Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шетел журналистикасы 47жок.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.71 Кб
Скачать

1.Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) дегенді білдіреді. Бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы. Бақтың монопоиялануы дегеніміз бірнеше ақпарат тарататын агенттіктерді қосып оны бір адамның басқаруы.мысалы рой томсан монопоиясы, ашетт, эрсан монополиялары.

2.Конгломерат — коммерциялық қызметтің әр тұрін қамтитын кәсіпорындар.

Концерн (лат. concern – қатысу, мүдде) – өндірісті араластыру және әртараптандыру негізінде өнеркәсіп орындарын, көлікті, сауданы, ғылыми зерттеу мекемелерін, оқу орталықтары мен сынақ полигондарын бірлестірудің ең кең таралған қазіргі заманғы түрі; қаржы жөнінен бірыңғай бақылаудағы түрлі салалар кәсіпорындарының монополистік бірлестігі. Оны басқа монополистік пішіндерден өзгеше ететін ерекшеліктер: кәсіпорын ерікті келісім негізінде бірікпейді, акцияларды аса ірі компаниялардың, көбінесе, Концернді басқаратын холдингілік компаниялардың сатып алуы жолымен қаржы тәуелділігін орнату нәтижесінде бірігеді. Концерннің құрамына өнеркәсіптік компаниялардан басқа көлік және сауда кәсіпорындары, банктер мен басқа да қаржы мекемелері кіред. Мысалы бурда-групп, генрих бауэр-ферлаг, томсан, саузем концерндерін айтса болады.

3. Соғыстан кейінгі франция баспасөзі

Соғыстан кейін алғашқы кездері бостандыққа шыққаннан кейін Француз баспасөзі Италия газеттерінің кебін киді,яғни, бірінші кезеңде баспасөз бен радио кеңестік әскердің қолында болды. Оккупанттар мен коллабориционистермен байланыс орнатқан көп газеттер жабылып қалды. Олар босағаннан кейін ескі атаумен шыға береді, немесе бұрынғы нөмірін жаңа атаумен бастайды. Сонымен қатар соғыстан кейінгі жылдаы біраз жаңа басылымдар пайда болды. Оның бірқатары бұған дейін заңсыз шығып отырған, ал қалған бөлігі енді жарық көрген басылымдар еді.  Францияда дәл осы кезде «Жаңа баспасөз» пайда болды. Ол көп жағдайда бостандыққа шыққаннан кейін жаңа қозғалысты қамтыған эйфориямен байланысты шықты. Бұл кездері Францияда крммунистер мен социалистер партиясы біршама танымал болып, олардың қызығушылығы мен солшыл бағыттың әрекеті нәтижесінде жаңа басылымдар шыға бастады. Олар баспасөзді саяси партия мен қаржылық-өндірістік капиталдан тәуелсіз етуге талпынды, бірақ бұл кезең ұзаққа созылмады. 1940 жылдың аяғы мен 1950 жылдың басында Франция саясатының өзгеруіне байланысты саясаттың проатлантикалық қозғалысқа енуі, соғысқа қатысып отыруы, «Жаңа баспасөздің» бірқатарының жабылуына ықпал етті. Мұндағы басты мәселе қаржы болды. Сауда саласында бұл баслымдар өз тәуелсіздігін сақтап қала алмады, немесе мүлдем жабылып қалса да кейіннен дәстүрлі баслымға айналып кеткендері аз.

4. «Франс-Пресс»ақпарат агенттігінің тарихы мен тәжірибесі

«Франс Пресс» әлемдік ақпарат агенттігінің ішіндегі ең ірісі. Коммерциялық кәсіпорын, әрі француз өкіметі қаржылай көмектесіп отырады. Ол 1944 жылы бұрынғы Гавас агенттігінің негізінде құрылды. «Франс Прессті» әкімшілік кеңесі басқарады. Агенттік орталығы Парижде орналасқан. «Франс Пресстің» абоненттері: Франция үкіметі, мемлекеттік мекемелер, 12 мың газет, журнал, жүздеген радио, телестанциялар, фирмалар, банкілер, туристік ұйымдар.

Өз жазылушыларын саяси, экономикалық, спорттық, қаржылық, діни, мәдени хабарлармен әрі фотосуреттермен қамтамасыз етеді. Агенттік күніне өз каналдары бойынша 600 мың сөз таратады. 125 елде тілшілер қосыны жұмыс істейді. Әлемдік ақпарат агенттіктерімен хабар алмасып тұрады.

«Франс Прессте» француз, ағылшын, неміс, португал, араб тілдерінде хабар тарату жолға қойылған. Агенттіктің француз тіліңдегі қызметі Францияны, Еуропаны, Африка елдерін, Канаданы қамтиды. Ағылшын  редакциясы АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Канадаға, Австралияға, Индияға, Пакистанға, Африкаға ақпарат таратады.

«Франс Пресс» ақпарат агентігі барлық саладағы ақпараттарда қамтуға тырысады. Саясат, дипломатиялық қарым-қатынастар, экономика, сонымен қатар, күнделікті болып жатқан мәдени және спорттық шаралар, кино және театр жаңалықтары агенттік журналистерінің  назарынан тыс қалмайды. Мәселен, 1953 жылы Сталиннің өлімі туралы, 1997 жылы Диана ханшайымның қайғылы қазасы жөніндегі ақпаратты «Франс Пресс» агенттігі төрткүл дүниеге бірінші болып жеткізді. «Франс Пресс» ақпарат қызметі осы тектес сенсациялар арқылы әрдайым өзінің «әлемдік ақпарат агенттігі» деген мәртебесін жоғалтпауды көздейді. Сондай-ақ, аталған ақпарат агенттігінің журналистері СССР ыдыраған уақытта алғашқылардың бірі болып, М. Горбачевтың Қара теңіз жағалауында отбасымен демалып  жатқан жерінен сұхбат алған болатын. Папа Иоанан Павелдің өлімін, Маоның өлімі туралы, Раббин Ицкахаға  жасалған қастандық туралы ақпараттар алғаш рет осы агенттіктен берілген.

Агенттіктің негізгі аудиториясы – француз тілді Африка елдері. Бірақ бұл елдердің әлеуметтік  жағдайы төмен болғандықтан, түсетін пайда шамалы, «Франс Пресс» ақпарат агенттігі үшін пайданың негізгі көзі – Жапония.  Жапония Францияның ақпарат кеңістігінде қаржылық айналым жағынан бірінші орында. Ал екінші орынды Латын Америкасы иеленіп отыр. 1969 жылдан бері жаңалықтарын араб тілінде тарата бастаған «Франс Пресс» ақпарат агенттігінің жаңалықтары -  Араб елдерінің бұқаралық ақпарат құралдары үшін алдыңғы орында. Бірақ, бүгінгі таңда бұл аймақтың да ақпарат кеңістігін әлемдік «Рейтер» мен «Ассошиэйтед Пресс» сияқты ірі ақпарат агенттіктері жаулап алуда. Сол себептен осы агенттіктер арасында қатаң бәсекелестік орын алған. «Франс Пресс» ақпарат агенттігі «Рейтер» агенттігі сияқты экономикалық және қаржылық ақпараттар саласындағы қызметін жоғарғы  деңгейге жеткізе алмағандықтан,  кемшін түсіп  жатар жақтары бар.