Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

1. Қола дәуіріндегі егіншілік.

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.

Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.

2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.

Қазақстандағы президенттік институт мемлекеттің ең маңызды қызметін институттандырудың ерекше формасы болып табылады. Ол биліктің басқа тармақтарының үстінен қарайтын саяси-құқықтық қабат сияқты. Президенттік биліктің басқа билік тармақтарынан жоғары тұруы тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етеді, осы арқылы Мемлекет басшысы Конституцияның, адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарғы арбитры мен нышаны бола алады. Мұндай құрылым Қазақстан тарихының, қоғамдық-мемлекеттік қатынастардың, дәстүрлі қоғамдық сананың негізінде қалыптасқан. Қазақстандағы Президенттік институтты жеке тұлғамен байланыстырудың (персонофикация) себебі де осыдан және ол Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасымен тікелей байланысты.

Отандық тарих беттерінде тарихта із қалдырған талай адамдар есімі сақталған, бірақ Н.Назарбаев тұлғасының орны бөлек. Оның қызметіне, атқарған еңбегіне баға беретін – біз, оның замандастары.

Мемлекет басшысының дәрежесіне тек белгілі бір қоғамның өмірі мен дамуында өте жауапты рөл атқара алатын тұлға ғана шығарылатыны белгілі. Елдегі көп нәрсе Мемлекет басшысына байланысты. Алайда, бәрі емес. Олардың көбі тұлғаны ел басшылығына дейін көтерген қоғамның өзіне, қоғамдық күштерге тәуелді. Халық – біртекті және бірдей құрылған күш емес. Сайлау кезінде басшылыққа халықтың қандай топтары ие болды, адамдар азаматтық борышын қаншалықты дәрежеде орындады? Міне, осындай жағдайларға байланысты елдің тағдыры да шешіледі. Бір сөзбен айтқанда, халық қандай болса, таңдаған тұлғасы да сондай болмақ.

Н. Назарбаевтың жоғары дарындылығын мойындай отырып, оның бойынан харизмалық көшбасшы қасиеттерін байқау, әрине, қиын емес.

Саяси жетекші ішкі және халықаралық жағдайды, қоғамдық тәжірибені, ғылым мен мәдениет жетістіктерін терең талдауға қабілетті, әлеуметтік болмыстың күрделі жағдайында ойдың қарапайымдылығы мен саралығын сақтап, белгіленген жоспарды, бағдарламаны орындауға шебер болуы керек.

Даму бағыты мен болашаққа жетудің жолын айқындап берген алғашқы стратегиялық құжаттардың қатарында жобасын Нұрсұлтан Назарбаев жасаған «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» (1992 жыл) және «Қоғамның идеялық нығаюы – Қазақстан дамуының шарты» (1993 жыл) атты құжаттары болды. Бұл құжаттар Қазақстанның ашық қоғам типті – демократиялық, бейбітшілік сүйер мемлекет ретінде дамуының концептуалды үлгісін алға тартты. Стратегияда «Қазақстан: а) күшті президенттік республика болып табылады, ол адамның құқықтары мен бостандықтарына, тұрақты азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық татулықты қамтамасыз ететін саяси және идеологиялық плюрализмге, сенімді қорғаныс пен қауіпсіздікке, құқықтық теңдікке кепілдік береді; ә) әралуан меншік түрлері мен әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпкерлікке, шетел инвесторларының қатысуымен таза бәсекелестікке негізделген дамыған нарықтық экономикаға сүйенеді; б) нақты айқындалған әлеуметтік бағыты бар, барлықтарына өз қабілеттері мен материалдық салауатын жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер мен жағдайлар қамтамасыз етілген, әр халықтың ұлттық бірегейлігін сақтап, дамытады, тұрақты дамудың негізі ретінде ұлттық келісім (консенсус) саясатын жүзеге асырады» деп көрсетілген. Стратегия Қазақстан халқының өзін-өзі билеу процесінің негізін қалаған республиканың алғашқы ресми құжаттарының бірі болды.

Президенттік билігі бар егеменді мемлекетті дамыту елдің стратегиялық мақсатының өзегі болды. Жас республика үшін мемлекеттіліктің нақты контурларын белгілеп алу қажет болды. Дағдарыстың одан әрі тереңдей түсу мүмкіндігін ескере отырып, президенттік билік бірінші кезекте кезек күттірмейтін проблемаларды шешуге және қысқа мерзім ішінде аса маңызды реформаларды жүргізуге баса назар аударды.

Демократиялық идеалды ұстану конституциялық реформалар барысында біліне бастады, нақтырақ айтқанда, 2007 жылдың 21 мамырында мемлекет өмірі үшін маңызды «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Мұнда мемлекет құрылысының қазақстандық моделінің параметрі сақталды. Модель шеңберінде конституциялық реформаның енгізілуі мен айтулы қатынас жүйесінің модернизациясы қарастырылды. Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты даму бағытының арқасында мемлекет пен қоғамды үндестіру, мемлекеттік және қоғамдық институттардың белсенді әрекеттестігінде конституциялық шектеулерді алып тастау, жергілікті өзін-өзі басқаруды жаңғырту, бүгінде еліміздің қажеттіліктеріне және ішкі жағдайларға толықтай жауап беру жүзеге асырылды. Конституциялық деңгей сот-құқықтық реформалардың жаңа кезеңіне күш беріп, сот төрелігіне жөнелтіліп, сот тәуелсіздігін бекітуге бағытталды.

Жүргізілген реформалар мемлекеттік және қоғамдық институттарды демократияландыруға күш салды. Конституциялық түзетулер негізінен республика дамуының болашағы үшін ұзақ жылдар талқылауға тартылған мемлекеттік билік тармағының барлық өкілдері, осы комиссия аясында көп жұмыс істеген саяси партия және қоғамдық қайраткерлердің еңбегінің нәтижесі еді.

 Президент – мемлекеттік билік пен халық бірлігінің, Конституцияның тұрақтылығының, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ол барлық мемлекеттік билік тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және олардың

халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Сондықтан, тікелей Елбасының өзі мемлекеттік аппараттың мақсатты жұмыс жасауын және адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, мемлекеттілікті нығайту және сақтау үшін конституциялық жауапкершілікті міндеттейді. Сондықтан, әрбіріміз мемлекет өміріне қатыстылығымызды және жауапкершілігімізді сезінуіміз керек.