Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Әкесі Шығай да, Бөкей ордасының ханы Жәңгір де оны бала жасынан ел билеуге, төрелік салтанат құруға тәрбиелеген. 

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі. Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделідеген жер. Топырақ бұйырған орны – Астрахан облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер

5-билет

1) Андрондықтардың баспаналары

Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады. Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары:

а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі- дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.

ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.

Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі. Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі 58 ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.