Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
-17449985.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
742.22 Кб
Скачать

3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.

Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693-1748) – Кіші жүз ханы, қолбасшы. Әбілқайыр хан батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен 1710-1748 жылдары аралығында Кіші жүздің ханы сайланды. 1715 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Әбілқайыр хан қазақ-қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716-1718 жылдары Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. 1726 жылы Ордабасыдағы халық жиналысында қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып тағайындалды. Әбілқайыр 1728 жылы Бұланты өзенінің жағасындағы, 1729-1730 жылдары Аңырақайдағы жоңғарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілетімен ерекше көрінді. Аңырақай шайқасында бас қолбасшылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей империясына арқа сүйеуді ойлады. Оның Құндағұлов Сейітқұл мен Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі 1730 жылы Петерборға барса, Ресей Сыртқы істер министрлігі алқасының М.Тевкелев бастаған елшілігі 1731 жылы оған келді. Елшілік қазақ ұлысын Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 жылы қазанда Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (бұл антты 1738, 1740, 1742 жылдары қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның қарамағына өткен башқұрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге халықты апаттан сақтауды да мақсат етті. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Оның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Иоанновнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 жылы Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр болды. Әбілқайыр үш жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды. 1737-1738 жылдардағы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді. Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі ? Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза табады. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқұяққа құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара "Хан моласы" аталды.

11-билет

1. Х - ХІІІ ғасырлардағы Тараз қаласы.

Дегенмен 9 – 11 ғ-ларда ескі түркі жазуын араб жазуы ығыстырып шығара бастады. Қараханидтер тұсында (10 – 12 ғ.) Талас өңірі экон. және мәдени өрлеуді басынан өткізді. Т. бен оның аумағы күш жинап, көрші елдерге жорық жасай бастады. Т. билеушісі Тугаш-хан тұсында Самарқандқа және Қашқарға жорық жасалынды. Қала бірте-бірте Жетісу мен Орта Азиядағы жетекші қолөнер және сауда орталықтарының біріне айналды. Әйгілі Т. моншасы салынды. Ислам дінінің үстемдігі нәтижесінде 11 ғ-да жаңа үлгідегі Айша бибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. 11 ғ-дың 1-жартысында Т. бен Испиджабта ақша (монета) соғыла бастады. 12 ғ-дың аяқ кезінде Қараханидтер мемлекеті әлсіреп кетті де, оны қарақытайлар жаулап алды. Соңдай-ақ, қазба барысында сол кездегі қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінде көп пайдаланылған, кішігірім тастар, кұмыралар, әртүрлі ою-өрнекті қола шырағдандар және басқа құнды заттар табылды. Тараз моншасы сонау ата-бабаларымыздың аманат ретінде бізге қалдырған бірден-бір ескерткіші. Сол себептен оларды бұзылып қирап қалған демей, қолда бар нәрсені көздің қарашығындай сақтап, қамқорлық жасап, қолдан келсе қаражат бөліп мұражай ашу қажет.

Осындай қолда бар жәдігерлерді көрсету арқылы казақ халқын ықылым заманнан-ақ мәдениеті өркендеген өркениетті ел екенін әлемге танытуға болады. Әрі оның өзі қаланың екі мың жылдық торқалы тойына таралғалы тарту болған болар еді.

2. Қазақстанның астанасы болған Алматы қаласының тарихта алатын орны мен рөлі.

Алматы қаласы 1929-1998 жж. Қазақстан астанасы болған. Қазіргі күнге дейін қала Қазақстандағы ірі қалалардың бірі мен елдің мәдени орталығы болып табылады.  Қаланың жаңа тарихы 1854 жылы Верный деген атаумен басталған болатын. 1921 жылдың 5 ақпанында қаланың атауын Алма-Ата деп өзгертуге шешім қабылданып,1927 жылдың 2 наурызында  IV Бүкіл Қазақстандық кеңестер съезінің мақұлдауымен Қазақстан астанасы Қызылордадан Алма-Атаға  көшірілді. 1993 жылғы шешім бойынша Алма-Ата атауы қазіргідей Алматы деп  өзгертіліп, өзінің  «ел астанасы» мәртебесін  1997 жылға дейін атқарды.1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласынаң мәртебесі туралы қабылданған заң бойынша бұл қала тарихи, мәдени, ғылыми, қаржылық және өндірістік орталық болды. Қазірде өзінің даму жолында біршама оқиғаларды бастан өткеріп,  іргесі бұзылмаған,1000 жылдық тарихы бар  Алматы қаласы еліміздің  ең ірі мегаполисіне айналып отыр.

Алматы қаласы Қазақстанымыздың ғылыми, тарихи сонымен қатар, ірі білім беру орталықтары орналасқан жастар қаласы.Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарының басты мақсаты — білімді әрі білікті маман дайындаумен қатар, ел тарихын қастерлей білетін, Отан алдындағы борышын өтеуде, еліміздің қарыштап дамуы жолында аянбай еңбек етуге қабілетті нағыз қазақ жастарын тәрбиелеп шығару. Осы мақсатқа жету жолында еңбек етіп келе жатқан еліміздегі  алдыңғы қатарлы білім ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің  биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушы эдвайзерлерінің ұйымдастыруымен, Алматы қаласына 1000 жыл толуына орай «Алматы қаласына 1000 жыл» атты іс-шара өткізілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Бұл қасиетті жерде талай тарихи оқиғалар өтті.  Бұл жерден Ұлы Жібек жолы өтті, бұл алғашқы сауда-саттық алаңы және алып Еуразияның Шығысы мен Батысын, Солтүстігі мен Оңтүстігін біріктіретін жалпы адамзаттық магистраль. 550 жыл бұрын Жетісу жері Қазақ хандығының алтын бесігіне айналды. Мұнда Орта Азияның бірегей қалалану мәдениетінің негізгі ошақтарының бірі пайда болды», -деген сөздерін негізге ала отырып, аталмыш іс-шара жастарымызға қаламыздың тарихын, қазіргі дамыған Алматының, жалпы Тәуелсіз Қазақстанның бабаларымыздың ерен еңбегі мен қажыр-қайратының арқасында қалыптасқандығын түсіндіру, ел тарихын ұлықтау мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар қала тарихымен таныстырылды. «Алматы қаласына 1000 жыл» тақырыбы аясында студенттер өз ойларын ортаға салып, қызықты ақпараттармен бөлісті. Кафедрамыздың аға буын оқытушылары өздерінің алғаш Алматыға келген кездегі ескі жылдар естеліктерімен бөлісіп, болашақ жастарымызға ақыл-кеңестерін айта отырып, өлкеміздің одан әрі дамуы үшін білікті маман, білімді ұрпақ болу керектігін насихаттады.Сонымен бірге қазіргі кездегі Алматы қаласының өзекті экологиялық мәселелері де назардан тыс қалмай, қала таза болу үшін қаладағы әр адамның алдымен ойы, жаны, тәні таза болу керек деген биоэнергетикалық заңдылықта студенттерге нақты мысалдармен түсіндірілді.