНҚ-ның 51 ұшында «қалпақша» не кэп деп аталатын учаске орналасқан, ол 4-5 модификацияланған нуклеотидтерден құралған.
Қалпақшадан кейін 51 – трансляцияланбайтын учаске орналасқан - ол бірнеше ондаған нуклеотидтер бірізділігінен тұрады. Ол рибосоманың кіші бөлшегіндегі 18-s-рРНҚ-ның бір бөліміне комплементарлы болады жіне аРНҚ-ның рибосомамен байланысуын қамтамасыз етеді, бірақ өзі трансляцияланбайды.
Инициаторлық кадон – ол барлық аРНҚ-ларда бірдей – АУГ және метионин аминқышқылын анықтайды.
Инициаторлық кадоннан кейін аРНҚ-ның негізгі бөлімі – мағыналы кодтаушы учаске, яғни полипептид тізбегң туралы ақпарат жазылған учаске орналасқан.
аРНҚ-ның кодтаушы бөлімінен кейін кодон терминатор – мағынасыз 3 кодонның - УАА, УАГ, УГА біреуі орналасқан.
Кодон терминатордан кейін 31 – трансляцияланбайтын учаске орналасқан.
Барлық пісіп жетілген эукариоттар аРНҚ-сының 31 ұшында 150-200 нуклеотидтерден тұратын поли-(А)-фрагмент орналасқан. 31 – трансляцияланбайтын учаске және поли-(А)-фрагмент аРНҚ молек-ң тіршілік ұзақтығын реттеу қызметін атқарады.
Т-РНҚ-лардың жалпы саны 40-50-ге жуық. Яғни әрбір аминқышқылына 1-ден 5-6-ға дейін т-РНҚ-лар болады, оларды тРНҚала, тРНҚфен, тРНҚ лей, т.б. деп бейнелейді, ал инициаторлық тРНҚ – тРНҚмет и. Т-РНҚ молекуласы үлкен болмайды, онда жүз шақты нуклеотидтер кездеседі, олардың ішінде минорлық (модификацияланған) нуклеотидтер көптеп кездеседі – 13-15%. Т-РНҚ барлық РНҚ-ның 10% жуығын құрайды. Ұзындығы 70-100 нуклеотидтерден тұрады. Клетканың цитоплазмасында кездеседі. Атқаратын қызметі рибосомаға аминқышқылын тасымалдау. Т-РНҚ молек-ң бір ұшында аминқ-н байланыстыратын участок, екінші ұшында бос азоттық негіздегі триплет – антикодон орналасқан.
Р-РНҚ – РНҚ-ның 90% құрайды. Ол рибосоманың негізгі құрылыс материалы бола тұрып, трансляция кезінде аРНҚ-мен әрекеттеседі. Р-РНҚ-лар рибосома субъеденицаларынң құрамына кіреді. Оладың 4 түрі белгілі: 5S-рРНҚ, 5,8S-рРНҚ, 18 S-рРНҚ, 28 S-рРНҚ. Рибосоманың кіші бөлшегі 18 S-рРНҚ-ның бір молек-нан және 30 ақуыз молекулаларынан құрылған, ал үлкен субъеденицасы – 3 түрлі рРНҚ молекулаларынан - 5S-рРНҚ, 5,8S-рРНҚ, 28 S-рРНҚ және 45 ақуз молекулаларынан тұрады. Р-РНҚ молек-ң ерекшелігінің бірі – гуанин және цитозин сияқты азоттық негіздерінің мөлшерінің басқаларына қарағанда әлдеқайда көп болуы. Сонымен қатар минорлық нуклеотидтер де жиі кездеседі, мысалы рибоза бойынша метилденген нуклеозидтер. Р-РНҚ-ның 2-ші реттік құрылымында қос тізбекті учаскелер және ілмекшелер де көптеп кездеседі.
