- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
Кроманьон адамы.
Кейінгі палеолит б.з.б. 40-12 мыңжылдықта адам баласы дамуының жаңа кезеңі басталды. Адамдардың ұжымдасып еңбек ету барысындағы қарым-қатынасы тілдің дамуына ықпал етті. Ойлау мен тілдің арасында тығыз байланыс туындап, мидың дамуын күшейтті. Қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Жүздеген ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде бұдан 40-30 мың жыл бұрын «епті адам» «саналы адамға» айналды. Адамнын жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды.
Неандертальдықтардан кейін, мөлшермен 40-30 мың жыл бұрын «саналы адам», яғни қазіргі адамдар қалыптасты.Саналы адам сүйегі алғаш рет Францияның Кро-Маньон үңгірінен табылған. Сондықтан саналы адамды кроманьондық деп атайды.
Саналы адам өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді, анық сөйлеуді меңгерді. Еңбек құралдарын жасауды одан әрі дамытты, әрі қоршаған ортаға ықпал етті. Саналы адамның миы епті адамның миынан екі есе үлкен болды. Адамдар өздерін қоршаған дүниені атау үшін жаңа сөздер ойлап тауып, сөздік қорын үнемі жетілдіріп отырды. Бұл кезең адамдарды рухани жағынан да жетіле түсті. Үңгір қабырғаларындағы түрлі бейнелер бұған айқын дәлел. Діни наным-сенімдер қалыптаса бастады. Олар өлген адамдардын жерлегенде, түрлі әшекей заттарын бірге көмген.
Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеуде Орыс географиялық қоғамы (РГО) елеулі рөл атқарды. Қоғамның Қазақстанда, онымен шекаралас аумақтарда – Орынборда, Омбыда, Семейде және Ташкентте бөлімдері мен бөлімшелері ашылды.
19 ғасырдың 70-жылдары Қазақстан аумағында облыстар құрылғаннан кейін олардың барлығында да статистикалық комитеттер пайда болды. Олар Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және шаруашылығы жөнінде құнды деректер мен мәліметтер жинастырды. Ол материалдар облыстарда жыл сайын мұқият шығып тұратын «Шолуларда» және «Естелік кітапшаларда» жарияланп тұрды.
Батыс Қазақстанның тарихын зерттеуде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы көп жұмыс атқарды. Ол 1887 жылы құрылған болатын. Комиссия мәжілістерінде мұрағаттық дерек көздері негізінде әхірленген ғылыми баяндамалар талқыланды. Ол материалдар «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланып тұрды.
19 ғасырдың соңы – 20 ғасырдың бас кезінде Қазақстанның далалық уездерін Ф. Щербина бастаған экспедициялық топ зерттеді. Экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың (қазақтардың) жер пайдалануы туралы материалдар» деген атпен 12 томдық еңбек әзірледі. Бұл топтың жұмысына Қазақстанның әр түрлі уездерінің білімді қазақтар белсене қатысты. Бұл материалдар 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басындағ қазақ шаруашылығының жай-күйі жөніндегі теңдесі жоқ деректеме болып табылады. Сонымен қатар қазақ халқы туралы құнды деректер Ресей империясының 1897 жылы өткізілген алғашқы Бүкілресейлік халық санағы кезінде жиналды. Онда Қазақстанның шаруашылық қызметі, мәдениет, тарихы, сондай-ақ халқының саны жөнінде аса қажетті мәліметтер мол болды.
Сонымен қатар Қазақстанды зерттеудегі маңызды тұлғалардың ішінде Б.С. Броневский, А.И. Левшин, Л.Ф. Баллюзек, Г.Н. Потанин,Әбубәкір Диваев, тіпті А.С. Пушкинде болды.
