Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TSP_RGR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
261.02 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

1 Технологиялық картаны қолдану аясы

1.2 Технологиялық картаның құрамы

2.1.1 Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіңдегі жұмыс көлемін аңықтау 2.1.2 Құрылыс алаңын тік жоспарлау кезіңде қосымша жұмыс көлемін есептеу.

2.1.3Алаңдағы топырақты көшірудің орташа қашықтығын есептеу

2.1.4 Қазаңшұңқыр өңдеу кезіңдегі жер жұмыстарының көлемін есептеу.

2.1.5 Қазаңшұңқыр өңдеу кезіндегі қосымша жұмыстарды есептеу.

2 Жер жұмыстарын өңдеуге механизмдер жинағын таңдау.

2.2.1 Тік жоспарлау кезіңдегі жер өңдеуге машина жинағын таңдау

2.2.2 Қазаңшұңқыр өңдеуге машина жинағын таңдау

2.3 Жер  жұмыстарының  технологиясы  мен  ұйымдастырылуы.

2.3.1 Топырақты жерді қазып – тасымалдау машиналарымен өңдеу

2.3.2 Топырақты қопсыту және тығыздау

2.3.3 Жерді қазып тасымалдау машиналарының қолдану өнімділігін анықтау

2.3.4 Қазаңшұңқыр өңдеу схемасын және экскаватордың қазымын жоспарлау

2.3.5 Экскаватордың пайдалы өнімділігін есептеу.

2.4 Еңбек шығындарының калькуляциясы және жұмыс өндірісінің кестесі.

2.5 Жұмыс өндірісінің реті мен тәсілдері.

2.6 Сапаны бақылау.

2.7 Қауіпсіздік техникасы.

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Кез – келген ғимаратты не үймеретті тұрғызу кезіңде, сондай – ақ, алаңды жобалау мен жайландыруда топырақты өңдеуді жүзеге асырады. Топырақты өңдеу келесі негізгі үрдістерден тұрады: топырақты алу, оны тасымалдау, төсеу және ныңғыздау. Бұл үрдістер қатарының тікелей орындалып, іске асырылуы алдыңда дайындық не қосалқы жұмыстар жүргізіледі.Дайындық жұмыстары топырақ өңдеуді бастамас бұрын, ал қосалқы жұмыстар қатары жер үймереттерін тұрғызу алдыңда не оның құрылысының жүргізілуі барысында жүзеге асырылады. Үрдістердің бұл тұтас кешені жер жұмыстары деп аталады.

Жер жұмыстары құрылыстағы ең ауыр және еңбекті көп қажет ететін жұмыстар қатарына жатады. Жер жұмыстарын механизацияланған тәсілмен түрлі жер қазғыш және жер қазғыш - көліктік машиналардың, гидромеханикалық құрылғылардың, сондай – ақ жарылыс тәсілінің көмегімен орындайды. Жалпы жұмыс көлемінің 15 % - ын алатын дайындық және қосалқы жұмыстар (ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау және т.б.) әлі жеткілікті дәрежеде механизацияланбаған, сондықтан қолмен атқарылуларына тура келеді.

Жер жұмыстарының өңдірісі кезіңде барлық дайындық, қосалқы және негізгі үрдістер әрқайсысы белгілі бір операцияны (топырақты өңдеу, тасымалдау, тегістеу мен ныыздау, ойма түбін тазалау, құламаларды жобалау) орындауға арналған арнайы машиналар кешенімен орындалады. Нақты өңдірістік жағдайлар үшін машиналар тәсілі мен кешенін таңдау техникалық – экономикалық сараптама мен түрлі нұсқалардың негізінде жасалады.

1 Технологиялық картаны қолдану аясы

Жұмыс өндірісінің жобасына кіретін технологиялық карталар әдетте жұмыстың күрделі түрлеріне және жаңа әдістермен орындалатын жұмыстарға әзірленеді, Осы карталардың негізгі мақсаты - құрылысшылар мен жобалаушыларға технологиялық құжаттама зерттемесіне көмек көрсетуге арналған.

