Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3,6 билет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.26 Кб
Скачать

3-билет

1.Шартты рефлекстер жөнінде ілім.Шартты және табиғи реф.Р.Шартты реф.Ң пайда болуына керекті жағдайлар.

Шартты реф.с мидың жоғарғы бөлімдерімен байланысты,ал шартсыз реф.ң доғасы мидың түрлі,төмеңгі бөлімдері арқылы да өте алады.Жоғары сатыда ұйымдасқан,үлкен жарты шарлар қыртысы бар жануарларда шартты рефлекс жасалуы үшін мидың осы бөлімінің болуы міндетті.Мысалы иттердің ми қыртысын алып тастаса,оның шартты рефлекстік әрекеті толығымен тоқтайды.Ит өзінің иесін танымайды.Басқа жануарлардың тұрғанын тіпті мысықтыда елемейді.Оны сипасанқорғану рефлексімен жауап береді,алдына қойылған тамаққа ұмтылмайды.Сөйтіп,ол сыртқы ортаның түрлі ортаның түрлі өзгерістеріне бейімделу қабілетін жоғалтады.Шартты рефл.ді жоғалту үшін қажетті ең негіззгі жағдай-индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын,кез келген бөтен) тітіркену мен шартсыз,сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі.2.Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсері басталар алдында әсер етуі керек.Екі тітір.ш әсері бір уақытта берілсе шартты реф.ң жасалуы едәуір қиындайды.Ал алдымен шартсыз,одан кейін индифренттік тітір.ш әсер етсе,шартты рефлекс алынғанмен ол өте тұрақсыз болады.Алдымен шартсыз,кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткнде шартты рефл.ңжасалуының қиын болатын себебі,теріс индукция заңымен және шартсыз тітіркендірудің күшінен бөтен тіт.ш күшінің кемдігімен түсіндіріледі.Жасалған шартты реф.ті ұзақ уақыт сақтау үшіноны мезгіл-мезгіл шартсыз тітір.шпен бекітіп отыру қажет.3 ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек.Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек.Сонда ғана белгілібелгілі тітіркендіруге жүйке клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады.4.Шартты рефлекс жасалу қолданылатын тітір.ң қасиеті мен күшіне де байланысты.Бөтен тітір.ң күші қыртыста қозу ошағын тудыруы жететін болуы керек.Бірақ шамадан тыс артық та болмауы керек.Осындай жағдайда шартты реф.с жасалмайды.Себебі біріншіден кіріс индукция заңы бойынша шамадан жоғары қозу шартсыз тітіркендіруге қозу тууына кедергі жасауы мүмкін.Екіншіден өте күшті тітіркендіру әсерінен жүйке клеткаларында тежелу тууы мүмкін.Павловша шектен тыс тежелу.Шартты рефлекстің жасалуы шартсыз тітіркендіргіштің күшіне де тікелей байланысты.Неғұрлым ол әлсіз болса,соғұрлым шартты рефлексті жасау қиындайды.Итті тәжірибие алдында тойғызса,шартты рефлекс жасауға қажет,шартсыз тітіркендіргіш-тамақтың әсері итте жоғалады.Шартты рефлекс жасалмайды және керісінше,шартты рефлекстердің жасалу жылдамдығы жануардың жеке басына тән ерекшеліктеріне өте күшті байланысты болады.Бір жануардың өзінде де шартты рефлекс түрліше жылдамдықта алынады.Белгілі бір жағдайда жасалған бір-шартты рефлекс сол жағдайда жасалатын екі және үш шартты рефлекстерден кеш алынады.Неғұрлым тітіркендіргіш жиі әсер етсе,соғұрлым шартты рефлекс тез алынады.Мұны түрлі дағдылардың есеп шығару,жаттау және т.б. қалыптасуында алатын орны зор.Шартты рефлекстің жасалу жылдамдығы басқа да көптеген жағдайларға байланысты:қозу мен тежелу процестерінің бір-біріне қатынасы бөтен және шартсыз тітіркендіргіштердің күштерінің қатынасы қоршаған орта ондағы өзгерістер т.б.Шартты рефлекстерді зерттеуге Павлов 1900ж кіріскен.Алғашқы кезде экспериментатор иттің қасында отырып тамақ беруді, тітіркендіргішпен әсер етуді өз қолымен орындаған.Бірақ мұндай жағдайда экспериментатаордың әрбір қимылының өзі итке қосымша тітіркендіргіш болып,реакцияның жүрісін я күшейтіп,я әлсіретіп отырған.Осындай бөтен тітіркендіргіштер әсер ете алмауы үшін итті ерекше бөлектенген.