Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің

Әбу Наср әл-Фараби IX-Xғ (870-950жж) Фараб маңындағы Отырарда дүниеге келіп Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Отырарда қыпшақ тілінде білім алып, Исфахан, Бағдат, Дамаск Шам қаласында араб тілін игерген. Ол шығармашыларын араб тілінде жазған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамасіде өткізді.Философ, математик, музыкант ғалым дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Ол адам дүниені және оның мәнін сезім мүшелері мен ақыл-ойы арқылы тариды деп түсіндірді. Ғылымның барлық салаларын меңгеріп, 50-ге тарта трактаттар жазды: «Ғылымның энциклопедиясы»,«Ғылымның шығуы»,«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы» ,«Жұлдыз бойынша болжаулар», «Ваккум туралы трактат»Т.б Аристотельден кейінгі екінші ғұлама атанған ғалым.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021–1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Туған жері- Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы. Бұрын бұл қаланы «Күз Орда» деп атаған. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философиа, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Қожа Ахмет Ясауи (1103– 1166 ж.) қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын. Өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезнен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Шешесінің аты Қарашаш. Ахмет Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алғаннан кейін, Түркістанға кліп, сол кезде Орталық Азияда кең тараған софылық, діни-тақуалық идеялардың ірі насихатшысына айналады. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы – «Диуани Хикмат» (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбул , Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шыығарған нұсқасы болатын. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кмшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді. «Диуани Хикматтан» қазақ халқының ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Ясауи әзіреті сұлтан аталып, басына XIV ғасырдың аяғында атақты Ақсақ Темір күмбез орнаттырады.

6-билет

1) VI-IX ғғ қазақ даласындағы бейнелеу өнері.

Бейнелеу өнері архитектурадан бұрын дүниеге келген. Бейнелеу өнеріндегі сәндеудің ең жақсы сақталған түрі- саздың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Шеберлер қабырғаларды көкөніс немесе геометриялық фигуралармен өрнектеген. Отарар қаласының жанындағы Құйрықтөбе қамалынан осындай оймышталған ағаш табылған. Жиын өтеттін залдың арқаларында құдай суреттері салынған. Суреттердің сюжеттері діни және мифтік сипатта болған. Қазақстандағы бейнелеудің бір көрінісі- жартасқа сурат салу. Олар мазмұны жағынан екі топқа бөлінеді:1) салт аттылар, қаумалап аң аулау, көшіп-қону, жекпе-жек; 2) жабайы аңдар. Салт атталардың қолдарында ту болған.

2) XIX ғ. II жартысында қазақ өлкесін зерттеу ісіне үлес қосқан орыс зерттеушілері мен олардың еңбектері

Қазақтар Ресейдің қол астына өткен бойда-ақ өлкені ғылыми тұрғыдан зерттеу үрдісі басталды. Ресейлік көптеген зерттеушілер қазақ фольклоры, генеаологиялық(шежірелік) және этнографиялық материалдар негізінде іргелі еңбектерін жазды. П.П.Семенов-Тянь-шанский(1827-1914ж.ж)Алтайға, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, «Ресей Отанының толық географиялық сипаттамасы» еңбегінің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі»деген бөлімдерін Қазақ өлкесі мен Орта Азияға арнады. Шығыс зерттеушісі, Академик В.В Радлов (1837-1918жж) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтады. М.Красовский «Сібір қырғыздарының облысы» еңбегінде қазақ халқының шығу тегіне көңіл бөлді. Зерттеуші Л.Мейер «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы» еңбегінде Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттады. А.Н.Добросмыслов Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін толық зерттей келе,«Торғай облысы. Тарихи очерк» еңбегін жазды. Т.Г Шевченко1847-1857ж Қазақ өлкесінде аудауда болып, шығармаларын қазақ тақырыбына арнады. «Қазақ шаңырағы», «Атқа мінген қазақ» «Байғұстар» суреттері және « Менің ойларым өлеңі». XIX ғ аяғында В.Вельяминов-Зернов «XV-XVIғғ Қазақ хандығы және ғасыр ортасындағы Кіші жүз тарихы»еңбегін жазды. Прогресшіл бағытта орыс суретшілері қазақ халқының тұрмысы мен табиғатын бейнелеуде зор үлес қосты. В.Верещагинннің «Лепсі алқабын қоршаған таулар » картинасы қазақ жерінің сұлулығын көрсетеді. Н.Хлудовтың өнері негізінен Қазақстан тақырыбына арналған . «Мал айдау»,«Көш» ,«Отынға бару» шығармаларында қазақ елі аса сүйіспеншілікпен бейнеленген.