Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Асфендиаров Санжар Сейітжапарұлы (20.10.1889, Ташкент –25.02.1938, Алматы) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды ғалым-тарихшы, профессор, педагог. Әкесі Сейітжапар (Жағыпар, Сейітжағыпар) –сұлтан, Әбілқайыр ханның үлкен ұлы Айшуақ ханның ұрпағынан тараған патша әскерінің полковнигі шенінде отставкаға шыққан, жарты ғасырдан астам уақыт Түркістан өлкесінде қызмет еткен қазақ қайраткері, анасының есімі – Гүландам Қасымова (кейбір гипотезалар бойынша Кенесары Қасымовтың ұрпақтарынан тараған). Ташкенттегі реалдық училищені(1907), Петербургтағы әскери- дәрігерлік академияны 1912 жылы бітіріп шығады. Санжар онда әскери министрліктін теңіз ведомствосының стипендиясына оқып, 4 жыл қатардағы әскерде қызмет етуге міндеттелінді. 

Санжар өз әскери-медициналық қызметін Түркістан генерал-губернаторлығы мен Бұқара әмірлігінің шекарасындағы Термез мекенінде жергілікті лазаретте кіші дәрігер ретінде бастап, 10-шы Түркістан атқыштар полкына бекітілді. Артынан 9-шы атқыштар полкының аға дәрігер қызметкерінің міндеттерін уақытша атқарушы қызметіне ауысып, Самарқандта және Асхабадта шоғырланған атқыштар поктарында дәрігерлік қызметпен айналысады. 1914 жылы тамызда Санжар 5-ші Түркістан атқыштар полкының аға дәрігері қызметінде І дүние жүзілік соғыстың Шығыс майданына аттандырылады. Осы майданда 1914 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында орын алған ұрыстарда Санжар жараланған және науқас болған сарбаздарға медициналық көмек көрсетумен айналысты. 1914 жылы желтоқсанда жоғары әскери басшылықтың өрескел қателіктерді жіберу салдарынан 5-ші Түркістан атқыштар полкы Лодзь (қазіргі Польшаның ірі қалаларының бірі, ол уақытта Шығыс Пруссия территориясында орналасқан) неміс қоршауына түсіп, басына ауыр жарақат алған Санжар жау тұтқынына түседі. Неміс тұтқынында Санжар патша үкіметі тағдырдың тәлкегіне тастаған мыңдаған жауынгерлердің қатаң тағдырына ортақтасып, күрделі санитарлық жағдайларда иммитацияланған лазареттерде медициналық қызметпен шұғылданып, Торн, Кутно, Александровка концентрационды лагерьлерінде бір жылға жуық уақыт өткізеді. 1915 жылдың аяғында Қызыл Кресттің тұтқындармен алмасу бағытында жүргізген қажырлы еңбегінің көмегімен, Балтық теңізі арқылы алдымен Щвеция, сосын темір жол арқылы Санкт-Петербургқа қайтып оралады. Астанада неміс тұтқынына амалсыздан түскен жауынгерлерді қатаң бақылауға алға, патшаның күзет орындары оларды сенімсіз элементтер ретінде қара тізімге қосты. Арнайы медициналық қараудан өтіп, денсаулығы нашар деп танылған Санжар Түркістан әскери-медициналық басқарманың резервіне жіберіліп, 1919 жылы қаңтардың басында Ташкентке қайта оралады. 

Асфендияровтың қызметі әрқашанда Қазақстандағы және Орта Азиядағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өзгерістермен байланысты болды. Басқарушы қызметкер бола жүріп, ол тұрмыс ерекшеліктерін, Шығыс халықтарының тарихы мен мәдениеті мөселесі жөнінде жақсы білетін еді. Осы қабілет-біліміне сай 1921 жылдан 1922 жылға дейін Асфендиярұлы Түркістан республикасының Мәскеудегі өкілі, сонымен қатар РСФСР Кеңхалкомы үлттық мәселе жөніндегі коллегиясының мүшесі болды. Тәжірибелі аграршы ретінде оны БОАК-тің жер бөлінісі жөніндегі Айрықша комиссиясының құрамына қосады. 1922 ж. Кеңестердің Бүкілресейлік X съезінің делегаты Асфендияров КСРО құру жөніндегі шешімді қолдады. 1923 жылы Асфендиярұлы Ташкентке қайта оралады, онда ол Халкомденсаулық пен Халкомжердегі қызметтерімен қатар, Түркістан Компартиясы ОК хатшысы болады. 1924 жылы — РКП(б) Ортаазиялық бюросы құрамына сайланады. 1925 жылы хатшының орынбасары және БОАК Президиумының мүшесі. Аспандияров Қазақстан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген белгілі ғылым болды. Қазақ ұлттық мәдениет ғылыми-зертуғанинститутының тарих секторының меңгерушісі, КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы, кейін оның бөлімшесі орынбасары (1933 – 37) қызметтерін атқарды. Аспандияровтың Ресейдің Қазақстанды жаулап алуы жөнінде ашық айтылған, орташылдықты әшкерелеген тарихи шығармаларын оқуға тыйым салынды. Аспандияров – жалған жаламен ату жазасына кесілді. Жұбайы Рабиға да ҚарЛАГ-та 5 жыл айдауда болды. Аспандияров 1958 жылы 26 мамырда ақталды. 1990 жылыАлматы медецина институтына Аспандияров есімі берілді.

