Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.

1927 ж. қарашада өткен 6-жалпы қазақтық партия конференциясының мал өсірушілерді жерге жаппай орналастыру жөніндегі қарарына сәйкес көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыру үшін күштеу саясаты қолданылып, ел тіршілігі бұзылды. Республика аумағында бірнеше округтер мен аудандарда (Семей, Ақтөбе, Шалқар, Сырдария, Қызылорда, т.б.) 3 млн-ға жуық көшпелі және жартылай көшпелі қазақтар күштеп отырықшыландырылды, мыңға жуық ірі байлар шаруашылығы тәркіленіп, жер аударылды. Осы жағдайлардың өзі отырықшылыққа дағдыланбаған қазақтардың малдарын шығынға ұшыратып, әміршіл-әкімшіл жүйенің қолдан жасалған ұжымдастыру шаралары кесірінен халық жаппай аштыққа ұшырады. Шаруалардың жер-жердегі жаппай наразылығы мен қарулы көтерілістері аяусыз жаншылып, қазақтарды күштеп ұжымдастыру, отырықшылыққа көшіру жалғасты. Отырықшыландыру науқаны барынша тұрпайы жүргізілді. Отырықшыландыру саясаты қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір салтын күйретті, мыңдаған жылдық тарихы бар көшпелі өркениет қиратылды. Қазақ шаруалары жаппай ашаршылыққа ұшырады (қ. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру).Дегенмен отырықшылыққа көшудің аса ауыр зардаптары болуына қарамастан тұрақты жерге қоныстанушылық барысында қазақ халқы мәдениеті дамыған іргелі елге айналып, экономикасы өркендеген ірі мемлекет қатарына қосылды.

3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.

1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Игі істері мен жетістіктері.Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутатыболып сайланды.КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал

XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды. Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды

18-билет

1)Қазақстан тарихының кезеңделуіне түсінік беріңіз (ежелгі, орта, жаңа, және қазіргі заман).

Палеолит- Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Ерте палеолит Қазақстан - Ежелгі палеолит – ірі-ірі үш кезеңге: Олдувэй (б.з.б. 1 млн жыл-800 мың жыл); Ашель (б.з.б. 800-140 мың жыл); Мустье (40-35 мың жыл) кезеңдерге бөлінеді. Орта палеолит- (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі. Орта палеолитте Қазақ даласындағы жер құрылымында күшті тектоникалық (құрылу, өзгеру процестері–грек сөзі) қозғалыстар болып өтті. Соның нәтижесінде таулар, төбелер пайда болып, жерді екі рет топан су басты. Солтүстік Мұзды мұхиттың суы көтеріліп, ол Қазақстан жеріне дейін келді. Орталық Қазақстанда жер деңгейі 500 метрге дейін көтерілді. Бірнеше мың жылдардан кейін Оңтүстікте басталған мұздардың еруіне байланысты Қазақстан жерінде құмды, шөлді, суы тапшы жерлер пайда болды. Өзеңдердің қазіргі арналары қалыптаса бастады. Қазақстандағы жазық жерлер (Ертіс пен Балқаш маңы) орманды далалы, оңтүстігі көбіне жусанды, шөлді болып қалыптасты. Тянь-Шаньда және басқа да таулы жерлерде қаптал қарағай, шырша, жөке, қызыл қайың, қандыағаш өсетін болды. Қазақ даласында бірнеше хайуанаттардың түрлері болды: пілдер, жүні сирек мамонттар, жазық далада түйе, қарақұйрық, бөкендер т.б. болды. Кейінгі палеолит- Соңғы палеолит б.з.б. 40-35 мың жалдан басталып, 12-10 мың жылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстаған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Бұл тұста адамдардың рулық қауымы мен топтық ұжымдары қалыптаса бастады. Рулыққауымдар барлық жерлерде алдымен отбасының қамқоршысы, бала өсіруші ана төңірігінде топтасты, осыған байланысты әйелдер алғашқы қауымда үстемдік жасады, мұның өзі аналық – матриархаттық дәуір деп аталды. Сонымен, аналық ру өзара қандас туыстығы арқылы біріккен және шешелері жағынан шыққан тегі бір адамдардың экзогамиялық тобы болды. Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың

тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды. Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді. Мезолит (орта тас ғасыры)-(б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

ОРТА ҒАСЫР..Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж.); Түркеш қағанаты (704-756 ж.);

Қарлұқ қағанаты (756-904 ж.); Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы); Қимақ қағанаты (IX ғасырдың соңы - XI ғасырдың басы); Қарахан мемлекеті (942-1212 ж.); Қарақытай мемлекеті (1125-1212 ж.); Қыпшақ хандығы (XI-XIII ғғ. басы).

