Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать
  1. 1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.

Ресей Қытаймен және Моңғолиямен сауда-саттық жасауы үшін Қазақстанды транзиттік аумақ ретінде пайдаланды. Бұл саудада қазақ көпестері көбінесе делдалдық қызмет атқаратын.

Қазақтардың арасында, біріншіден, қытай және моңғол тілдерін білетіндер аз болған жоқ. Екіншіден, қазақтар шекара шебіндегі жер жағдайларын жақсы білетін. Үшіншіден, қазақ саудагерлерінің иелігінде жүк көліктері көп болды. Сонымен 1860 жыл Ургада(Ұлан-Баторда) алғашқы орыс фирмасы ашылды. Сол фирманың көпестері Өскеменде де жұмыс істеді. Ресей-Қытай сауда-саттығы Зайсан, Өскемен және Семей арқылы жүзеге асырылды.

1881 жылы Қытаймен жасалған Петербург келісімшартының баж салығын төлемей-ақ сауда-саттық жасау құқығына ие болған еді. Қобда және Улясутай қалалырнда консулдық мекемелер ашылды. Міне, мұның бәрі де Моңғолиямен сауда-саттықтың дамуына едәуір ықпал етті. Бірақ ол Моңғолияда Қытайға тәуелді ел болатын. Соның салдарынан ол өлкедегі сауда-саттық одан әрі дами алған жоқ.

60-жылдардың екінші жартысынан 80-жылдардың бас кезінде дейінгі аралықта сауда қатынастар едәуір бәсеңдеді. Цинь империяының ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. 1881 жылы қол қойылған Петербург келісімшарты бойынша Іле өлкесінің аумағы Қытайға қайтарып берді.

19 ғасырдың аяқ кезінде қазақ көпестері сауда-саттық операцияларына барынша белсене қатысты. Олар үсті-үстіне сауда керуендерін жөнелтумен болды. Көпестердің арасында Жандыбайұлы, Жетікұлы, Шаянбайұлы, Мақыпұлы сияқты саудагерлер көпке танылып, сый-құрметке бөленді, зор бедел алды.

Осы кезеңде сауда қатынастары Жетісу жері арқылы дами бастады. Ертіс және Іле өзендерінде пароход қатынайтын болды. 1883 жылы көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын ашты. Қазақ көпестерінің ерекше зор сұранысы шай, ал өздерінің шығысқа қарай шығаратын тауары баяғысынша мал болды.

  1. А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.

Қазақ өлкесінің мәдени өмірінде музыканың өнерінің дамуына этнограф, сазгер Александр Викторович Затаевич көп еңбек сіңірді. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді.

Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді.

Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген.

Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығарм-на берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С. Прокофьев, Н.Я. Мясковский, М.М. Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.

28- билет