Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
autocad.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705.08 Кб
Скачать

32. Сызықтар. Типтері, қалыңдығы.

AutoCAD жүйесіндегі сызба (сурет) қабат бойынша құрылады, олар бірінің үстіне бірі салынады, оның элементтерін бір бүтінге қосады. Сурет қабатын мөлдір қағазының беттерімен салыстыруға болады. Мысалы, бізде мөлдір қағазының беттері бар: бірінші бетте бөлшек контурының көрінісі көрсетілген, екінші – оның өлшемдері, ал үшіншіде штриховка және т.б. Егер осы үш бетті бірінің үстіне бірін салсақ, онда бөлшек сызбасы толығымен өлшемдер мен штриховкамен жасалады. Мұнда, қабаттар сызбаны құруға қалайлы болу үшін құрылады. Әр қабатта өзінің қасиеттері бар, оларды өзгертуге болады. 

Сызбаларды оқуды жеңілдету үшін ГОСТ 2.303-68 тағайындаған сызықтардың тоғыз типін қолданады. Бұйымның барлық көрінетін контурларын тұтас қалың – негізгі сызықпен орындайды. Сызба пішіміне, кескін өлшеміне және күрделігіне қарай негізгі сызықтың қалыңдығы s 0,5 тен 1,4 мм дейін қабылданады. Қалған сызықтар, тек қима сызықтарынан өзгелері 2-3 есе жіңішке етіп орындалады. Сызбада барлық кескіндер үшін бір мақсатқа арналған сызықтардың қалыңдығы бірдей болуы тиіс. Бір нүктелі үзілмелі сызықтар үзілмелі сызықтардан басталуы, қиылысулары және аяқталулары тиіс. Сызықтағы үзілмелердің ұзындықтары бірдей болуы, ал олардың арасындағы үзік аралықтар өзара тең болуы керек. Сызықтар типтері және олардың негізгі неге арналғандығы кестеде көрсетілген. Сызықтар типтерін қолдану мысалдарымен олардың кейбір қосымша неге арналғандығы ГОСТ 2.303-68 келтірілген.

1 Негізгі жуан тұтас s = 0,5 – 1,4 мм

2 Тұтас жіңішке от s/3 до s/2

3 Тұтас ирек от s/3 до s/2

4 Үзілмелі жіңішке от s/3 до s/2

5 Бір нүктелі үзілмелі от s/3 до s/2

6 Жуандатылған бір нүктелі үзілмелі от s/3 до ⅔s

7 Үзік от s до 1½ s

8 Тұтас жіңішке іркісінді от s/3 до s/2

9 Қос нүктелі үзілмелі жіңішке от s/3 до s/2

Сызбалардағы барлық жазулар айқын және ГОСТ 2.304-81 талаптарына сәйкес сызба қаріптерімен орындалуы керек. Құжаттарды автоматтандырылған әдіспен орындау кезінде есептеу техникасының құралдарында пайдаланылатын қаріптерді қолдануға да болады: бұл жағдайда олардың сақталуы және тұтынушыларға құжаттардың берілуі қамтамасыз етілуі тиіс

33. Негізгі жазбалар. Шрифттер.

Сызбалардағы барлық жазулар ГОСТ 2.304-81 тағайындаған стандартты шрифтілермен орындалады. Шрифтінің өлшемі оның бас әріптерінің миллиметрмен есептелген биіктігімен анықталады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолының табанына перпендикуляр бағытта анықталады. Шрифт сызығының қалыңдығы (d) шрифтінің типіне және биіктігіне байланысты алынады. Кіші әріптердің биіктігі (с) келесі кіші шрифтінің өлшеміне тең (ең кіші шрифт үшін с=1,3).Мемлекеттік стандарт төмендегідей шрифт типтерін тағайындаған:

а) А типті көлбеусіз (d = 1/14 h);ә) А типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750);б) Б типті көлбеусіз (d = 1/10 h);в) Б типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750).Шрифтілерді орындаған кезде жіңішке сызықтармен ішіне әріптер сызылатын көмекші тор тұрғызу қажет. Тор сызықтарының ара қашықтығы шрифт сызығының қалыңдығына тең болады.

ГОСТ 2.304-81 төмендегідей шрифт өлшемдерін тағайындаған: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. 1,8 өлшемді шрифт тек қана Б типі үшін қолдануға рұқсат етілген. Қарындашпен орындалған сызбаларда өлшемі 3,5-нан кем шрифтілерді қолдану тиімді болмайды.Өлшемдері 10-нан кем шрифтілермен орындалатын жазулар үшін тек қана әріптердің биіктігі мен енін көрсететін параллель түзулер жүргізсе жеткілікті.

Конструкторлық құжаттардағы жазуларды көбіне Б типті көлбеу шрифтілермен орындайды. 1.3 – кестеде және 1.2 – суретте осы шрифтінің әріптері мен цифрларының параметрлері мен орындалу үлгілері (тұрпаттары) берілген. ГОСТ 2.304-81-де орыс, латын, грек және басқа елдер алфавиттері әріптерінің араб пен рим цифрларының және белгілердің конструкциясы мен параметрлері берілген. Біз 1.2 – суретте тек қазақ алфавитінде қолданылатын әріптердің жазылу үлгісін келтіріп отырмыз (РСТ 851-87-ге сәйкес).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]