Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать
  1. Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.

Халық арасына кеңінен тараған спортт жарыстарының түрі – қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жас мөлшеріне де, салмағына да, шек қойылмады. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын.

Қазақтың бүкіл әлемге танылған ұлы балуаны - Қажымұқан Мұңайтпасұлы. Ол қазіргі Ақмола облысының аумағындағы бұрынғы Ақмола уезінде дұниеге келген. Бала кезінен-ақ дене күшінің ересеңдігімен көзге түседі.

Дүние жүзінің болашақ чемпионы 1904-1907 жылдары Петербургте классикалық күрес және цирк өнерін үйренді. 1909 жылы классикалық күрестен Ригада өткен дүниежүзілік біріншілікте жүлдегелі орынды алды. Ал 1911 жылы күрестің осы түрінен Варшавада өткен дүниежізілік чемпионатта тағы да бірінші орынды жеңіп алып, Кіші алтын едальмен марапатталды. Содан кейінгі жылдарда атақты балуан еркін және классикалық күрес бойынша өткізілген алуан түрлі турнирлерге қатысты. Мәскеуде, Киевте, Ригада, Минскіде, Парижде, Дондонда, Берлинде, Стокгольмде, Будапештте, Харбинде, Кабулда және Теһранда өткізілген халықаралық турнирлерде тамаша жеңістерге жетіп, жүлделі орындарды иеленді. 1909-1911 жылдары Таяу және Орта Шығыс елдерін аралады. Осы сапарынан кейін біржолата Қажымұқан атанды. Оған дейін Ямаката, Муханура, Қара Мұстафа, Махмұт, Қара Иван деген бүркеншік аттарды жамылып, күреске түсіп келген Қажымұқан 48 алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алған еді. 1913 және 1915 жылдары «Сигизмунд белдігі» атты мәртебелі жүлдені жеңіп алды.

Қажымұқан Мұңайтпасұлы өз өмірінде қазақ даласы мен қазақ халқының атақ даңқын көкке көтеріп өтті. Ол туған еліне, өз жеріне шын берілген адал патриот бола берді.

27- билет

  1. Неандерталь адамы.

Ерте палеолиттің мустье кезеңінде, яғни б.з.б. 140-40 мың жылдықтың арасында, бұдан 100 мың жыл бұрын Жер беті күрт суи бастады. Қыс ұзаққа созылды. Қар мен мұз жаздың қысқалығынан еріп үлгермеді. Еуропа мен Азияның солтүстігінде алып мұздық пайда болды. Жер бетінің күрт суытуынан адамардың тамақ табуы қиын болды. Жылы ауа раййына үйренген жануарлар қырылып, тірі қалғанлары алыс оңтүстік жаққа ауып кетті. Суықтан қорғану үшін, адамдар өздеріне жылы киім тігіп, баспана іздестірді. Ғалымдардың есептеуінше, бұдан 13 мың жыл бұрын мұздық ери бастады. Сөйтіп Жер қазіргі қалпына келді.

Мустье кезеңінде өмір сүргени адамдар неаднерталь де аталады. Ол Германия жерінен табылды. Оның бойы орташа, денесі мығым, белі еңкіштеу, маңдайы тайқы, қабақ сүйегі шығыңқы келеді. Неандерталь баланың сүйегі 1938 жылы Өзбекстанның Тесіктас деген үңгірінен де табылды. Неандертальдықтар жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрген. Олар тастан, сүйектен, ағаштан құрал жасай білген. Отты өз керегіне пайдаланған.

Неандертальдықтар негізінен аңшылық және терімшілкпен айналысты. Ірі аңдардан бизон, мамонт, үңгір аюларын аулаған.

Мустье кезеңінде еңбек өнімділіг арты, алғашқы қауымдық құрылыстың белгілері пайда байқалды. Адамдардың алғашқы ұжымы тұрақты қауымға айнала бастады.