- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – үш жылдан төрт жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ісләм дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды. 1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты. ғарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай облысында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы –Орынбор шекаралық комиссиясының әскери ағаманы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді. Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин үш жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860 ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мүғалімі етіп тағайындады. Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің; мәнін түсіндірді. Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Ол салдыртқан жаңамектептің ашылу салтанаты 1864 ж. 8 қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сал балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметінеорналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамандарының сайлауларына қатысып жүрді. Сол сайлауларда дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады. 1879 ж. Ы. Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастаушылығымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай облысының қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал сонан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде екі кластық орыс-қырғыз училищелерін ашты: оларды мұғалімдермен және оқушылармен қамтамасыз етті. Алтынсарин училищелерді жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар құруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қолөнеркәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады. Ы. Алтынсариннің өзі орыс-қазақ мектептерінің оқушылары үшін екі оқу құралын: «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуіне бастапқы нұсқауды» жазды. Орыс классиктерінен аудармаларында, қазақ тіліндегі өз шығармаларыңда ол демократиялық. ағартушылық идеяларын насихиттады, ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту үшін қазақ әдеби тілінің қалыптасуы саласында жемісті еңбек етті. Белгілі бір дәуірдің қайраткері бола отырып, Алтынсарин өзінің дүние танымында қандай да бір қарама-қайшылықтардан, шектелушіліктен арыла алмады. Барлық ағартушылар сияқты ол ағарту ісінің әлуметтік қайта құрушылық рөлін асыра бағалады. Білімді адам ретінде Алтынсарин этнографиямен әуестенді, қазақтардың ауыз әдебиеті туындыларын жинап, жүйеге келтіріп отырды.
12-билет
1. Х - ХІІІ ғасырлардағы Сайрам қаласы.
Бізден бірнеше жүз жылдар бұрын өткен сол бір заманда Сайрамның атауы басқаша аталған. Ол кездегі аты-Испиджаб.
Ұлы Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі бірінші бірегей ірі қала Испиджаб болды, ол оған осы облыстың барлық жер - суы - шығыста Талас - Шуға дейін, солтүстік - батыста Сырдарияның орта ағысына дейін ұласып жатты. Қазіргі кезде орналасқан жері Сайрам ауылының оңтүстік - батысында, Шымкент қаласынан 12 км жерде. Орта ғасыр дәуіріндегі Испиджаб (Сайрам) X ғасырмен XIII ғасырдың бас кезінде Қазақстанның оңтүстігіндегі ең ірі қалаға айналды. Испиджаб округі Сырдария бойындағы Кедер, Сығанақ, Сауран мен Янгикент қалаларын; Қаратаудың солтүстік бөктеріндегі Баладж мен Берукей қалаларын; Жетісудың Тараз, Құлан, Мирки (Мерке), Суяб қалаларын қамтыды. Керуен жолдары бағыты бойынша алғанда, оңтүстік беттегі Бұхара қақпасы арқылы қалаға Шығыс елдерінің тауарлары әкелінетін. Шамамен, батыс бетте болған Нуджкет қақпасы Талас аңғарына орналасқан Дех Нуджикет қаласының атауымен аталған болса керек. Бұл шағын қалашық алқаптық тура даламен шектесетін шекарасында тұрды да, ет пен мал саудасы сол арқылы жүрді. Солтүстік қақпа арқылы шығатын керуен жолы Сырдария бойында отырған Отырар, Сауран, Дженд пен Янгикент қалаларын аралап өтетін. Қала өз заманына қарай жақсы бекініс салынған.
Испиджабтың өзінде XI-XII ғасырларда шекілген жергілікті теңгелермен жүргізілді. Испиджабтан басқа жерлерге ақ маталар, қару-жарақ, семсерлер, мыс пен темір жеткізіліп тұрды. Қала құл сату орталығы ретінде де бүкіл Шығысқа әйгілі еді. Онда сол кездегі қырқысқан қыруар соғыстарда әр түрлі түркі тайпаларынан қолға түскен тұтқындар сатылып, әкетіліп жатты. Көшелерінде жағалай тізіліп бой түзеп өсіп тұрған терек ағаштары. Ал айналасы-жайқалған мақта плантациясы мен бидай алқаптары. Осыдан сегіз-он ғасыр бұрын Сайрамның ірі өңір болғанын көп адам біле бермейді. Ол қолөнершілер мекені, егіншілер ауылы және ондаған қалалары бар орталық болған. Қаланың құдіреті артып, астана болып күшейіп тұрған кезінде бұл өңірге Тараз, Отырар, Сауран, Түркістан секілді ірі қалалар кірген еді.
