- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
Жетісудағы соғдылар.
Соғдылар – Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық.
Ежелден Зеравшан мен Қашқадария өзендерінің алабын қоныстанған.
VII ғасырдың басында Жетісуда болып, соғдылар туралы жазған қытай саяхатшысы: Сюань Цзянь.
Өзінің күнделігінде: «Суяб қаласының батыс жағында бірнеше қала бар. Олар басқаларға тәуелсіз, бірақ түріктерге бағынышты өз билеушісі бар. Шу өзенінен Кушанияға дейінгі бүкіл ел Сули (Соғды) болып аталып келген. Тұрғындарының жартысы егіншілікпен, жартысы саудамен шұғылданған» деп жазады.
Қытай саяхатшысы Сюань Цзяннің деректері бойынша соғдылардың негізгі кәсібі: сауда мен егіншілік.
VI-VII ғасырларда соғдылықтарды жаулап алған: Түрік қағандығы.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы туралы үш пікір бар:
1. Сауда арқылы келіп қоныстанған.
2. Соғды диқандары мен саудагерлеріне Бұқараның әмірі Абруйдың алым-салықты көп алып, қысым көрсетуі.
3. Араб шапқыншылығы.
Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші: В.В.Бартольд.
Соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған кезең: VI-VIII ғғ.
Соғдылардың Жетісуға қоныстануы дамытты: Егіншілік пен қала мәдениетін.
«Соғдылықтардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазған ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым:М. Қашғари.
Соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас екендігін жазған: Махмуд Қашғари.
Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
Ерте ортағасырларда Шу өзенінің бойында орналасқан Суяб қаласы Батыс түрік қағанатының, Түргеш және Қарлұқ қағанаттарының астанасы болды. Баласағұн қаласы Қарлұқ қағанатының бай-шонжарлары өмір сүрген екінші астанасы болды. Янгикент(Жаңа Гузия) Оғыз мемлекетінің астанасы. Карантия Алакөлдің бойында орналасқан, Қимақ қағанатының екінші астанасы болған.
3-билет
Шығыс Түрік қағанаты.
Шығыс Түрік қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (682 - 744 жж.).
Түркі қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Шығыс түркілері Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Шығыс Түркі қағандығы (682-744)- Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. Білге қағаннан кейін 741 жылдан қағанат әлсіреп, ыдырай бастайды.
Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін–сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ халқы (қазақ елінің) бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. Ауыр «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Екі ірі мемлекетпен дипломатиялық, сауда қарым–қатынастарын орнатып, кезінде жоңғарлар басып алған Алтай, Тарбағатай өңіріндегі қазақ қоныстарын қайтарып алды. Қазақтар жаппай ата-мекендеріне орала бастады. Жоңғарлармен күресте халықтың басын біріктіруде ерекше рөл атқарды. Абылай сұлтан өзінің шебер саясаткерлігінің арқасында Ресей мен Қытай сияқты ірі империяларды өз саясатымен санасуға мәжбүр ете отырып, іс жүзінде елдің дербестігін, жерінің тұтастығын сақтап қалды. Абылай өткір ойлы, терең білімді шешен адам болған. Бірнеше түрік халықтарының және де парсы, қытай, орыс тілдерін жетік білген. 1741 жылы Абылай сұлтан жоңғарлардың қоршауында қалып, тұтқынға түседі. Тұтқында болған екі жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, жоңғар хандығының ішкі саяси жағдайын жіті бақылап, бұл мемлекеттің күштілігі – мықты орталықтанған билікке бағынуында және де халықтың бірлігінде екенін түсінеді. Абылай сұлтан және де бірге болған серіктері, барлығы отыз бес адам қалмақ тұтқынынан 1743 жылдың 5-і қыркүйегінде елге қайтып оралады. Абылайдың тұтқындағы екі жылдай уақыт ішінде өзінің қадыр–қасиетін жоғалтпай жоғары ұстауы, сөз жүйесіндегі тапқырлығы мен батылдығы жауларын таңқалдырған. Ал сауда–саттық жүргізу ісіне көп көңіл бөлгені де орынды еді. Бұрын айырбас сауда тек Орынборда ғана жүргізілсе, енді 1760-шы жылдары Троицкіде, Семейде, Қызылжарда жүргізілетін болды. Ертіс өзенінің сол жағын бойлай шығысқа – Қытайға қарай «Абылай жолы» атты сауда жолы салынды. Қазақ хандығы мен Қытай арасындағы