Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Жұмабек Тәшенев 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Танагүл ауылында дүниеге келген (бұрынғы жері қазіргі Береке және Қойгелді ауылдары ардасында). Жұмабек Тәшенев тәрізді тұлғалар туралы тарихи кітап жазу, олардың еліне, халқына сіңірген еңбегіне баға беру — аса жауапты іс, Отан тарихы ғылымы бойынша зерттеу жұмысымен айналысушылардың ерекше мән беріп, кезең ақиқатын ашып, терең зерделенуге тиісті тақырыптардың бірі. Өйткені, осындай ұлт қайраткерлерінің бейбіт күндегі ерліктері туралы әңгіме көп. Халық өзі сүйген перзентінің іс-әрекетін, аңызға айналдырып, оны кейде ел тілегінің символына айналар ертегілік кейіпкерге айналдырып жіберетіні-де бар. Сондықтан мұндай зерттеулерде нақты айғақтық деректерге, құжат мәліметтеріне сүйене отырып, шындық пен әсірелеудің ара-жігі ашылып, тарихи бағасы берілуі шарт. Сонда ғана оның өмірі мен қызметі, тұлғалық болмысы жан-жақты қамтылып, ұлтжандылық қасиеті кеңінен ашыла түспек. Қайраткердің кеңестік дәуірде қызмет жасаған уақыты өте қиын кезең болды. Ол соғыс алдындағы ашаршылық пен қуғын-сүргінді көрді. Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпай жатып, тылдағы халықтың ауыр еңбегін бірге бөлісті. Тың және тыңайған жерлерді игеру науқанынан басталған жер мәселесіндегі құйтырқы саясатқа қарсы тұрып, қаймықпай күресті. Елім, жерім дегені үшін үкімет басшылығынан алынып, облысқа қуылды. Бұдан кейін-де кеңестік жүйе тарапынан әділетсіз жасалған тепіріштер аз болған жоқ. Бірақ мұның бір-де бірі оны мұқата алмады. Қазақ халқының қайтпас қайсар ұлы алған бағытынан қайтпады, билікке иілмеді, мансапқа сатылмады, перзенттік адалдығын, азаматтық ірілігін сақтап қалды. Осы уақытқа дейін қазақ халқының осындай біртуар абзал азаматы жайлы арнайы зерттеу еңбектің жазылмай келгендігі ойланарлық жағдай. Тек ел тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ол жөнінде көзкөргендердің естеліктері мен газеттік шағын мақалалардан құралған бірнеше жинақ жарық көрді. Алайда олардың бәрі бірдей мұрағат деректеріне негізделмеген, ғылыми нақтылығы шамалы дүниелер еді. Сондықтан да авторлар тақырыптың зерттелу аясын кеңейтіп, қайраткердің өмірі мен қызметіне қатысты мұрағат деректерін тауып, оларды кезеңдік мерзімдерге қарай жүйелеп, еңбектердің әрқайсысына жан-жақты тоқталып өтіпті.

25-билет

  1. Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.

Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік құрылымы — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды.

Ашельдік мәдениет 3 кезеңге бөлінеді: ерте, орта және соңғы ашель. Ерте ашельдік тұрақтарда, олдувайлық ескерткіштер сияқты, чопперлер, чопингтер т.б. кездесіп отырған. Бірақ бұл жерде жаңа, өзгеше құрал - қол шапқышы пайда бола бастаған.

Палеолит жайлы әдебиеттерде «қол шапқыш» терминінің орнына екі беті де өңделген құралды білдіретін «бифас» термині жиі қолданылып жүр. Бірақ «бифас» термині «қол шапқыштан» гөрі кеңірек ұғым. Олар орта, кейінгі ашельге және мустьеге тән және сонда кездеседі, сонымен қатар, шабуға емес, кесуге, қырқуға арналған және сүңгінің ұштығы есебінде қолданылды. Одан басқа осы кездері тас бұйымдарды шабатын құрал - кливер пайда болады. Шапқыш сияқты, ол да екі жағынан да қашалған құралға, яғни бифасқа жатады. Палеолит туралы әдебиеттерде кливерлерді кейде көлденең жүзді шапқыш, кескіш деп те атаған.

Дегенмен, ерте ашельдің тас артефактарының негізгі бөлігін әртүрлі кескіш, қырғыш, тескіш т.б. құралдар бола алатын жаңқалар құрады. Бұл кезеңнің адамдары аңшылықпен, терімшілікпен айналысты. Балық аулау мен теңіз моллюскаларын жинаумен де айналысу тәжрибесі жинақталды, енді от та таныс бола бастады. Ерте ашельдің жасы 700-300 мың жыл.

Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын.