Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TSP_RGR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.02 Кб
Скачать

2.6 Жер жұмыстары өндірісіндегі еңбек қауіпсіздігі

Жер жұмыстарын орындағанда ҚНменЕ және ЖӨЖ-да ескерілген қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау керек.

Жер жұмыстары басталуға дейін барлық қазіргі жерасты коммуникацияларының орналасуын тура белгілеу керек. Олардың қасында топырақты өңдеуді тек осы коммуникацияларды пайдаланатын мекемелердің жазбаша рұқсат қағазы болса және мекеменің қатысқан өкілінің көзінше және жұмыс жүргізуші немесе мастер бақылауымен ғана рұқсат етіледі. Топырақ өңдеуді электр кабелі, қысым су, газ құбырларына тікелей таяулықта соқпа құрал-сайманын қолданусыз жүргізеді.

Қазаншұңқырлар мен ұзын орларды өңдегенде құламаны қазіргі мөлшер құжатына сәйкес немесе уақытша бекіткіш істеледі.

Жұмыс істеп тұрған экскаватор шөміші немесе жебесі астында тұруға және қазым жағынан жұмыс жасауға рұқсат етілмейді. Экскаватормен топырақты автомобильдердің артқы немесе бүйір жақ ернеуінен түсіреді, экскаватор мен автомашина аралығында адамдар тұруға рұқсат етілмейді.

Топырақты гидромеханикалық тәсілмен өңдегенде бөтен адамдарға су шайған топырақтың өңдеу жерінде, ал жұмысшыларға гидромонитор ағысының қимыл зонасында болуға рұқсат етілмейді.

Біреуі соқпа тәсілімен қатқан топырақты бұзып, ал екіншісі қопсытылған топырақты өңдеп жатқан екі экскаватор 50м радиусында бір учаскеде қатар жұмыс істеуге болмайды.

Қатқан топырақты жару тәсілімен қопсытқанда жарылудың қауіпті әсерінен адамдарды, үймереттер мен ғимараттарды және механизмдерді қорғайтын қауіпсіз қашықтықты сақтау керек.

2.7 Жер жұмыстарының сапасын бақылау

Жер жұмыстарын жүргізгенде геологиялық, геодезиялық және геотехникалық бақылау жүзеге асырылады.

Орындалған операциялар құрамы бойынша жер жұмыстарының сапасын бақылау жер ғимараттарының түрі және атқаратын міндетімен анықталады.

Ол қағида бойынша үш кезеңде орындалады: кіріс (алғашқы), операциялап (жұмыс өндіру барысында) және соңғы (алу-тапсыру).

Кіріс бақылауына кіретіндер: жасалатын жер ғимараттарының биіктік және пландық орнын анықтайтын техникалық құжаттарды тексеру, гидрогеологиялық іздеулері және топырақты сынау мәліметтері, негізгі элементтерді жер үстіне шығару және оларды бекіту актілері.

Операциялап бақылау жұмыс өндірісінің жобасымен толық сәйкес орындалады. Қазаншұңқыр немесе ұзын орлар қазғанда ғимараттар немесе инженерлік жүйелердің элементтерін орналастыру шарттарын есепке алып геометриялық өлшемдері, түбінің еңістері және олардың бағыты, құлама тігі, жақтарын бекіту тәсілдері, басқа шараларды іске асыратын немесе әлсіз топырақтарды бекітуді қамтамасыз етуі бақыланады.

Топырақты үйінділерге салғанда: оның түрі мен ылғалдылығы; үйінді қабаттарын салу жүйесі; тығыздау тәсілі және қабаттың мүмкін қалыңдығы; салынатын топырақты үйлесімді дымқылдық деңгейіне дейін суландыру (құрғату); үйіндідегі топырақтың тығыздылығының өзгеру ерекшелігі; әр қабаттың шегіндегі топырақтың алынған тығыздылығы берілгенге (мөлшерліге) сәйкестігі; төгілетін топырақтағы тастардың шекті мүмкін ірілігі және проценттік мөлшері бақыланады.

Соңғы бақылау. Әдетте техникалық құжаттардың орындалуын тексеруді қамтиды. Жұмысты тапсырғанда ұсынатын техникалық құжатта: тұрақты реперлердің ведомостілері, жер ғимараттарының геодезиялық бөлу актілері, жұмыс өндірісінің барысында және жобалау мекемесі және тапсырушымен келісілген өзгерістер кіргізілген ғимараттардың жұмыс сызығы; жұмыс журналы, жасырын жұмыстардың куәландыру актілері немесе оларды кезеңмен қабылдаған журналы болу керек.