13-билет

  1. Х - ХІІІ ғасырлардағы Сығанақ қаласы.

Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қызылорда облысы Төменарық тау жыныстары стансасының солтүстік-батыс жағында 10 км жерде орналасқан.

Қаланы 1867 ж. П.И. Лерх, 1906 – 07 ж. И.А. Кастанье, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген. Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әлемде” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Сығанақ Хорезмшах Текештің қол астында болған. 1219 – 20 ж. Сығанақты Жошы әскері басып алып, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысының (Алтын Орда) құрамында болды. XII ғасырдың 2-жартысында қала қайта жандана бастады. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал маңы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола қазақ хандығынақарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. XV– XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды. XVII –XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әр түрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген. Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.

Сығанақ  орны Жаңақорған ауданы Төменарық темір жол станциясынан 8 шақырым жерде, Қаратау қыратының оңтүстік батыс  етегімен Сырдария өзенінің жағалаулары 15 шақырым қашықтықтағы Белқар үстіртінде жатыр. Ең алғаш көзге бірден көрінетін үлкен қырат, жал-жал болып үйіліп жатқан ежелгі қаланың  қорғандарының орыны. Қорғанның солтүстік беті жермен жексен болып шөгіп кеткен.

Сығанақ қаласы ертеректе еліміздің үлкен мәдени  ошағымыздың бірі болды. Х ғасырда Сығанақ – ғұндар мен қаңлылар тайпасының ал ХІ ғасырдың екінші жартысында әлемге әйгілі қазақ халқының құрылуына ұйтқы болған қыпшақтар мемлекетінің Шығыс бөлігінің  астанасы ХІІ ғасырдың монғол шапқыншылығы, қазақ даласының ойран- топыранын шығарды. Сол ойран топанға ұшырағандардың бірі- Сығанақ болды. 1219 ж  Жошы хан әскері Сығанақты жаулап, оның қорғанын қиратады. 100 жылдан соң Сығанақ қайта қалпына келіп гүлденеді. Онда талай ошақтарының бірі болған. Қала Х-ХІІ ғасырларда Сунақ деп аталса, кейін Сығанақ қаласы болып өзгерген. [2]

Қазақ жеріндегі моңғол империясының ыдырауына  байланысты, жергілікті этникалық топтардан құрылған мемлекеттер пайда пайда болды. Солардың бірі ХІІІ ғасыр мен XV ғасыр басында Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген  Ақ Орда мемлекеті болды. Ақ Орда Қазақстан аумағында моңғолдардан кейінгі құрылған алғашқы мемлекет. Орталығы Сырдария өзенінің орта ағысы бойынша орналасқан Сығанақ қаласы болды. 1- сызбада көрсетілгендей Ақ Орда аумағы Жошы  ханның екі баласы  Орда Ежен мен Шайбан хандарының жерін қамтыды.

1219 ж Сығанақ қаласы моңғол шапқыншылығына ұшырайды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы қаланы  шаппас бұрын ең алдымен жергілікті саудагер Хасан қожаны қала тұрғындарын берілуге көндіру үшін, Сығанаққа жібереді. Бірақ Сығанақтар сатқын Хасан қожаны өлтіріп, өздері жауға қарсы күреске шығады. Жошының әскерлері қаланы қоршап алады. Қала халқы жеті күн бойы берілмей, қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып, халқын қырып-жойып, қаланың күл -талқанын  шығарады Х ғасырдан бастап  Сығанақ  қаласы қайта салынып, қалпына  келтіріледі. (1- суретте көрсетілген). Қала жандана түседі. Қала біртіндеп Сыр бойындағы саяси эканомикалық орталыққа айналады.

Монғол шапқыншылығынан кейін, XIV ғасырдың басында алғашқы феодалдық Ақ Орда мемлекеті Жайықтан Ертіске дейінгі, Арал теңізінен бастап Сырдарияның оң жағалауынын Сығанаққа дейінгі аралықтарды қамтиды. Астанасы Сығанақ қаласы болды. [1]

Ақ Орданы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның үлкен ұлы Жошы ханнан тараған ұрпақтары билей бастайды. Ерзен хан тұсында Сығанақта көптеген  құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Қала гүлденеді. Сыр бойындағы қалалармен байланыс жасайды. Ерзен хан кейін Сығанақта қайтыс болып, осында жерленген. Ерзеннен кейін хан  тағына оның ұлы Мүбәрак хан (1327-1361) отырада. Мұның тұсында Сығанақта теңге соғылады. Одан кейін хандық Орыс ханға (1361-1375) тиеді.

Тоқтамыс 1380 жылдан бастап Алтын Орданың бірқатар жерін өзіне қаратып, Мамай Ордасын басып алады. XIV  ғасырдың аяғында Тоқтамысқа қарсы әрекет жасай бастаған. Әмір Темір оның орнына 1395 жылы Ақ Орда  тағына Ұрыс ханның тағы бір баласы Қойыршақ Оғыланды хан етіп қояды. Ақ Орданың келесі ханы бірақ Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті  жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қаратады. Алайда 1428 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілхайырға тиеді. Ол  Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып өз хандығын құрады. Ақ Орда өмір сүруін тоқтатады. Сөйтіп Ақсақ Темірдің қанды жортулары Сығанақ қаласының шаңырағын шайқалтып, Ақ Орданы қиратып кетеді. Ақсақ Темір 1405 жылы қайтыс болғаннан кейін, әлсіреп  қалған Ақ Орда қайтадан бой көтереді. Орыс ханның немересі  Барақ хан 1423-1428 жылдары Ақ Орданы қалпына келтіре бастайды. Біақ ол көп ұзамай қайтыс болады. Ақ Орданың билігі енді Жошы ханның бесінші  ұлы Шайбанның ұрпағы Әбілхайыр ханның (1428-1468 ж. ж) қолына көшеді.

Әбілхайыр хан мемлекеттің   құрамына өз кезінде бұрыңғы қағанаттар мен хандықтардың құрамында болған, кейіннен қазақ және өзбек халықтарын құраған көптеген  тайпалар енді- деп жазды. [3]

Осылай Сығанақ бірде алтын Орда билеушілерінің, бірде ақсақ Темірдің, бірде Ұлықбектің қол астына қараған. Әбілхайыр-өзбек ханы, оның хандығы “Көшпелі өзбектер мемлекеті” деп аталған. Әбілхайыр хан Моғолстанды алам деп аттанып кеткенде, Жәнібек хан Шиелі жақтан келіп Сығанақты басып алады. Әбілхайыр хан ауырып қайтыс болады, сүйегін Созаққа қояды. Жәнібек хан Ордасын Сығанаққа көшіріп, билікті Бұрындыққа  береді. Сөйтіп, Қазақ хандығының тұңғыш астанасы Сығанақ қаласы (1468ж) болады. [4] Сығанақ халқы отырықшы болған. Онда сауда, қолөнер жақсы дамыған. Қала мәдениеті Тараз, Баласағұн, Шиғу, Сайрам, Отырар шахарларымен қатар қанат жайған. ХІІІ  ғасырға дейін Сырдың шығысында Отырар мен Сығанақта ірі қала болмаған. Олар ислам дінін Х-ХІ ғасырларда қабылдаған болуы керек.

Шығыстан келген қара дүлей Моңғол шапқыншылығы 1219 жылы күзінен бастап қала тұрғындарын өз қолына алған. Сонымен 1219 жылы Сығанақ қаласы күйреу жылы болды. Осы бір қатты соғыстан соң XIV ғасырға дейін яғни 100 жылдай қалпына келе алмады. Қазір Қазақстанның бір заманғы мәдениет ошағы мақтанышы болған Сығанақ қаласының қираған  қаласы жатыр.

