- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
Б.з.б. 140-40 мыңжылдықты қамтыған мустье кезеңінде адамдардың байқағыштығы жетіліп, өз білгендерін бір-біріне үйрете бастады. Еңбек құралдарын жетілдіре түсті.
Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарын адам баласын мустье заманының басында игере бастаған. Олардың осы аймақтардағы Обалысай, Мұзбел, Қанай т.б. қоныстары табылды. Шығыс Қазақстан жеріндегі Қанай қонысынан табылған тас құралдардың пайдаланған уақыты 140-132 мың жыл бұрын екені анықталды.
Археологтар Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан өңірінен мустье кезңінің тұрақтарын көп тапты, сонымен бірге Көшқорған кешені де аталған кезеңге жатады.. Солардың ішіндегі ең күрделісі, қалыңдығы 7 метр болатын көп қабатты Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ. Ежелгі адамдар бұл тұрақты бірнеше рет қоныстанған. Қазба жұмыстары кезінде қоныстың әр түрлі қабатынан үшкіртас және құрал жасаудан қалған тас сынықтары табылған. Әсіресе өте жақсы өңделген қырғыштар көп кездеседі.
Алғашқы еңбек құралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинақталды. Мустье кезеңінде құралға арнлаған тас жаңқалар домалақ, үшбұрышты келген өзектастардан сындырылып алынды.
Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
Патша үкіметін құлатқан Ақпан төңкерісінен кейін бүкіл Ресейде қалыптасқан демократиялық жағдайды пайдалана отырып, түркістандық ұлт зиялылары 1917 жылы 16 сәуірде Ташкент қаласында Түркістан мұсылмандарының құрылтайын шақырды. Шамамен 220 өкіл жиналған құрылтайдың күн тәртібінде Ресейдің мемлекеттік құрылымы мен Түркістанның өзін-өзі басқару құқығына байланысты мәселелер талқыланды. Құрылтай жұмысына Мүнәууар Қари Абдурашидханов басшылық жасады. Убайдулла Хожаев пен Серәлі Лапин төраға орынбасарлары, Мұстафа Шоқай, Зәки Уәлиди, Ташболатбек Нарботабеков және Садық Абдусаттаров құрылтай хатшылары болып сайланды. Құрылтайда Мұхаметжан Тынышбаев Түркістандағы ахуал жайында баяндама жасады. Сондай-ақ Уақытша Үкіметтің мүшесі Садри Мақсудовтың сөздері құрылтай делегаттарының көңілінен шықты.
Төңкеріс нәтижесінде қоғамда орын алып жатқан өзгерістерге байланысты Түркістан мұхтариятын жариялау туралы талаптар күннен-күнге күшейе түсті. Осы мақсатта консервативтік бағыттағы «Улема жамиғаты» 12-15 қараша күндері Ташкент қаласында құрылтай шақырды. Түркістан қаласынан келген өкіл Имамберді Ержігітовтың ұсынысы бойынша, жиынға арнайы шақырылған Мұстафа Шоқай Ташкентке келіп, мәжіліс жұмыстарына қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елде большевиктердің билігі орнағанын, алайда оларды мойындамау керектігі туралы айтады. Мұстафа Шоқай ендігі жерде Түркістандағы бүкіл мұсылмандардың бірігіп, большевиктік үкіметтің де үстінен қарайтын үлкен бір үкімет құру туралы ұсыныс түсіреді. Құрылтай соңында Түркістанда автономия жариялау туралы ұсыныс мақұлданды.
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
