- •Жүкті әйелден анамнез жинау
- •Гинекологиялық науқастан анамнез жинау
- •Жүктілік мерзімін және босану күнін анықтау
- •Сыртқы акушерлік зерттеу
- •Жамбастың сыртқы өлшеуі
- •Қынаптық зерттеу
- •Босану жолдарын айнада қарау
- •Апгар шкаласы бойынша жаңа туған баланың жағдайын бағалау
- •Бала жолдасының бүтіндігін анықтау
- •Сыртқы жыныс мүшелерін қарау
- •Жатыр мойнын және қынапты айнада қарау
- •Қынаптық-іштен басу арқылы тексеру
- •Бактериологиялық зерттеуге материал алу
- •Микроскопияға жағынды алу
- •Онкоцитологияға жағынды алу
Жүктілік мерзімін және босану күнін анықтау
1. |
Жүкті, босанатын әйелге зерттеу мәнісін түсіндурі. |
2. |
Етеккірдің соңғы күні бойынша жүктілік мерзімін анықтау. Көрсетілген соңғы етеккірдің бірінші күніне 7 күн қосып, күнтізбе бойынша әр аптадан тексерлетін күніне дейін санап шығыңыз. |
3. |
Овуляция бойынша жүктілік мерзімін анықтаңыз. Күткен, бірақ басталмаған етеккірдің алғашқы күнінен бастап 14-16 күнді (циклдің ұзақтығына байланысты) шегертіп, күнтізбе бойынша зерттелетін күніне дейін санаңыз. |
4. |
Ұрықтың алғашқы қозғалған күні бойынша жүктілік мерзімін анықтаңыз. Алғашқы босанушыларға 20 апта қосасыз, қайта босанушыларға – 22 апта. |
5. |
Жүктілік мерзімі туралы деректері бойынша ЖДА алғашқы келгенде, әйелдер кеңесіне (ерте келген жағдайда ғана) |
6. |
Объективті деректері бойынша, іш айналымы мен жатыр түбі биіктігінің көрсеткіштерін және 12 аптаға дейінгі жүктілік мерзімі кезінде бимануалді зерттеу деректерін есептей отырып. |
7. |
Ұрықтың УДЗ деректері бойынша жүктілік мерзімін анықтау. |
8. |
Негеле формуласы бойынша босану күнін анықтау: соңғы етеккірдің бірінші күнінен бастап 3 айды артқа шегертіп, 7 күн қосыңыз. |
9. |
Босану күнді овуляция бойынша анықтаңыз. Жорамалды овуляцияның саналған күніне 273 күн қосыңыз. |
10. |
Алынған деректерге сүйене отырып жүктілік мерзімі және босанудың жорамалды күні туралы тұжырым жасаңыз. |
Сыртқы акушерлік зерттеу
1 |
Жүкті әйелге (босанатын) жүргізілетін тексеруді түсіндіріңіз. |
2 |
Бірақ рет пайдаланатын перчатканы киіңіз. Жүкті әйел (босанатын) арқамен жатыр, іштің ет бұлшықтарын босаңсыту үшін жамбас-сан және тізе буындарында аяқтары бүгілген. |
3 |
Тексеруші бетін пациент әйелге қаратып, оның оң жағынан тұрады. |
4 |
Бірінші тәсілмен екі қолдың алақандары жатыр түбі аймағында орналасқан, ақырын төмен басып жатыр түбіндегі ұрықтың ірі бөлігін және ұрық қалпын анықтайды. |
5 |
Екінші тәсілді қолданған кезде екі қолды жатыр түбінен төмен қарай кіндік деңгейіне дейін ауыстырып, жатырдың екі жағына орналастырады, оң және сол қолымен кезектеп ұрықты сипап қараған кезде оның арқасы және ұсақ бөліктерінің жатқан жері туралы бағалайды, ұрықтың позициясын және тұрін анықтап. |
6 |
Үшінші тәсіл ұрықтың алда жатқан бөлігін анықтау үшін қолдайды. Оң қолды қасағаның буындасуынан біраз жоғары орналастырғанда бірінші саусақ бір жағында, ал қалған төрт бармақтары жатырдың төменгі сегментінде болу керек. Саусақтарды бірте-бірте тереңдете отырып, «баллотирлеу» симптомын байқап қарайды. |
7 |
Келесі тәсілді жүргізу үшін тексеруші пациент әйелдің оң жағынан түрып, өз бетің аяғына қаратады. |
8 |
Төртінші тәсіл алда жатқан бөліктң кіші жамбас кіріберісіне салыстырмалығын анықтау үшін қолданады. |
9 |
Екі қолды, алақандарымен ұрықтың алда жатқан бөлігін оң және сол жақтан қамтып, жатырдың төменгі сегментіне орналастырады, содан кейін тік саусақтардың ұштары қосылуға әрекеттеніп кіші жамбас қуысының ішіне кіргізеді. |
10 |
Ұрықтың қалпы, позициясы және түрі, алда жатқан бөліктің кіші жамбастың кіреберісіне салыстыруы туралы алынған деректерінен тұжырым жасау. Перчатканы шешіп, оны утилизация үшін контейнерге тастаған соң, қолды жуады. |
