Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
autocad.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
705.08 Кб
Скачать

1. Жүйені іске қосу.

AutoCAD жүйесі төмендегідей тәсілдермен іске қосылады:

а) «мыш» манипуляторы көмегімен Start Пуск Программы AutoСAD;

б) Windows жұмыс столында AutoCAD 2017 пиктограммасын «мыштың» көмегімен екі рет басу арқылы.

AutoCAD-ты іске қосқанда жаңа аты жоқ сурет жасалады. Пайдаланушыға жаңа тұрғызуларды осы суретте немесе, дискіден бар суреттердің бірін ашып, сонда орындауға болады. AutoCAD-ты іске қосқаннан кейін Startup (Начало работы) диалогтық терезе шығарылуы мүмкін Startup (Начало работы) диалогтық терезесінде тұтынушыға төрт кнопканың бірін таңдау ұсынылады:

а) Open a Drawing (Открыть рисунок) бұрын салынған сызбаны ашу үшін. Тізімнен соңғы ашылған төрт суреттің (файлдың) бірін таңдап, оны AutoCAD-қа еңгізуге мүмкіндік береді. Тізімде жоқ файлды ашу үшін Browse… (Обзор...) кнопкасын басу қажет;

б) Start from Scratch (Без шаблона) өлшем бірліктері тек қана Default Settings (Параметры по умолчанию) аумағында қойылатын сызбаларды жасау үшін:

1) Imperial (feet and inches) (Британские (футы и дюймы)) - acad.dwt шаблоны бойынша, британдық өлшем бірліктер жүйесін пайдаланатын, жаңа суретті жасау. Бұл жерде сызу аумағы, кейде суреттің лимиттері (шектрі) деп аталатын, 12x9 дюймға тең етіп алынады;

2) Metric (Метрический) – acadiso.dwt. шаблоны бойынша, метрлік өлшем бірліктер жүйесін пайдаланатын, жаңа суретті жасау. Бұл жерде сызу аумағы 420x297 мм-ге тең етіп алынады;

в) Use a Template (Использование шаблона) сызбаны жаңа суреттің негізі болып табылатын шаблон суреттің көмегімен тұрғызу. Select a Template: (Выбери шаблон:) аумағынан сызуға қажетті параметрлері бар шаблон қабылданады. Тізімде Options (Настройка) диалогтық терезеде көрсетілген стандартты жолмен табылған, .dwt кеңейтілуімен, шаблон файлдардың аттары келтіріледі. Шаблондарда суреттердің әртүрлі параметрлері анықталады: арнайы жасалған қабаттардың жиынтықтары, сызықтардың түрлері және кескіндер;

г) Use a Wizard (Вызов мастера) жаңа сызбаның параметрлерін қабылдау үшін. Select a Wizard: (Выберите Мастер:) аумағында AutoCAD-тың жұмыс ортасын автоматты түрде орнату үшін екі режим ұсынылады - Advanced Setup (Детальная подготовка) және Quick Setup (Быстрая подготовка).

Advanced Setup (Детальная подготовка) диалогтық терезесі, 2 суретте келтірілген, AutoCAD жұмыс ортасының параметрлерін толықтай орнатуға мүмкіндік береді: ұзындықтың Units (Единицы) және бұрыштың Angle (Угол) өлшем бірліктерін қабылдау; бұрышты өлшеу басын белгілеу Angle Measure(Нулевой угол) және бұрышты өлшеу бағытын белгілеу Angle Direction (Отсчет углов), сурет аумағының шектерін анықтау Area (Область рисунка).

Quick Setup (Быстрая подготовка) диалогтық терезесі, 3 суретте көрсетілген, AutoCAD жұмыс ортасының параметрлерін тез орнатуға мүмкіндік береді: ұзындықтың өлшем бірліктерін қабылдауға Units (Единицы) және сызу аумағының шекараларын анықтауға Area (Область рисунка).

Startup (Начало работы) диалогтық терезесі AutoCAD-ты әрбір іске қосқан кезде тек бір рет шақырылады. AutoCAD іске қосылып тұрған кезде суреттерді салу үшін Create New Drawing (Создание нового рисунка) диалогтық терезесі шақырылады.

