- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі. Ол 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында (бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданында) дүниеге келген. Найманның Қаракерей табындағы Сыбанның Жарасқұл әулетінен шыққан. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашқан ол кейін шағатай, түрік тілдерін игереді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне қомақты үлес қосқан Дулат Бабатайұлы өзі өмір сүрген кезеңнің шындығын көркем бейнелеуде біраз табысқа жетті. Сол замандағы кері кеткен мәселелерді шеней отырып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақырады. Туған жер, адамның іс-әрекеті, мінез құлқы, тарих көші, кәсіп туралы әралуан тақырыпты арқау еткен оның қаламынан өткір сатира дәрежесіне дейін көтерілген туындылар туды. Кеңестік дәуір тұсында оның шығармалары біржақты қаралып, көркемдік-эстетикалық талап тұрғысынан әділ бағаланбады. Ескішіл, феодалдық қоғамның жыршысы ретінде тану – ақын шығармаларына берілген біржақты баға. Оның туындылары 1965 жылы шыққан «Үш ғасыр жырлайды» («Жазушы»), 1989 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты құрастырған екі томдық «Бес ғасыр жырлайды» жинақтарына енді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ақын мұралары қайта зерттеліп, оның бұл уақытқа дейін жарияланбаған бір топ шығармалары жарық көрді. Дулат Бабатайұлының мұрасын жинау, оны ғылыми айналымға түсіру барысында Қ.Раевтың атқарған шаруасы қыруар. Ақын мұрасын жинақтап «Өсиетнама» (Ғылым, 2001 жылы) атты толық шығармалар жинағын шығарған ол «Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (2002). Игілікті бастама жалғасын тауып 200 жылдық мерейтойы қарсаңында, 2002 жылы «Кеудем ақыл сарайы» («Ер-Дәулет») және академиктер З.Ахметов пен С.Қасқабасовтың басшылығымен 2003 жылы «Тұнық тұма» деген бір томдық жинағы, «Дулат Бабатайұлы» (Раритет, 2003) жинағы З.Серікқалиев пен Қ.Раевтың дайындауымен жарық көрді. Ақынның өмір сүрген кезі қазақ даласындағы хандық дәуірдің жойылып, патша өкіметінің отарлау саясаты кеңінен өріс ала бастаған шаққа тура келді. Бір жағынан патша өкіметінің, екінші жағынан аға сұлтандар мен би, болыстардың алым-салығы титықтатқан шақ бұқара халық үшін ең бір ауыр кезең болды. Осындай аумалы-төкпелі шақта өмір сүрген ақынның туындыларына сол тұстағы өмір шындығы арқау болды. Қазақтың бай ауыз әдебиетімен, ақын, жыраулардың көне мұраларымен сусындап өскен ақын өз заманындағы көзіқарақты, білімді адамдардың бірі болды. Сарыарқадағы аты шулы ақындардың қатарынан орын алып, аузының дуалылығымен ел құрметіне бөленген ол 1874 жылы дүниеден өтті (1965, 1989 жылы жоғарыда аталған жинақтарда ақынның туған жылы дұрыс көрсетілген де, өмірден қайтқан уақыты жаңсақ берілген ). Сөз қадірін түсінген ақын қаламынан үлкен әлеуметтік мәселелерді көтерген туындылар туды. Оның «Қазақ деген ғаріп жұрт», «Тырнақтай меңі болған соң», «Тегімді менің сұрасаң», «Ал қарағай сұлу сындардай», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ақжайлау мен Сандықтас», «Ата қоныс Арқадан», «Сөзім барда, көзім жоқ» деп аталатын толғауларында сол тұстағы шен-шекпен үшін елі мен жерін сатқан қуларды қатты шеней отырып, олардың іс-әрекеттерін әшкерелейді. Ақын поэзиясының негізгі кредосы – ел бірлігі. Ол елі мен жерінің тұтастығын барлық толғауларына арқау ете білді. Дулат Бабатайұлы – ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің бірі. Ол осы кезеңдегі қазақ поэзиясын мазмұн, түр жағынан байытып, көркемдік талап тұрғысынан жаңа биікке көтерді. Ауыздан-ауызға, атадан-балаға тарап келе жатқан аңыз әңгімелерді ақын қайта тірілтіп, оларға жан бітіріп оқырманға ұсынды. Ақын шығармаларының негізгі өзегі – ел бірлігі мен жер тұтастығы. Сол тұстағы өмір шындығын уытты да өткір тілмен шеней білген ақын шығармаларының қазақ әдебиетінен алар орны ерекше.
