- •19 Билет
- •Түр. Түр туралы ұғым даму тарихы. Түр критериясы.Репродуктивті оқшаулану механизмі.
- •2. Алғашқы су буын аяқтылары ретінде шаянтәрізділердің
- •3. Фотосинтез. Фотосинтез процесінің ішкі химизі. Бұл
- •18 Билет
- •Плаундар тәрізділер бөлімі. Кластарға жіктелуі, көбею ерекшелігі, спорофитті және гаметофитті көбеюі, таралу маңызы.
- •Жұмыртқа клеткасының құрылысы . Жұмыртқалардың сары уыздың орналасуына және мөлшеріне байланысты классификациясы.
19 Билет
Түр. Түр туралы ұғым даму тарихы. Түр критериясы.Репродуктивті оқшаулану механизмі.
Түр туралы ұғымның тарихы үлкен және ол бір-біріне қайшы келетін, аса шиеленіскен маңызды көзқарастарға толы болып келеді. Түр туралы талас-тартыс көп жағдайда флористер мен систематиктердің тек профессионалдық тұрғыдан қызығушылығының деңгейінен шығып кетіп отырады. Оның барлық уақытта жалпы биологиялық маңызы болған және табиғаттың дамуы жөніндегі мынадай екі түрлі көзқарастың екі түрлі концепцияның материалистік және идеалистік көзқарастың арасындағы талас-тартысты көрсетеді. Өсімдіктердің түрлері тур. К.А.Тимирязевтің концепциясы көңіл аударуға тұрарлық «Түр деген сөзді организмдерге қолданудың екі түрлі мағынасы бар, осы көзқарастың екі жағын бірдей айқын ажырата білмегендіктен ғалымдардың арасында мәңгі бітпейтін түсіннбеушілік пен талас-тартыстар туып келеді.»Тимирязевтің пікірі бойынша түрді барлық уақытта екі аспектте қарастыру қажет.Биологиялық ұғым ретінде – эволюцияның бағытының қалыптасуы мен тіршіліктің өзінің негізгі формасы ретінде және логикалық аспектте таза формальды ұғым ретінде- ұқсас особътардың жиынтығы тұрғысынан қарастыру. Биологиялық түр уақытқа байланысты азды-көпті өзгеріп және кеңістікте бір жерден екінші жерге жылжып ауысып отырады. Оны зерттеу көптеген қиыншылықтармен байланысты. Өйткені түр табиғатта дараланған. Құрылысы жағынан түрлер бірдей болмайды. Жас түрлер, өшіп бара жатқан түрлер және дамудың шарықтау шыңында тұрған түрлер деп бөледі. Өшіп бара жатқан түрлердің уақыт өткен сайын, жеке түр ретіндегі саны айқын азаяды. Бұл әдетте олардың алып жатқан жер көлемінің азаюына әкеліп соқтырады. Оларда көзге түсерліктей түр ішілік өзгергіштік байқалмайды. Бұл түрлерді әдетте оңай ажыратады. Түр ішілік бірліктердің көп болуы, жаңа формалардыңм түзілу процесінің, түрдің өзгергіштігінің бірден-бір дәлелі. Қазіргі кезде түр ішілік дифференциация 5-7 тармаққа дейін жетті. Осы кездегі ең жаңа деп табылған бірқатар моделдерді келтірейік. Н.П.Дубиннің моделі бойынша – жартылай түр. Түр тармақтары. Нәсіл. Микротопографиялық нәсіл. Ұрпақ алудың жаңа жолы. К.М.Заводскойддың моделі бойынша – жартылай түр. Түр тармағы. Жергілікті популяция. Экоэлемент. Изореагент.
Репродуктивті оқшаулану механизмі. Қарапайым эволюциялық факторлардың әсерінен популяциялардың дивергенциясы қалыптасады. Ол әрі қарай тереңдеп жаңадан 2 түр түзілуге алып келеді. Түр түзілгенге дейін әр түрлі популяциялардың даралары бір-бірімен будандасып гендерімен алмасады. Бұл популяция аралық айырмашылықтарды теңестіреді. Жаңадан түр түзілгеннен кейін олардың арасында репродуктивтік оқшаулану пайда болады да олар будандаса алмайды. Органикалық дүние өзінің дамуының әрбір кезеңдерінде бір-бірімен репродуктивтік оқшауланған, бір-бірімен азды-көпті туыстық байланыспен байланысқан ағзалар топтарының күрделі нерархиялық жүйесі болып табылады. Бұл табиғаттың біртұтас эволюциялық құбылысының екі түрлі қырларының нәтижесі болып саналады. Бейімделу ауқымына қарай эволюцияның 2 типін ажыратады.: аллогенез және арогенез. Аллогенез дегеніміз – бір ірі таксон өкілдерінің тіршілік құрылымының деңгейі өзгермей әр түрлі эволюциялық жағдайларды игеріп жайылып дамуы. Бұған мысал ретінде сүтқоректілер класының насекомқоректілер отрядының әр түрлі экологиялық формаларын айтуға болады. Арогенез – деп ірі таксондардың кейбір ағза топтарының құрылым деңгейлері күрделеніп жоғары деңгейге жаңа адаптивтік аймаққа көтерілуіне алып келетін эволюциялық өзгерістерді айтамыз. Ароморфоз негізінде ағзалар сыртқы орта қорларын игеру үшін жаңа мүмкіншіліктерге ие болды.