Дыбыс өткізбейтін камераларда ұстайды.Экспериментатор камераның сыртында отырады тамақтандыру,тітіркендіргіштер беру-бәрі механизацияланған, сырттан жасалады.Ерекше баллон арқылы сілекей бөлінуін де сырттан бақылауға мүмкіндік бар.Бір-біріне салыстыруға болатын фактылар алу үшін,итті тамақтандыру тәртібі әр уақытта бірдей болу керек.Тамақты тәжірибеге дейін емес,одан кейін беру қажет. Белгілі бір тітіркендіргіштің әсерінен қозған әрбір рецептор орталық жүйке жүйесіне түсетін афференттік импульстердің көзі болып табылады.Бізге белгілі шартсыз рефлекстер орындалуы үшін мидың жоғары бөлімінің қатысуы міндетті емес.Оның доғасы төменгі бөлімдер арқылы да өте алады.Дегенмен ми қыртысы сақталған жануарда қандай шартсыз рефлекс болмасын ол ми сыңарлары қыртысында қозу ошағын тудырады.Егер жай тұрған итке бір бөтен тітіркендіргішпен индиффренттік әсер етсе мысалы,электр шамының жарығымен онда шартсыз бағдарлау рефлексі байқалады және ми сыңарлары қыртысының көру бөлімінде қозу ошағы туады.Ал электр жарығын жаққан соң тез10-30 секунттан соң жануарға тамақ берсе ми қыртысында екі қозу ошағы туады:бірі-көру ауданында,екіншісі-тамақ орталығында.Шартсыз тітркендіргіш әсерінен туатын қозу ошағы күштірек болады.Сондықтан ол біраз доминанттық роль атқарады.Тітіркендіретін рецепторларына сәйкес экстерорецепті,пропиорецепті және интерорецепті шартты рефлекстер болып бөлінеді.Экстерорецепті шартты рефлекс шартты тітіркендіргіштер сыртқы сезім мүшелеріне әсер еткенде пайда болады:көзге,құлаққа иіс мүшесіне,дәм сезу мүшесіне,тері рецепторына.Пропоирецепті шартты рефлекстер қанқаның бұлшық еттерін тітіркендіргенде,яғни оның пропиорецепторларына әсер еткенде пайда болады.Бұл топтағы рефлекстерге адамның басы қозғалғанда тепе-теңдік(вестибулярлық) аппаратты тітіркендіру арқылы пайда болған теңдік сақтау рефлекстері де кіреді.Интерорецепті шартты рефлекстер ішкі мүшелерді тітіркендіргенде олардың рецепторларына әсер ету арқылы п.б.Бұл топқа қанға түрлі химиялық заттарды жібергенде туатын автоматты рефлекстерде жатады.Ондай жағдайда химиялық заттар интерорецепторларды ішкі рецепторларды тітіркендіріп жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді.Шартты тежелу-жүйкенің жүре иемденген қасиеті.Ол шартты рефлекс сияқты құрылады.Шартты тежелудің бірнеше ерекшеліктері болады.Кездерде рефлексті жасау жеңілдейді.1.Олтітіркендірулер нығайтылмаған жағдайда қалыптасады2.Оны жаттықтыруға болады,яғни қайталаған жағдайда әсіресе жас кездерде рефлексті жасау жеңілдейді.3.Шартты тежелудің көріністері жүйке жүйесінің дараланған қасиетіне байланысты.Қызба кісілерде байсалды адамдарға қарағанда шартты тежелу қиын және баяу қалыптасады.4.Шартты тежелу шартсыз рефлекстің нығайту күшінен тәуелді келеді.5.Шартты тежелу бұрын қалыптастырған рефлекстің беріктігіне байланысты.Мызғымайтын тұрақты шартты рефлекстер тежелуге жаңа үйренгендерге қарағанда қиын көрінеді.6.Тежелулер өзара әрекеттесіп бірін-бірі күштейді.Шартты тежелуді өшіретін,ажырататын шартты тежейтін және кешіктіретін деп төрт түрге бөледі.Егер шартты тітіркендірудің шартсыз тітіркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрыңғы қалыптасқан тұрақты шартты рефлекс әлсірейді.Кейін қолданған сигнал бірнеше рет нықталмаса ол тіпті жойылады.Өшіретін тежелудің жасалу дәрежесі мен жылдамдығы:1.шартты рефлекстің беріктігіне;2.нығайтушы рефлектің күшіне;3.нығайтылмау жиілігіне байланысты болады.Тағамдық шартты рефлекстер сақтаныс түріне қарағанда жылдам өшеді.Өшіретін тежелуді машықтану арқылы тез қалыптастыруға болады.Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай-индифренттік тітіркендіру мен шартсыз сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір- біріне дәл келуі ұштасуы.