ҚАЗІРГІ ЗАМАН.. «Бүгінгі Қазақстан - қалыптасқан мемлекет. Біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет басшысы ұсынған «Қазақстан-2050» Стратегиясы қоғам дамуының жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және 2050 жылы қайда болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді», - деген Марат Мұхам-бетқазыұлы, мәселе ел болашағының дүниетанымдық жаңа моделін жобалау, басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау туралы болып отырғанына назар аударды. Мемлекет басшысы «Бүкілқазақстандық бірегейлік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс» деп баса көрсетіп отыр. Мәселенің бұлайша қойылысы біздің назарымызды ұлттық тарихты зерттеу мәселелеріне объективті түрде шоғырландырады.

2)1930 жылдардағы зиялы қауымды жаппай жазалау.

1937 жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов, Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.

3)Ж.Шаяхметовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Ресей Федерациясы Омбы облысының Шарбақты ауданында туған. Полтавкадағы екі сыныпты қазақ-орыс училищесін бітірген (1917 ж). Мәскеудегі Н.Нариманов атындағы Шығыс институтында оқыған. Ж.Шаяхметов тарихи отанындағы еңбек жолын Текелі болыстық атқару комитетінің хатшысы болып бастап (1921-1923 жж.), уездік атқару комитетінің іс жүргізушісі болды. Халық ішкі істер комиссариатында 10 жыл жұмыс істеп, жедел уәкілдің көмекшісінен облыстық басқарма бастығының орынбасарлығына дейін жоғарлады (1936 ж.). 1938 жылымаусымда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үшінші хатшысы болып сайланды. Бір жылдан кейін екінші хатшылыққа көтеріліп, Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстан бойынша Мемлекеттік қорғаныс комитетіне басшылық жасады.

Жұмабай Шаяхметов жауапты қызметтер атқарған кезеңде, яғни 1927-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргінді белсене жүзеге асырып, мыңдаған жазықсыз адамдардың өмірін қиған НКВД мейлінше қатігез жазалаушы орган ретінде танылды. 1936 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық НКВД бастығының орынбасарлығына

тағайындалып, 1937 жылы желтоқсанда ВЧК-ОГПУ-НКВД органдарының құрылғанына 20 жылдығына орай марапатталған, 1938 жылы маусымда Алматы облыстық басқармасының орынбасары лауазымына бекітілген Жұмабай Шаяхметов 1938 жылы шілде айында Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің үшінші хатшысы болып сайланды. Кезінде НКВД органдарында қызмет етіп, кейін жоғары билікке қол жеткізген адамдарға қатысты күдікті көзқарас та осы кезден бастап қалыптасып, әлі күнге жалғасып келеді.

Жұмабай Шаяхметовтің сайлануы советтік ұлт саясатының тағы бір шарты – ұлт республикаларына жергілікті кадрларды тағайындау мәселесін шешті. Ал оның аталған бес шартқа сай келгені кейінгі қызметінен де көрінді.

19-билет

1.XI-XIII ғасырлардағы қыпшақтардың этникалық құрамы және шаруашылығы.

XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды. XI ғасырдың орта шенінде қыпшақ жөне куман тайпалары батысқа қарай қозғала бастады. XI ғасырдың екінші жартысында оңтүстік орыс далалары шегінде болған саяси және этнографиялық өзгерістерді парсы тарихшысы Хамдаллах Казвини атап өткен, оның мәліметтері бойынша, Дешті Қыпшақ деген Дешті Хазардың нақ өзі. X ғасырда оңтүстік орыс далалары Дешті Хазар ретінде белгілі болған. Кумандар 1055 жылдан бастап ертедегі орыс жылнамаларында айнытпай аударылған «половец» деген атпен кездеседі. Барлық жағынан алып қарағанда, «половецтер» терминін екі мағынада: дәл кумандарды білдіретін нақты және бүкіл қыпшақ тайпалары бірлестігіне қолданылған кең көлемдегі мағынада түсіну керек. Алайда жылнамаларда бұл мағыналары ажыратылмаған. Қыпшақтардың этникалық жер аумағы. Қыпшақтардың этникалық жер аумағының қалыптасу үрдісі этностың негізгі қоныстанған аймағының анықталуымен мейлінше тікелей байланысты.

