Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3,6 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.26 Кб
Скачать

3.Микроорганизмдердің көміртегі,азот,күкірт,фосфор және басқа да табиғи элементтерінің айналым цикіліне қатынасы.Олардың топырақ құнарлығымен топырақ түзілу процесі.

Тірі ағзалар биосферада маңызды биогенді элементтердің зат айналымын жүзеге асырады.Олар кезектесіп тірі заттан биоорганикалық материяға өтіп отырады.Бұл циклдер екі негізгі топқа бөлінеді:газдардың айналымы және шөгінді заттар айналымы.Біріншісінде элементтердің негізгі көзі атмосфера,екіншісінде-таулы шөгінді жыныстар болып табылады.Көміртегінің айналымы фотосинтез үшін көміртегінің көзіатмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады.Көміртегі циклінің ұзақтығы з үшін көміртегінің көзіатмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады.Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі не өлі өсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу, ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады.Көміртегі циклінің ұзақтығы 3-4 жүзжылдыққа тең.Азот айналымы.Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады.Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді.Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды.Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық байланыстырып,топыраққа өткізеді.Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азотфиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді.Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс әрекеті нәтиежесінде бос түрге өтеді де,қайтадан атмосфераға қайтады.

Фосфор мен күкірттің зат айналымы.Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады.Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де оларды өсімдіктер пайдаланады.Редуцент-ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады.Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге,одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып оны балдырлар қолданады.Оттегінің циклі.Жердегі оттегінің циклі шамамен екі миллион жылда жүріп өтеді.Бұл заттардың атомдары жер шарында әр түрлі тірі зат арқылы өткен атмосферадағы оттегінің мөлшері біртіндеп атты.Соңғы алты жүз миллион жылда зат айналымдардың жылдамдығы мен сипаты қазіргі кездегі деңгейіне жақындады.Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдікте жәндікте емес-ультрабактериялар,олар өздері өмір сүретін ортаға бейім келеді.Олардың кейбіреулері тіпті таста да өсе бастаған.Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алады.Сөйтіп олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып бүлдіре бастады.Ал үгілген,ұнталталған тау жыныстары оларға таптырмас мекен болады.Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын,оттегінің барын я жоғын,ортаның қышқылдығын,я сілтілігін таңдамайды.Сондықтан да олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі.Оларға сумен қорек болса жеткілікті.Бактериялардың басқа алғашқы тау жыныстарында балдырлар,саңырауқұлақтарда өсіп өнді.Сонымен алғашқы тірі организмдер су,жел және мұздар мен бірге жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қара шірінді құрады.Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып,біріктірді,сөйтіп алғашқы құнарлы аздау топырақтар пайда бола бастады.Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып,алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейін дамып өсетіндерге жағдай жасады.Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады.Ал олар өлік ыдыраған кезде топырақтың жоғары қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып,топырақ құнарлығын арттырады.Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды.Оларда өсетін өсімдіктер,мекендейтін жәндіктер көбейді,төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар,жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды.Топырақты мекендейтін онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай,топырақтағы көптеген қосылыстардың бағытына,олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.Топырақта тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар, қарапайымдылар,төменгі және жоғарғы сатылы жан-жануарлар,құрт-құмырсқалардың пайдасы көп.Мәселен,жауын құрты әртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп,денесі арқылы органикалық заттарға бай суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп өтіп,ондағы су-ауа режимін жақсартады.Осыған байланысты Дарвиннің топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді.Ал оған дейін топырақты бірнеше жылдар бойы жауын құрты жыртып келген деген тамаша сөзі бар.Қазіргі кезде топырақта өмір сүретін организмдерді тек оны мекендейтін тіршілік иесі ретінде емес, оның белгілі бір бөлігі ретінде қарайды.Яғни бұларда топырақ құрамына кіреді деген сөз.Сондықтан да топырақты тірі дене деп есептейді. Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе,керісінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді.Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға,оның құнарына көп әсер етеді.

6-билет