XIV ғасырда Сығанақ қаласында Дешті Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылып тұрды. Сығанақ үлкен білім орталығы болған. Оның топырағында сан қилы ғалымдар, ақындар қолбасшылар шыққан. Соның бірі әйгілі ақын жазушы Хисамиддин Әл Сығанақи  “Хихаиа” деген кітабы да, осы Сығанақ қаласында жазылды.[5]

А. Якубовский зерттеуінде Сырдың төменінде қаланы мәдинетінің туғанын айта келіп, “Билік түрлі тайпалардың қолыда болса да, оның бәрін мұсылман көпестер салған”- деп, тағы бір ұшқары ойдың ұшын шығарыпты. Бір анығы, кез-келген мәдениет сол жерді мекендеген тұрғылықты тайпалардың қолымен жасалып, олардың қоғамдағы даму деңгейін анықтаса керек. [7]

1867 жылы П.И.Лерх 1906-1907 жылы И.А.Кастанев ертедегі қала орнында болып, сол жылы Каллаур қала жәдігерлерінің жоспарын жасаған. 1927 жылы А.Ю.Якубовский қала  мұрағаттары мен сунақ мавзолейінің қала орнын сипаттап жазды. [8]   Тарихи деректерде бірде сунақ, бірде Сығанақ деген атпен түскен қала туралы мәліметтер шығыс, батыс жазбаларында ұшырасады.

    Зерттеу жұмысы нәтижесінде қазіргі Сунақ ата (Сығанақ) жерінен көптеген өрнекті керамикалық бұйымдардың, ыдыстардың қалдықтары табылды. 2-3 суретте көрсетілгендей біз бұл жерде Сығанақ қаласында қыш құмыра үлгілері жақсы дамығанын көре аламыз. 

Сығанақты зерттеген археологтардың бірі В.Каллаур (1899) еңбектерінен бірқатар тым әрі қызықты  деректер табамыз. Өзінің “Пратаколы Туркестанского кружка любителей археологии” жинағында жариялаған хабарында ол: “Сунақ-атада ең алдымен күйдірілген қыштан соғылған екі құрылыс назар аудартады. Олар осы жердегі қаламен тұспа-тұс болуға тиіс. Көлемді үлкен құрылыс үш бірдей тіреу есігі бар екі бөлмеден тұрады. Бұл бөлменің ұзындығы мен ені 9  кез”,-деп жазады. [15]

В.Каллаур екінші бөлменің астында табыт болғанын анықтаған. Бірақ оны тас басып, бөлме үстіндегі күмбездер қираған екен.  Шырақшы бұл бөлмелердің төбесіне бөрене қойып, қамыспен жауыпты.В.Калаур Сығанақ шахарының тұрғындары туралы да пікір қозғап, онда сунақтардың тұратынын айтқан. Қаланың сунақтар арасында сунақ деген атпен мәлім екенін де айта келіп Каллаур қала қираған кезде олардың Бұлған шахар, кейін Қараспан жағына кетіп, қыпшақтарға бағынғанын жазады. [10]

Махмұт Қашқари “Сығанақ — оғыздар еліндегі қала” деп, ал Әбілғазының жазбаларында: “Қала қақпалы, қуатты дуалдармен қоршалып, ішінде сауда үйлері, керуен сарайлары және басқа да қоғамдық құрылыстары бар қала үйлері орналсқан. Сығанақ Сырдария өңіріндегі ірі тұрақ еді. Оның тұрғындары Кедейдің елшісі Хасан-Қажыны өлтіріп, моңғолдармен барынша қарсыласты”,-деп жазған. [11]

ХІІ ғасырдан бастап Ислам дінін қабыл етті. Араб жазушыларының айтуынша, Сығанақ қаласында тұрған — бір ғана қыпшақ пен  қаңлылар, оларды біріне-бірі айырып болмайды. Сығанақ солардың астанасы. [12] Сығанақ туралы 1867 жылы шахар орнын көрген Лерх 1899 жылы жол жөнекей соғып өткен В.Ю.Якубовский арнайы зерттеу жазып қалдырды. Мұнда бірер тәуліктен ғана аялдаған тарихшы-зерттеушілер қазба жұмыстарын жүргізбесе де, Сығанақ қаласының жұртын, күмбезді құрылыстардың жұрнақтарын көреді.Оларды саралап, өлшеп, суреттеп суретке түсіреді, өрнекті керамикалық бұйымдарын музейге алып кетеді. Бұл кезде жекелеген күмбезді ғимараттардың сұлбасы аман, қорған қабырғалары түгел төбе жиектері бойымен айқын көрініп жатқан уақыт екен. Якубовский қорғанды айнала қадалап өлшеп, 630 сажын екен дейді. Каллаур да солай мөлшерлеп 540 сажын деп мөлшерлейді. Каллаур да, Якубовский де олардың сәл ғана артында көне жол үйінділердің ізі жатқанын айтады.