Шернияз Жарылғасұлы ақын қазіргі Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағындағы Жарыпшыққан деген өзеннің бойында туған. Исатай – Махамбет көтерілісіне қатысып, көтеріліс басылған соң біраз уақыт қуғында жүрген. Хиуа хандығын барып паналаған. Баймағанбет Айшуақов сұлтан (Жәңгір ханның сенімді адамы болған) соңынан қалмаған соң, өз еркімен сұлтанға барып, кейінгі өмірін соның маңында өткізген. Бірақ көтеріліске қатысқан достарын ешуақытта ұмытпаған. Исатай мен Махамбетті мақтап өлеңдер шығарған. Оларды ылғи ел билеушілерге, әсіресе өзінің соңғы қожасы Баймағанбетке қарсы қойып өлеңдер айтқан. Өлеңді ауызша, суырып салып шығарған Шернияз шығармаларының көбі сақталмаған. Ел аузында қалған азын-аулағы 1925 жылы Мәскеуде басылған. Шернияз шығармаларының бірқатар қолжазба нұсқалары Қазақ Ғылым академиясының ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында жинақталған. Шернияздың әдеби мұрасын зерттеп, әдебиет тарихына қосуда Х.Досмұхамедов пен Қ.Жұмалиевтің еңбектері зор. Шөже Қаржаубайұлы қазіргі Көкшетау облысының Қызылту ауданында дүниеге келген. Би, болыстар мен бай, шонжарларды мақтап, өнерімен күнелткен бір топ ақындардың болғанын кезінде Абай сынаған. Жастайынан қос жанарынан (екі көзінен) айрылған Шөже – қобыз тартып, өлең айтып ақындық өнерімен күнелткен ақындардың бірі. Сондықтан да оның бір топ өлеңдері жекелеген бай-шонжарларды мақтап, мадақтауға арналған. Дегенмен, ол біржақты мақтаудан аулақ, парақорлық пен озбырлықты, әлдінің әлсізге тізе батыруына төзе алмай, көптің алдында кімді болса да қатты сынға алып шенеп отырған. Осындай мадақ өлеңдердің қатарында қырғыздың Бәйтік деген байын мақтаған өлеңін атауға болады. Шөже Қаржаубайұлы айтыскер ақын ретінде дүйім жұртқа жақсы таныс. Оның Кемпірбай, Тезекбай, Жәмшібай, Қалдыбай, Балта, Орынбайлармен айтысының орны ерекше. Қарсылас ақындарының бәрі де оны сөзден тоса алмаған соң, көзінің соқырлығын бетіне басқан. «Көзіме он жеті ақын түк қылған жоқ» деуіне қарағанда ол өзімен тұстас ақындардың бәрімен де айтысқа түскен тәрізді. Арғынның Қаракесегіндегі Шаншар елінде үш жүздің жақсылары мен жайсаңдары жиналған үлкен аста Шөже мен Балта айтысады. Құнанбай, Алшынбай, Жолшора сынды аға сұлтан, би-болыстар отырғанда Құнанбай мен Жолшора Шөжені жақтырмаған сыңай танытады. Сонда ол қолма-қол екеуіне де жауап қайтарады. Құнанбайға: «Кем-кетік жиналыпты таз бен соқыр, Әрқайсысы өз құлқынын көздеп отыр» деп оның көзін бетіне басса, Жолшораға: «Жолшора, өзің қажы, әкесі анай, Параны бұрын беріп, жедің талай. Алдыңда жеті тамұқ, сегіз ұжмақ, Қайсысына кіруің екіталай. Қажылықпен дүниеде жедің пара, Бұл сөзді сен айтасың қалай-қалай?!» деп оның ісінің қажыға сай еместігін ащы тілмен сынайды. Балта ел билеген билер мен малының саны жоқ байларын айтып мақтанса, Шөже оның мақтан тұтып отырған Құнанбай, Алшынбайларын уытты тілмен шенеп сынға алады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының ең көркем де толық нұсқасы Шөженің айтуымен таралған. Ол – ақындықпен бірге әншілік пен композиторлықты да тең игерген өнер иесі.
