- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
Жаңа тас ғасырында қауымдық құрылыс ыдырап, адам баласы өзен-көлдердің жағасына қоныстанған кез. Мал басын өсірудің ең дамыған кезі-қола дәуірі. Темір дәуірінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өріс алады. Біздің жеріміз жартылай көшпелі мал шаруашылығына қолайлы.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығына төрт маусымдық жайылым тән: көктеу,күздеу, қыстау, жайлау. Ал, қыстаулардың маңында егіншілікпен айналысатын шаруашылықты-жартылай отырықшы мал шаруашылығы деп атайды. Тұрақты қыстаулар сауда жолдарында орналасса олар кейін қалаларға айналған. Қалалар мен жартылай көшпелілердің арасында мәдени және экономикалық байланыстар дамыған.
Қала мәдениетінің дамуы.
Археологиялық зерттеулерге қарағанда 6-9 ғасырларда Қазақстанның оңтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймақтарында қалалық мәдениет дамыған. Қытай жылнамаларында Испиджаб қаласының аты кездеседі. Махмұт Қашғаридың айтуына қарағанда ол қала – Сайрам деп аталған. Оңтүстік Қаз-ғы отырықшы мәдениет орталықтары Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан сияқты қалалар. Жетісудағы отырықшылық орталықтары Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалалары. Қалалар қасындағы жартылай көшпелі мал өсірушілермен тікелей байланыста болған. Малшылар арасындағы кедейленген топтар егіншілікпен айналысып, қыстақ пен қала тұрғындарының санын өсірді. Бұл отырықшы мәдениеттің өркендеуіне әсер етті.
Қала және дала тұрғындарының материалдық мәдениеті.
6-9 ғасырлада қалалардың құрылыс жүйесі 3 бөліктен тұрған:
ортасында-бай-шонжарлар (олардың үйлері дуалмен қоршалған), орталықты қоршай орналасқан екінші дәрежелі үйлерде орташа тұрмысты тұрғындар мен қолөнершілер тұрған, екінші бөлікті қоршай орналасқан үшінші бөлікте кедейлер орналасқан. Тұрғын үйлердің ішінен тұрмысқа қажетті заттар табылған.
Қала мәдениетіне ұқсас құрылыстар: қыстақ-кенттер мен қорған-қамал сияқты бекіністер. Қыстақ-кент тұрғындары негізінен егіншілік пен қосымша мал өсіру және қолөнермен айналысқан. Тұрақты мекен-жайлар жанында зираттар кездеседі. Түркістан қаласының маңында Шаға мен Арыс өзендерінің бойында Отырар, Бөріжар қалаларының зираттары кездеседі. Зираттардың көптігі онда адамдар бірнеше ғасыр қоныстанғандығының белгісі.
Жартылай көшпелілердің материалдық мәдениеті.
Бұлардың басты шаруашылығы мал. Киіз үй туралы деректер қытай және араб деректерінде кездеседі. Жартылай көшпелілердің киіз үймен қатар тұрақты үй-жайлары да болған. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатындардың қыстаулары көбінесе Іле, Шу, Сырдария, Ертіс өзендерінің бойында орналасқан. Қолөнер бұйымдарын жасауда түріктер кісе белдік жасауға ерекше көңіл бөлген. Ер адамның күнделікті өзімен бірге алып жүретін шонданайы, оқшантайы, қыны болған.
Шонданайда – қайрақ пен шапқы, қында-пышақ, оқшантайда – мылтықтың оқ-дәрісі сақталған. Бұлардың бәрі кісеге ілінеді.
Қыш құмыра жасау өнері де жақсы дамыған. Металл өндеу түріктердің арасында 5-ғасырдан бастап кең тараған, оған дәлел авар қағанының Бумынға айтқаны: “қызымды есігімнің алдындағы темір балқытушы құлға қалай бермекпін”.
Жазба деректерде Талас аңғарындағы қалаларда күміс, мыс өндіріліп түрлі бұйымдар жасалған. Шу, Іле өзендерінің бойында және Қаратауда түсті металлдар өндірілген.
Сауда мен ақша айналымы.
Қалалардың санының өсуі сауданың жандануына әсерін тигізді. Сауда 3 бағытта жүрген:
1. Халықаралық сауда
2. Қала аумағындағы сауда
3. Қалалықтардың дала тұрғындарымен саудасы.
Сауданың дамуында Ұлы Жібек жолының маңызы зор.Жолдың солтүстік тармағы оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен. Сауда айырбас негізінде және ақшамен де жүргізілген. Мысалы түрік бірлестіктерінің Кангу Тарбан Теңгелері Сырдария бойындағы қалалардан табылған. Жетісудағы түргеш теңгелері Соғды, Ферғана, Батыс Сібір жерлерінен табылған. Сауданың дамуы экономикалық даму көрсеткіші.