Төмен түсетін Help (Справка) AutoCAD Help (Справка по AutoCAD) менюінің көмегімен тұтынушы AutoCAD-та жұмыс жасап отырып, электрондық құжаттарға кіруіне мүмкіндік ала алады. Басқа варианттары: функционалдық клавиатурада F1 клавишасын басу немесе командалық жолда ?символын енгізу.

2. Пайдаланушы интерфейсі

AutoCAD жүйесінің Жұмыс столы төмендегілерден тұрады (4 сурет):а) төмен түсетін менюлер – экранның ең жоғарғы жолы;б) міндетті емес құралдар тақталары:1) стандарт құралдар тақтасы – екінші жол;2) объектілер қасиеттері тақтасы – үшінші жол;3) әртүрлі құралдар тақталары (4 суретте үш тақта көрсетілген);4) қалып жолы –төменгі жол;5) командалар жолының терезесі – қалып жолының алдында;6) міндетті емес экрандық меню – суретте көрсетілмеген ;7) жұмыс столының барлық қалған бөлігін қамтитын сызба өрісі. Бірінші рет іске қосылғанда AutoCAD-тың Жұмыс столы үнсіздік бойынша нақышталған.1.2.1 Төмен түсетін менюлер Төмен түсетін менюлер жо лы үнсіздік бойынша төмендегідей пункттерден тұрады:а) File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу менюі: ашу, сақтау, басу, файлдарды басқа форматтарға экспорттау және т.с.с.;б) Edit (Правка) – Windowsтың Жұмыс столы сызба өрісінің бөліктерін редакциялау менюі;в) View (Вид) – экранды басқару, панорамалау, қарау нүктесін орнату, көрінбейтін сызықтарды өшіру, бояу, дисплейдің параметрлерін басқару командалары; қажетті құралдар тақтасын орнатуға мүмкіндік береді;г) Insert (Вставка) – блоктарды, сыртқы объектлерді, басқа қосымшалардың объектілерін енгізу қызметін атқарады;д) Format (Формат) – қабаттармен, сызықтардың түрлерімен, түстерімен жұмыстарды қамтамасыз етеді; тексттің, өлшемдердің стилін, нүкте маркерінің түрін, мультисызықтардың стилдерін басқару;е) Tools (Сервис) – жүйені, тұтынушының экранын басқару құралдарын қосады; диалогтық терезелердің көмегімен сызу және байланыстыру параметрлерін тағайындайды; пайдаланушы координаталар жүйесімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;ж) Draw (Рисование) – сызу командаларын қосады; з) Dimension (Размеры) - өлшемдерді түсіру және өлшемдердің параметрлерін қадағалау командаларын қосады;и) Modify (Редакт) – сызба элементтерін редакциялау (өзгерту) командаларын қосады;к) Window (Окно) – сызбалармен көп терезелер режимінде жұмыс жасауды қамтамасыз етеді;л) Help (Справка) – көлемді гипертексттік түсініктемелер жүйесінен тұрады.Осымен стандартты AutoCAD-тың құрамына кіретін төмен түсетін менюдің пункттері аяқталады. «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының компьютерлік графика залындағы компьютерлерде орнатылған AutoCAD 14 жүйесінде төмен түсетін меню тағы да 3 пункттен тұрады - Схема, Чертеж және Электроника. Олар ENERGO және ELECTRO деп аталатын программалық қауашақтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

3.Төмен түсетін менюлер

Төмен түсетін менюлер жолы үнсіздік бойынша төмендегідей пункттерден тұрады:

а) File (Файл) – файлдармен жұмыс істеу менюі: ашу, сақтау, басу, файлдарды басқа форматтарға экспорттау және т.с.с.;

б) Edit (Правка) – Windowsтың Жұмыс столы сызба өрісінің бөліктерін редакциялау менюі;