Желі-бойлаған жер ғимараттарын, әсіресе, жол үйінділері мен оймаларын жасағанда бақылаудың соңғы кезеңі және алу-тапсыру құрылыс аяқталған учаскеде жүзеге асырылады.

Жұмысты алу-тапсыру: техникалық құжаттардың түгел бар болуын тексеру; орындалған жұмыстың сапасын жер ғимараттарының геометриялық өлшемдерін іріктеп тексеру; жұмыстың жасырынды түрлерін қабылдау түрлерін тексеру негізінде жасалады.

Қорытынды

«Құрылыс өндірісінің технологиясы» курсы бойынша «Жер жұмыстары өндірісін жобалау» тақырыбындағы курстық жұмысты орындау барысында келесі міндеттер орындалды:

  • Оймаларды өңдеу мен үйінділерді тұрғызуда белгілі бір технологиялық тізбектің сақталуы қамтамасыз етілді;

  • Жоғары өнімділікке ие және үнемді машиналар мен көліктік құрылғылар кешені қолданылатын жер жұмыстарының өндірісінің тиімді технологиясы таңдалды.

Нақты өндірістік жағдайлар үшін машиналар жинағы мен тәсілдері техникалық-экономикалық сараптама негізінде және түрлі нұсқаларды дәйектеу нәтижесінде таңдалды.

Курстық жұмысты орындау кезінде мөлшерлік және белгілі бекітілген ережелер енгізілген құжаттармен жұмыс жасалды. Атап айтқанда, алаңдағы жұмыстардың әрқайсысын орындауда жекелеген механизмдер мен көліктер кешені пайдаланылды . Бұл тұста олардың техникалық сипаттамаларын, құрылыстық, жинақтау және жөндеу-құрылыстық жұмыстары үшін бірыңғай құн, уақыт мөлшерлерін, сондай-ақ механизмнің жұмыстық құрамын анықтау қажеттілігі қалыптасты. Осыған орай «Құрылыс нормалары мен ережелері» және «Құрылыстық, жинақтау және жөндеу-құрылыстық жұмыстары үшін бірыңғай мөлшерлер мен бағалар» сияқты құжаттармен жұмыс жасалды.

Жалпы пайымдағанда, курстық жұмыс біршама ізденістерге жол ашып, құрылыс өндірісінің технологиясының қыр-сырын меңгеруге теориялық тұрғыда едәуір үлес тигізді. Көзделген мақсатқа сай, аталмыш жұмыста құрылыс алаңын өңдеудің басты кезеңдері қамтылды, соның ішінде, алаңның табиғи, жобалық, жұмыстық белгілері анықталып, бұл тұрғыдағы оны өңдеудегі қажетті механизмдер қатары айқындалды және пайдалы өнімділіктері есептелді. Бұл өз алдына құрылыс өндірісі кешенінің үлкен бір тарауы – жер жұмыстарының орындалу ерекшеліктерімен кеңірек танысуға мүмкіндік берді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. СНиП 3.02.01-87 «Земляные сооружения, основания и фундаменты». М.: Стройиздат, 1988.

  2. Сборник Е2. Земляные работы. Выпуск 1. Механизированные и ручные земляные работы. Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства. Астана 2011 г.

  3. Хамзин С.К., Карасев С.К. Курсовое и дипломное проектирование. Учебник. - М., 1989 г.

  4. Тарануха Н.Л. Технология и организация строительных процессов. -М., 2005.

  5. Уваров В.Ф. Краснюк Л.В. Технологическое проектирование процессов земляных работ. Курсовое проектирование. – М., 2007 г.

  6. Жанайдарова А.А. Учебное пособие. Производство земляных работ. Издательство КарГТУ. 1991 г.

  7. Единые нормы и расценки на строительные, монтажные и ремонтно-строительные работы. Сборник Е2. Земляные работы. Выпуск 1. Механизированные и ручные земляные работы. М.: Стройиздат, 1988. – 224 с.

  8. Машины для земляных работ / Рейш А.К., Борисов С.М., Бандаков Б.Ф.; под редакцией Епифанова С.П. и др. – 2-е изд., перераб и доп. М.: Стройиздат, 1976.

  9. Белецкий Б.Ф. Строительные машины и оборудование: Справочное пособие. – Ростов н/Д: Феникс, 2002. –592 с

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]