Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел журналистикасы 47жок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.71 Кб
Скачать

7. Күнделікті газеттердің ішіндегі «фигароның» орны қандай

қосымшасы бар газеттер бағасы қосымшасыз газеттен қымбатқа түседі, бірақ «Фигаро-ТВ» тегін қосымша болып таратылады. Мұндай әрекетке әйелдер журналы мен отбасылық журналдар, ТВ апталықтар баспагерлерімен қатар басылымдарды таратушылар тарапынан да наразылық туғызды. Күнделікті қосымшаның шығуы «Фигароның» 1970-1980 жылдар аралығында тұрақты таралымын қамтамасыз етті. Кейіннен осындай қосымшаға деген сұраныс бүкіл күнделікті газеттерді шарпып өтті.

8. «Партизьен либиренің» пайда болуы, сапалы басылым аталуының себептері

1970 жылы «Партизьен Либеренің» өз ішіндегі шиеліністі жағдайды түзету қанша жүргізілсе де, Эмильен Аморидің баласы Филиптің өз үлесіне тиесілі әкесінің артынан қалған мұраны дұрыс бөліспеуінен туындаған мәселе шешімін тапқан жоқ. Нәтижесінде сот үкімімен Филипп Амори «Партизьен либере» капиталының негізгі қожайыны болып, газетті білімді аудиторияға арналған жаңа басылым пішінімен шығара бастайды. Осыдан кейін газет таралымы өседі. 1981 жылы 342 000, 1985 жылы 339 000, 1988 жылы 382 000, 1989 жылы 400 000 данаға жетті. 1980 жылдың ортасынан газет түрлі-түсті офсетті (бояудың резина цилиндірінен келетін баспа тәсілі) әдіспен шығарыла бастайды. 1993 жылы газет «Партизьен» деген атпен шығады. Оның таралымы 423 000 данаға дейін жетіп, Парижден 60 шақырымнан аспайтын қашықтықта тарайды. Оның бағасы аумақтық газеттермен тең, ал аумақтық газеттер Париж газеттеріне қарағанда арзан болып келеді. 1993 жылы шыққан «Инфо-Матэн» арзан күнделікті газетін сатып алып, үлкен бәсекелестер қатарына айналғаннан кейін, «Партизьен» редакциясы жаңадан «Ожурдюи ан Франс» газетін шығарып, оны басқа ұлттық газеттерден арзан бағамен сатады. «Инфо-Матэн» газеті екі жылдан кейін жабылып, ал «Ожурдюи ан Франс» газеті ғұмырын жалғастырады. «Партизьен» мен «Ожурдюи» таблоидтық пішінде жасалған, суреті көп басылымға айналды. Екі басылым да спорт ойындарының түрлері туралы сенсациялық материалдарды көптеп жазды. Мұндай басылымды қарапайым газетке жатқызуға болмайды, себебі, бұл газетте жоғары дәрежелі саясат пен мәдениетке қатысты ақпараттар мен сараптамалық материалдар көптеп басылып тұрды. 1999 жылы Амори «Ашетт Филиппаки медиа» тобынан «Эко коммуникасьон» тобының 96,5%-ын сатып алады. «Эко коммуникасьон» Шартрде «Эко Репюбликен» газетін шығарды (Еске сала кетейік, Лагардер тобы «Ашеттің» иелігіне Амори тобы капиталының 25%-ы кіреді). Филипп Аморидің бұл қадамы оның «Партизьенді» аймақтық басылым топтарының орталығы етуін көздегенін дәлелдейді. Соңғы он жыл ішінде Француз күнделікті басылымдары өз таралымын тек 1%-ға ғана көтерді, егер «Ожурдюи» газеті болмағанда бұл көрсеткіш 6% төмен түсетін еді.

9. Күнделікті «таймс» газетінің тарихы мен қазіргі жағдайы

Күнделiктi «Таймс» газетiне келетiн болсақ, оның редакторы П. Стотхард газеттi «таблоидтық» пішінмен шығаруға мүлдем қарсы болды. Ол өзiнiң бар назарын 60 беттік газетіне аударады. Олар әртүрлi айдарларға бөлiнген. Көп бөлiгiнде ақпараттық мәтіндер жарияланады. Ал саясат, құқық, сот қызметi және парламент, мәдениет және өнер туралы материалдар үш есе көп. Газеттiң үнемi сақталып келе жатқан және мақтанышы болып отырған - ортаңғы екi бетiнде шығып отыратын редакциялық мақалалар. Сол сияқты әр нөмiрде 15-17 оқырман хаттары шығып тұрады. Басқа да сапалы газеттердегi сияқты ерекше көңiл сенбiлiк басылымдарға бөлiнедi. Бұл күнi «Таймс» жетi секция басады, мәтіннің көлемi - 282 бетті құрайды. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге тасу өте ауыр тиедi. Сондықтан да олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде сатылады. Бұл жағдайда баспагерлер оқырмандардың назарын аударуға өте қарқынды түрде ұмтылады. Олар газеттерге ашық түстi иллюстрацияларды көбiрек беруге тырысады. Ұлыбританияның баспасөзi бұл жағынан өте жақсы дамыған.