в) View (Вид) – экранды басқару, панорамалау, қарау нүктесін орнату, көрінбейтін сызықтарды өшіру, бояу, дисплейдің параметрлерін басқару командалары; қажетті құралдар тақтасын орнатуға мүмкіндік береді;

г) Insert (Вставка) – блоктарды, сыртқы объектлерді, басқа қосымшалардың объектілерін енгізу қызметін атқарады;

д) Format (Формат) – қабаттармен, сызықтардың түрлерімен, түстерімен жұмыстарды қамтамасыз етеді; тексттің, өлшемдердің стилін, нүкте маркерінің түрін, мультисызықтардың стилдерін басқару;

е) Tools (Сервис) – жүйені, тұтынушының экранын басқару құралдарын қосады; диалогтық терезелердің көмегімен сызу және байланыстыру параметрлерін тағайындайды; пайдаланушы координаталар жүйесімен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді;

ж) Draw (Рисование) – сызу командаларын қосады;

з) Dimension (Размеры) - өлшемдерді түсіру және өлшемдердің параметрлерін қадағалау командаларын қосады;

и) Modify (Редакт) – сызба элементтерін редакциялау (өзгерту) командаларын қосады;

к) Window (Окно) – сызбалармен көп терезелер режимінде жұмыс жасауды қамтамасыз етеді;

л) Help (Справка) – көлемді гипертексттік түсініктемелер жүйесінен тұрады.

Осымен стандартты AutoCAD-тың құрамына кіретін төмен түсетін менюдің пункттері аяқталады. «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының компьютерлік графика залындағы компьютерлерде орнатылған AutoCAD 14 жүйесінде төмен түсетін меню тағы да 3 пункттен тұрады - СхемаЧертеж және Электроника. Олар ENERGO және ELECTRO деп аталатын программалық қауашақтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

4. Құралдар тақталары

Құралдар тақталарында AutoCAD командалары пиктограммалар түрінде келтірілген. Курсорды пиктограмманың бойымен жылжыту барысында, курсордың астында кішкентай төртбұрыштың ішінде команданың аты пайда болады.

Егер пиктограмманың оңжақ төменгі бұрышында кішкентай қара үшбұрыш кескінделсе, онда пиктограммада ұқсас командалар жиынтығынан тұратын қосымша менюі бар. Қосымша менюді шақыру үшін «мыштың» сол жақ кнопкасын басып, курсорды пиктограммада біраз уақыт ұстау қажет.

Құралдар тақталары жылжымалы (float) немесе белгілі бір орынға бекітілген (dock) болуы мүмкін. Бекітілгендермен салыстырғанда, жылжымалы тақталарды сызба өрісінде жылжытуға және өлшемдерін өзгертуге болады. Жылжымалы тақтаны сызба өрісінен тысқары шығару арқылы, бекітілген түрге айналдыруға болады. Бекітілген тақта сызба өрісіне сүйреп әкелінсе, онда ол жылжымалы тақтаға айналады.

AutoCAD-ты бірінші рет қосқанда экранда тек төрт қана құралдар тақтасы болады: Standard Toolbar (Стандартная), Object Properties (Свойства объектов), Draw (Рисование) және Modify (Редак-тирование). Жұмыс столына қажетті құралдар тақтасын шығару үшін Toolbars (Панели) диалогтық терезеден қажетті тақтаның атын көрсетсе жеткілікті.

Бұл диалогтық терезе View (Вид) Toolbars... (Панели...) төмен түсетін менюінен немесе экранда «мыштың» оңжақ кнопкасын құралдар тақтасының фондық аймағында басу арқылы шығарылатын контексті менюдің Customize... (Адаптация...) пунктінен шығарылады.

Қажетті құралдар тақтасын 8 суретте көрсетілген тізімнен таңдаған ыңғайлы. Бұл тізімді шығару үшін құралдар тақтасының кез-келген пиктограммасында тұрған «мыштың» оң жақ кнопкасын басса жеткілікті.

Тақтаны алып тастау үшін оны «қалқымалы» ету қажет, егер ол бекітілген болса. Сонан соң тақтаның жоғарғы оңжақ бұрышындағы кнопканы басса жеткілікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]