сауда–саттық биік дәрежеге көтерілді. Тарбағатай мен Құлжада жәрмеңкелер ашылып, олар қазақтарға малын, қолөнер бұйымдарын Қытай тауарларымен айырбастауға мүмкіншілік тудырды және Ресей мен Орта Азия мемлекеттеріне де Қытаймен сауда қарым–қатынасын орнатуға жол ашты. 1771 жылы үш жүздің өкілдері жиналып Абылайды бүкіл қазақтың ханы етіп сайлайды. Оның хан атағын Қытай императоры да, орыстың ақ патшасы да бекітеді. Ресей патшасы Екатерина ІІ Абылайды хандыққа бекіту, әйтпесе, оған әлдебір нұсқаулар беру үшін оны талай рет Петербургке, не Орынборға арнайы шақыртады, алайда Абылай хан ол шақыртуларға: «Мені үш жүзге хан қылып халқым сайлады, ендеше бұған қоса айрықша бір куәлік алудың қажеті жоқ», - деп жауап берген. Шын мәнінде де Абылай ханның тұсында қазақ мемлекеті өзінің ішкі, сыртқы саясатын ешкімге жалтақтамай дербес жүргізді. Ол өз мемлекетінің дербестігін бәрінен де жоғары санады. былай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ол туралы орыс ғалымы А. Левшин былай дейді: «Абылай тәжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен, Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте білетін еді». Бұл жерде Абылай ханның XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айта кеткен жөн болар. Себебі қазақ қоғамында күйдің алар орны айрықша, ең мол дерек көзі күй тілінде және күй аңыздары түрінде сақталған. Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған және де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды. Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уәлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым–зерттеушілер кезінде жазған. Олар: «Ақ толқын», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Қайран елім», «Қоржын қақпай», «Жетім торы» т.б. «Бұл күйлердің бәрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді елестетеді» дейді Ш.Уәлиханов. Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Алайда ол дүние салғаннан кейін қазақ мемлекеті қайта бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды қызу қолға алды. Оны іске асыру әр түрлі жолдармен іске асты, яғни әскери шеп бекіністер салу, қазақ жерін тартып алу, хандық билікті жою, рухани отарлау және т.б. Абылай кезінде қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жақсарды. Қазақ халқы бірлікке, тәуелсіздікке, бейбіт өмірге ұмтылды. Абылай сұлтан болған кезінде ақыл–айласымен, сабырлы салмақтылығымен маңайына Төле би, Айтеке би, Қазыбек би, Байдалы би, Сасық билерді, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай т.б. батырларды, Бұхар жырау, Ақтамберді жырау, Үмбетей жырау сияқты сыншы-жырауларды топтастыра білді. Абылай ел арасында аса зор беделге ие болған. Қазақ халқының басқа халықтармен терезесі тең дамуы үшін жан аямай арпалысқан хан. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Абылай деген ат тәуелсіздік, бостандық, бірлік, ерлік, азаматтық, мемлекеттік тәрізді ұғымдармен бірге айтылатын болды. 3. И.Тайманұлының, Жәңгірханның дүниеге келген өңірлерін картадан көрсетіңіз.
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
4-билет
1.Қола дәуірінің кезеңдері.
Қола дәуірінің негізгі кезеңдері: б.з.б. ХҮІІІ – ХҮІ ғғ. – ерте қола дәуірі б.з.б. ХҮ – ХІІ ғғ. орта қола дәуірі б.з.б. ХІІ – ҮІІІ ғғ. кейінгі қола дәуір
Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
2.«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайына талдау жасаңыз.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Москвада В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда товар-ақша қатынастарының ролі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес товар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғымның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын товарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Букілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау. 2. Демократияландыру мен жариялылық. 3. Төрешілдікке қарсы күрес. 4. Халықтық реформа жүргізу. 5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру. Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.[
.