Қимақ қағанының қол астында болған кең-байтақ жер XI ғасырдың басында әулеттік елбөрі руынан шыққан хандар бастаған қыпшақ шонжарларының қолына толық көшті. Қимақ тайпалары шығысында Алтай мен Ертістен батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құлынды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ жерді алып жатқаны мәлім. Қыпшақ хандары саяси дәуірлеуімен қоса-қабат, оңтүстік бағытта ілгерілеп, Сырдарияның орта және төменгі аймағын, Арал және Каспий өнірі далаларын Қыпшақ хандығының қол астына қаратты. Қыпшақ ақсүйектері Сырдария бойы қалаларының билеушілеріне айналды.

Қыпшақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал шаруашылығы болды. Орта ғасырлардағы жазбаша деректемелерден қыпшақтардың жылқы, қой, сиыр, өгіз, түйе өсіргенін білеміз. Қыпшақтар малының кұрамында қыста жаюға неғұрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың мал шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының зор маңызы болды. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын өсірген. Олар- дың едәуір бөлігі кішкене құйрығы бар, бірақ ұзақ кешуге өте бейімделген қой болған. Сонымен бірге құйрықты қой да өсірген; олар көктем алдындағы жемшөп жеткіліксіздігіне біршама жақсы тезетін еді

2.Кеңес Одағының Батыры атанған қазақстандықтардың ерліктері.

Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы 5 тамызда Сарыарқаның кең-байтақ даласында, Ақмола облысының өзен-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. 1942 жылы майданға аттанады. Көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды. Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады. КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады.

Беда Леонид Игнатьевич (16. 8.1920, Қостанай облысы Ұзынқол ауданы Новопокровка с. - 26.12.1976) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, авиация генерал-лейтенант (1972), ұшқыш-шабуылдаушы. КСРО-ға еңбек сіңірген әскери ұшқыш. 1942 жылдың тамыз айында майданға жіберілді. Ол Сталинград, Донбасс, Таганрог, Кенигсберг қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. 75-гвардиялың авиациялық шабуылдаушы полктің әскадрилья командирі 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет әскери тапсырмамен жау әскері шоғырланған жерлер мен бекіністерін шабуылдады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлыгымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944). Сол полктің (З-Беларусь майданы, 1-әуе армиясы, 1-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) командирінің орынбасары бола жүріп, 105 әскери тапсырманы орындады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бедаға екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.6.1945). Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әскери қызметтегі міндетін орындау кезінде қаза тапты.

Павлов Иван Фомич- (25.6. 1922, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы - 12.10.1950) - қазақстандық ұшқыш, майор (1948), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры (4.2.1944 және 23.2.1945 жылдары). Соғысқа 1942 жылы желтоқсаннан қатысты. Ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, авиаэскадрильяның командирі, штурмандар авиаполкінің штурманы болды. Калинин, Орталық, 1-Прибалтика майдандарында 200-ден аса әуе шабуылына қатысып, жеке өзі жаудың 3 ұшағын атып түсірді. Жауынгерлік міндетін атқару үстінде қазаға ұшырады. 2 рет Ленин, 2 мәрте Қызыл Ту, Александр Невский, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған. Павлов мүсіні Қостанай қаласында орнатылған.

Луганский Сергей Данилович (1.10.1918, Алматы қаласы - 1977, сонда) - қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (2.9. 1943; 1.7.1944). 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО ҚК-нің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды.

3.Ж.Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын сипаттаңыз. Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары

Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді. 1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).

Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы. Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады

Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды. Олардың ішінде «Тәрбиеге жетекші» (1924), «Психология» (1926), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926) т.б. бұл бағыттағы ғылымның бастауында тұрған ірі ғылыми еңбектер Жүсіпбек аз ғана ғұмырында әдебиеттің әр түрлі жанрларында өнімді еңбек етіп, құнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.[3]

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

20-билет