Технологиялық карталарға сүйеніп құрылыс процесстерінің тізбектілігін тағайындайды, апталық-тәуліктік кесте және жұмыс өндірісінің наряды жасалынады.. Оларды құрылыс-монтаждық жұмыстарды орындау кезінде, сонымен қатар күнтізбелік жоспарларда және жұмыст өндірісі жобасының желілік кестелерінде объекттер құрылысының ұзақтығын негіздеген кезде пайдаланады.Технологиялық карталарды, сонымен қатар типтік карталарды қолдану өндіріс ұйымдастырылуының жақсаруына, еңбек өнімділігінің артуына және оның ғылыми ұйымдастыралуына, өзіндік құнның азаюына, сапаның жақсаруына және құрылыс ұзақтығының төмендеуіне, жұмыстың қауіпсіз жасалуына, жұмыс ырғақтылығының ұйымдастырылуына, еңбек ресурстарының және машиналарды орынды жұмсалуына жағдай жасайды.

Tехнологиялық карталар(ТК) құрылыс-монтаждық жұмыстарды және арнайы құрылыс процестерінің өнімі; ғимараттың немесе құрылымның аяқталған конструктивті элементтері, технологиялық жабдықтар, құбырлар және олардың түйіндері және жұмастың кейбір жеке түрлерін (жер, жабындық, бояу, антикоррозиялық, жылуөткізбеушілік және т.б) жасау үшін өңделеді. Кейбір жағдайларда технологиялық карталар кешенді құрылыс-монтаждық жұмыстар үшін (100м құбыр, коллектор, 1 км электрокабельді төсеу және т,б) өңделеді.

Технологиялық карталарды өңдеп, оларды алдын ала жасалған (типтік) шынайы құрылыс жағдайларының - қабылданған жұмыс ұйымдастыру, нақты бар құрылыс машиналарының комплекті, механизмдер, аспаптар, сонымен қатар климаттық және т,б жағдайларды міндетті түрде ескеріп байланыстыру керек. Бұл ретте алғы техника мен құрылыс технологиясына назар аудару керек. Технологиялық карталарды бастапқы мәлімет және құжат ретінде өңдеуүшін; жұмыс сызбалары, құрылыс нормалары және ережелері (ҚНжЕ), нұсқаулар, стандарттар, зауыттық нұсқаулар және монтажға, жабдықтарды іске қосу және жөндеу үшін техникалық жағдайлар, құрал-жабдықтың төлқұжаты, құрылыс – монтаждық жұмыстарды бірыңғай нормалар мен бағалар, жұмысты және жұмыс процестерін ұйымдастыру карталары керек.

Типтік технологиялық карталар(ТТК) типтік және көп қайталанатын ғимараттар, құрылыс және олардың бөліктерін құрылысын ұйымдастыру және құрылыс технологиясының өндірісін еңбек өнімділігін көтеру, сапаны жақсарту және өзіндік құнды азайтуға мүмкіндік беретін тиімді шешімдермен қамтамасыздандыру мақсаттарында жасалынады. ТТК жаңа ғимараттардың құрылысына немесе реконструкция мен бар құрылыстарды кеңейту үшін жұмыс өндірісінің жобаларын жасайтын ұйымдарға арналған. ТТК-ды озық тәжірибені зерделеу негізінде, сапаның қажетті деңгейін қамтамасыз ететін технологиялық процестерді қолдану есебінде, конструкциялардың, бұйымдардың, жартылай дайындалған өнімдер мен материалдырдың комплексті жеткізілімі, жұмыс мөлшерінің максималды қолдану және құрылыс процестерін қиыстыру, конструкциялардың және технологиялық жабдықтарды іріленген блоктармен жеткізу, өндірістік санитария, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау есепке ала отырып типтік және қайтадан қолданылатын ғимараттар мен құрылымдардың жұмыс сызбалары бойынша жасалынады. ТТК-да қабылданған ұйымдастыру - технологиялық шешімдер жоғары технико - экономиялық көрсеткіштерді, құрылыс өндірісінің қолданыстағы талаптарға сай сапа мен жұмыстың орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.

