- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулыққауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
Кеңестік тәртіптің сөзсіз жетістіктерінің бірі - халыққа білім беру жүйесінің дамуы мен жаппай сауаттылықты іске асыру. 1918 жылдың өзінде «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» және «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Ереже» қабылданып, мұнда кеңестік білім беру жүйесінің негізгі қағидалары жарияланды: тегін білім алу, қыздар мен балаларды бірге оқыту, діни пәндерді оқытуды, барлық жаза түрлерін жою, мектепте өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыға бөлінді:
1) 8-13 жасар балалар үшін;
2) 13-17 жасар балалар үшін.
Медресе, мектептер, орыс-қазақ мектептерін кеңес мектептеріне айналдыру бойынша белсенді жұмыс басталды. Азамат соғысының соңына қарай Қазақстанда 144 мың оқушысы бар 2410 мектеп жұмыс істеді, оның 31 мыңы қазақ оқушылары болды.
Алайда, көптеген мектептер қолайсыз орындарда жұмыс істеді. Қазақ мектептерінің 99%-ы мүлдем өз ғимаратына ие болмады. Бірыңғай бағдарламалар, тіптен оқулықтар жоқ еді. Қазақ балалары, батырақ балалары мен жетімдер үшін:
1. Мектеп коммуналар;
2. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды.
XX ғ. 30 жылдардың екінші жартысында орта буын мектептерін, толық емес және орта мектептердің жоғары класстарын, әсіресе, ұлттық мектептерді нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. 30 ж. екінші жартысында колхоз-совхоздардың қаржысына құрылған интернаттар желісі кеңейтілді.
20-30 жылдары мектептерді әдістемелік қамту бойынша көп жұмыстар атқарылды. 1921 жылы Семейде А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың «Есеп құралы», «Оқу құралы», «Тіл құралы» оқулықтары шығарылды. Мемлекеттік баспа жанынан жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын шығару үшін редакциялық алқа құрылды. Оларды жазуға мыналар тартылды: Бөкейханов - География; Жұмабаев - Қазақстан тарихы. Педагогика; Аймауытов - Дидактика.
Сондай-ақ Мүсірепов, Садуақасов, Сәтпаевтар да жұмылдырылды. Әсіресе, Қ.Сәтпаев Томск университетінің студенті бола отырып, қазақ мектептері үшін математика оқулығын жазды.
XX ғ. 20 жылдардың соңына қарай қазақ мектептері үшін жалпы тиражы 575 мың дана 30 оқулық шығарылды.
Мұғалімдер саны өсті, Қазақстанда соғыс алдында 44 мыңнан аса мұғалім болды. 1939 жылы республиканың 160 мұғалімі орден және медальдермен наградталды. С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.Волхов, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев сияқты мұғалімдер «Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген мұғалім» атағын алды.
