Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эндокриндік жүйе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер:.

•        іш қуысындағы ағзалар УДЗ-сы; •        қанның газ құрамы; •        қанның рН анықтау; •        қан құрамындағы сүт қышқылын анықтау; •        НМГ (1-қосымшаға сәйкес); •        аяқ-қолдар тамырларының ультрадыбыстық допплерографиясы; •        іш қуысындағы ағзалар УДЗ-сы; •        ЭхоКГ; •        Холтерлік + АД мониторингілеу; •        ЭФГДС. Жедел жәрдем көрсету кезеңінде жүргізілетін диагностикалық іс-шаралар:  • гликемия деңгейін анықтау; • несептегі кетондық денелерді анықтау.   Диагностикалық  критерийлер Шағымдар және анамнез  Шағымдар: шөл, жиі несеп шығару, салмақ жоғалту, әлсіздік, терінің қышуы, айқындалған және бұлшықетті әлсіздік, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқышылдық. Анамнез: 1-типті ҚД, әсіресе балалар мен жастарда жіті басталып, бірнеше ай мен апта бойы дамып отырады. 1-типті ҚД-нің манифестациясын жұқпалы аурулар мен басқа да ілеспе аурулар тудыруы мүмкін. Аурудың даму шегі күз-қыс кезеңінде.   Физикальды тексеру:  Клиникасы инсулин жетіспеушілігіне негізделген; терінің құрғақтығы және шырыштығы, тері тургорының төмендеуі, беттің «диабеттік» қызаруы, бауыр көлемінің өзгерісі, ацетон иісі (немесе жеміс иісі) тыныс шығаруда, демікпе, шулы тыныс алу. 1-типті ҚД–і аурулардың 20%-на дейін кетоацидоз немесе кетоацидотты комаға түсуі мүмкін. Диабеттік кетоацидоз (ДКА) және кетоацидоттық кома – зат алмасудың ауыр диабеттік декомпенсациясы, глюкоза деңгейінің және қандағы кетондық денелер шоғырлануының тез көтерілуімен, несепте пайда болуы мен метаболиялық ацидоздың дамуымен, естің түрлі дәрежеде бұзылуымен немесе естің болмауымен көрініп, шұғыл жатқызуды қажет етеді [3]. Кетоацидоз кезеңдері [5, 6]: Кетоацидоздың I деңгейі: жалпы әлсіздікпен, шөл және полиуриямен, тәбеттің көтерілуімен, бірақ соған қарамастан, салмақ жоғалтумен, тыныс шығарғанда ацетон иісінің болуымен сипатталады. Ес сақталады. Гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +, рН 7,25-7,3 тән. Кетоацидоздың IІ деңгейі (прекома): аталған белгілердің асқынуы, демікпе, тәбет төмендейді, жүрек айну, құсу, іш ауыру. Ұйқышылдық пайда болып, сомнолентно-сопороздық күйге өршиді. Гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +, рН 7,25-7,3 тән. Кетоацидоздың IІІ деңгейі (команың өзі): есті жоғалту, рефлекстердің төмендеуі мен жоғалуы, дегидратациямен айқындалатын коллапс, олигоанурия: тері мен шырышты қабықтың құрғақтануы (тілі, ерні, ауыс қуысы құрғақ), куссмаулді тыныс алу, ДВС-синдром белгілері (суық және көгерген аяқ-қолдар, мұрын ұшы, құлақ қалқаны). Зертханалық көрсеткіштер нашарлайды: гипергликемия, гиперкетонемия, кетонурия +++, рН < 7,0.          1-типті ҚД инсулинотерапия жүргізгенде, физикалық жүктемелерде, 1 типті ҚД ауыратындардағы  көмірсулардың жеткіліксіз қабылдамауы кезінде гипогликемиялық күй байқалуы мүмкін. Гипогликемиялық күй Гипогликемиялық күйдің клиникалық бейнесі орталық нерв жүйесінің энергетикалық аштығымен байланысты Нейрогликопеникалық белгілері • әлсіздік, бас айналу • назары мен зейіннің төмендеуі • бас ауыру • ұйқышылдық • ес адасу • сөйлеудің түсініксіздігі • аяқ шалыныс • құрысу • тремор • суық тер • тері қабатының бозғылттығы • тахикардия • АҚ көтерілуі • алаңдаушылық пен қорқыныш сезімі Гипогликемиялық күйдің ауырлық жағдайы:  Жеңіл: тершеңдік, діріл, жүрек қағысы, алаңдаушылық, көз көруінің анықсыздығы, аштық сезімі, шаршағыштық, бас ауруы, үйлесімділіктің бұзылуы, түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық, тежеулік, агрессия. Ауыр: құрысулар, кома. Гипогликемиялық кома ауыр гипогликемиялық жағдайда тоқтату шаралары қабылданбаған кезді пайда болады.   Зертханалық тексеру:  2-Кесте. Қант диабеті мен басқа да гликемия бұзылыстарындағы диагностикалау коитерийлері (ДДҰ, 1999, 2006, толықтырулармен) [1, 3]

Анықталған уақыты

Глюкоза шоғырлануы, ммоль/л *

Тұтас капиллярлы қан

Тамырлық плазма

Қалып

Ашқарынға және ПГТТ кейін 2 сағаттан соң

<5,6

<6,1

<7,8

<7,8

Қант диабеті

Ашқарынға ** немесе ПГТТ кейін 2 сағаттан соң немесе аяқасты анықтау

≥6,1 ≥11,1 ≥11,1

≥7,0 ≥11,1 ≥11,1

Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы

Ашқарынға және ПГТТ кейін 2 сағаттан соң

<6,1 ≥7,8 және <11,1

<7,0 ≥7,8 және <11,1

Ашқарынға гликемияның бұзылуы

Ашқарынға және ПГТТ кейін 2 сағаттан соң

≥5,6 және <6,1 <7,8

≥6,1 және <7,0 <7,8

Гестационды қант диабеті

Ашқарынға немесе ПГТТ кейін 1 сағаттан соң немесе ПГТТ кейін 2 сағаттан соң

 

≥5,1 және <7,0

 

≥10,0

 

≥8,5

* Диагностикалау глюкозаның деңгейін зертханалық анықтау негізінде жүргізіледі. ** Жіті метаболиялық декомпенсациялы немесе анық белгілері бар ҚД-дан басқа жағдайларда келесі күндерде ҚД-н қайталап диагноз қоюға кеңес беріледі. Гестационды гликемия диагнозы бірретті гликемияны анықтау негізінде қойылуы мүмкін. *** Гипергликемияның классикалық белгілерінің болғанында. Қан құрамындағы глюкозаны анықтау: - аш қарынға – таңертеңгі, 8 сағаттан аз емес алдын-ала ашығудан кейінгі глюкоза деңгейін білдіреді. - кездейсоқ – уақытқа және тамақтануға байланыссыз тәуліктің кез-келген уақытындағы глюкозаның деңгейін білдіреді. HbAlc – диагностикалық белгілері СД [4]: Қант диабетінің диагностикалық белгілері ретінде HbAlc ≥ 6,5% (48 ммоль/моль) деңгейі таңдалған. Diabetes Control and Complications Trial (DCCT) стандарттарына сәйкес анықтау National Glicohemoglobin Standardization Program (NGSP) әдісімен жасалған болса, HbAlc қалыпты деңгейі 5,7% дейін болып есептеледі. Ауыр метаболиялық декомпенсация белгілері болмаған жағдайда, диагноз диабеттік диапазондағы екі санның негізінде қойылуы керек, мысалы, екі рет анықталған HbAlc немесе бір рет анықталған HbAlc + глюкоза деңгейінің бір ретті анықталуы.   3-кесте.  Диабеттік кетоацидоздың зертханалық көрсеткіштері[5]  

Көрсет кіш

Қалыпта

ДКА кезінде

Ескерту

Глюкоза

 

3,3–5,5 ммоль/л

 

Қалыпты жағдайда 16,6-дан жоғары

Калий

 

3,8–5,4 ммоль/л

 

N немесе ↑

Калийдің тамырішілік жетіспеушілігі кезінде оның плазмадағы деңгейі қалыпты және ацидоз есебінен жоғары. Регидратация мен инсулинотерапия басталғанда гипокалиемия дамиды.

Амилаза

 

<120ЕД/л

 

Липаздар деңгейі қалыпты жағдайда қалады

Лейкоциттер

 

4–9х109/л

 

Инфекциялар болмаған жағдайда (стрестік лейкоцитоз)

Қанның газдық құрамы рСО2

 

36–44 мм рт.ст.

 

↓↓

Ішінара респитарлы өтеумен метаболиялық ацидоз

рН

 

7,36–7,42

 

Тыныс алудың жетіспеушілігімен қоса жүргенде рСО2- 25 мм аз рт.ст., сонымен қатар ми тамыр ларының вазоконструкциясы дамып, мидың ісінуі болуы мүмкін. 6,8 дейін төменейді.

Лактат

 

<1,8 ммоль/л

 

N немесе ↑

Лактацидозды гиперперфузиямен шақырылады, сонымен қатар белсенді лактат синтезі рН 7,0 

болып төмендегенде пайда болады.

КФК, АСТ

 

 

Протеолиз белгісі сияқты

Ескерту. ↑ — жоғарылаған, ↓ — төмендеген, N— қалыпты мән, КФК —фосфокиназ креатині, АСТ — аспартат аминотрансфераза   4-кесте. ДКА-ның ауырлығына қарай жіктелуі  [3]  

Көрсеткіштер

ДКА ауырлық деңгейі

жеңіл

орташа

ауыр

Плазма глюкозасы (ммоль/л)

>13

>13

>13

Артериальды қанның рН

7,25-7,30

7,0-7,24

<7,0

Сарысудың бикарбонаты (ммоль/л)

15-18

10-15

<10

Несептегі кетонды денелер

+

++

+++

Сарысудағы кетонды денелер

 

↑↑

 

↑↑

 

↑↑↑↑↑↑

Плазманың осмолярлығы (мосмоль/л)*

Түрленеді

Түрленеді

Түрленеді

Анионды айырмашылық **

>10

>12

>14

Естің бұзылуы

Жоқ

Жоқ немесе ұйқышылдық

Сопор/кома

* Есептеуді Гиперосмолярлы гипергликемиялық жағдай бөлімінен қараңыз. ** Анионды айырмашылық = (Na+) – (Cl– +HCO3–) (ммоль/л).   5-кесте  Мамандар кеңесі үшін көрсетімдер *[3, 7]  

Маман

Кеңес мақсаты

Офтальмологтың кеңесі

Диабеттік ретинопатияны диагностикалау мен емдеу үшін – кең қарашықтағы офтальмоскопия жүргізу жылына 1 рет, көрсетім бойынша-жиірек

Неврологтың кеңесі

Диабеттің асқынуын диагностикалау мен емдеу үшін – көрсетім бойынша

Нефрологтың кеңесі

Диабеттің асқынуын диагностикалау мен емдеу үшін – көрсетім бойынша

Кардиологтың кеңесі

Диабеттің асқынуын диагностикалау мен емдеу үшін – көрсетім бойынша

Стоматологтың және ЛОР дәрігерінің кеңесі

Созылмалы инфекция ошақтарын санациялау үшін – көрсетім бойынша