Технологиялық карта – құрылыс жинақтау жұмыстарының жиі қайталанатын түрі, өндірістің ұтымды және тұрақты технологиясын іске асыратын және жұмыс өндірісінің жобасы орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланатын құжат.

Типтік технологиялық карта — құрылыс үрдістерінің технология бойынша арналған:

а)  технологиялық үрдістерін қолдану жоғары сапаны қамтамасыз етеді;

ә) конструкциялар, заттарды, құрылыс материалдарды қаржылармен қамтамасыз ету бір бөлікке, ярусқа, қабатқа;

б) құрылыс үрдістер бірлескен және максималдық қолдану жұмыс орында;

в) жұмысты механикаландыру құрылыстың мерзімін азайтуға, адам еңбегін үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, екі ауысым жұмыс істеу;

г) тасымалдау үрдістер түзілістерді жеткізу технологиялық жабдықтарды ірілеу бөлшектермен;

д) құрылыста еңбек қорғау, тазалық — гигиеналық шаралар өткізу, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік талаптар қойылады.

Типтік технологиялық карта келесі тараудан тұрады:

— пайдалану саласы;

— ұйымдастыру мен құрылыс үрдістерінің технологиясы;

— технико-экономикалық көрсеткіштер;

— материалдық техникалық қаржылар.

«Пайдалану саласы» қарастырылған:

а)  конструктивтік элементтердің және оның бөлігінің ғимараттардың мінездемесі;

ә)   карта бойынша құрылыс жұмыстарының құрамы;

б) карта бойынша табиғат қорғау шаралар, геологиялық, гидрогеологиялық және т. б. жағдайлардың мінездемесі;

в)   белгіленген объектіні картаға байланастыру мақұлдаманы беру.

«Ұйымдастыру мен құрылыс үрдістерінің технологиясы» қарастырылған:

а)  карта бойынша құрылыс жұмыстары талаптар бойынша орындалады. Дайындық, қажеттілік жұмысты қамтамасыз етеді;

ә)  жоспар, кескін конструктивтік ғимараттың бөлігіне арналған құрылыс алаңы мен құрылыс жұмыстар орындалады. Кестеде негізгі мөлшерлер, машиналар орналасқан жер, жолдар құрылыс материалдардың орын ауыстыруы, уақытша электр, жылу, су қамтамасыз ету жұмыс басталу;

б) құрылыс алаңында заттар мен құрылыс материалдар ұзаққа сақтау мақұлдамасы;

в)   өндіріс жұмыстарының әдістері, тәсілдері;

г)   бригаданың саны және олардың қосымша мамандықтары;

ғ)   жұмысты орындау кестесі мен еңбек шығынның калькуляциясы;

д) СНиП 3.01.01-85 бойынша жұмыстарды бақылау құрылыс жұмыстары өткізеді;

е)   жоба бойынша еңбек және қауіпсіздік техникасы шешімі

(1,2 кесте);

ж) құрылыс нормасы және құрылыс сызбалар сәйкес болу оның ішіне кіреді:

1) бақылау сапасының бақылау жұмыстары, құрамы, әдістері, мерзімдерімен

«Технико-экономикалық көрсеткіштер» қарастырылған:

а)  құрылыс үрдістерінің жұмыстарының көлемі;

ә)  кесте бойынша жұмыстың ұзақтылығы орындалады;

Жұмыстың барлық көлемінің еңбек сыйымдылығы калькуляция бойынша еңбек шығынының қосындысымен анықталады.  Еңбек сыйымдылығының  бірлік өлшемдері қосынды еңбек сыйымдылығын (адам-сағат) жұмыс көлеміне бөлумен анықталады.

Бүкіл көлемнің еңбек ақысы норма бойынша ал қабылданғандары еңбек шығыны калькуляциясынан алынады.

Бір жұмысшының орташа ауысым еңбек ақысы қосынды еңбек ақысын жұмыстың барлық көлемін еңбек сыйымдылығына бөлгенмен (ад.-сағ.) анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]