- •Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •Әбілхайыр ханның Ресей патшалығымен дипломатиялық келіссөздері.
- •Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
- •Жетісудағы соғдылар.
- •Елбасы, н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Нұрлы Жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы Мәңгілік Ел идеясына.
- •Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған: Суяб, Баласағұн, Янгикент,Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.
- •Шығыс Түрік қағанаты.
- •Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы
- •3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.
- •2) Қайта құру жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайы
- •3) 1103, 870, 1021 Әл-Фарабидің, ж.Баласағұнидің,қ.А Йассауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетінің
- •3) Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылына сипаттама жасаңыз.
- •2) XIX ғ. II жартысында қазақ даласына саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеудегі үлестері.
- •1. Қола дәуіріндегі егіншілік.
- •2. Қазақстанда Президенттік институттың еңгізілуі.
- •3. Жәңгір ханның жүргізген реформасының мәнін сипатта.
- •1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
- •2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
- •3. Кіші жүз ханы Әбілқайырды тарихи тұлға ретінде сипаттаңыз.
- •3. Ы.Алтынсарин мен Жәңгір ханның оқу ағарту саласын дамытуға қосқан үлесі.
- •2. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мәдениеттің дамуындағы жетістіктер.
- •3. С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •«Жылымық» жылдарындағы Қазақстанның саяси-әлеуметтік жағдайы.
- •Х. Досмұхамедовтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара әсері.
- •Кенесарының қазақ мемлекеттігін қалпына келтіріп, күшейту әрекеттері.
- •Сұлтанбек Қожановтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиетіндегі д.Бабатайұлы, ш. Жарылғасұлы, ш.Қаржаубайұлы еңбектеріне талдау жасаңыз.
- •М.Тынышбаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Шыңғыс хан – тарихи тұлға.
- •Қазақстан халық Ассамблеясының қызметі мен міндеті.
- •С.Сейфуллиннің қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •2) Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың зардаптары.
- •3)Д.А.Қонаевтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •1)Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.
- •2. Хх ғ. 20-30 жылдары. Ашылған оқу орындарының маңызы.
- •3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.
- •Орталық Қазақстандағы ашель кезеңінің ескерткіштері.
- •Қазақ мәдениетінің тарихындағы айтыс өнері.
- •Ә.Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орнын сипаттаңыз.
- •Қазақстан аумағындағы мустье кезеңіндегі тұрақтар.
- •Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.
- •Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.
- •Неандерталь адамы.
- •1881 Жылғы Петербург келісімінің ерекшелігі.
- •А.В.Затаевич– қазақ халқының дәстүрлі музыкалық шығармаларын зерттеуші.
- •Кроманьон адамы.
- •Ресейлік ғылыми қоғамдардың Қазақстанды зерттеуі.
- •Тас дәуіріндегі еңбек құралдарын кесте бойынша толтырыңыз.
1. Темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
Қазақстан далаларында б.з.б. 2 мыңжылдықтың ортасынан егіншілікпен шұғылданудың тиімсіз екендігі белгілі болды. Табиғатта құрғақшылық күшейіп, жауын-шашын азайды. Бұлақтар суалып, өзендер тартылып қалды.
Қазақстандағы ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай егіншілікті бірте-бірте мал шаруашылығымен алмастырды. Мал басының көбеюінен оларды бір жерде асырау мүмкін болмады. Көшпелі мал шаруашылығы артық өнім алуға мүмкіндік берді. Ол адамның шаруашылық кәсібінің аумағын кеңейтіп қана қоймай, оның еңбегінің бағасын да арттырды. Мұндай жағдайда дала тұрғындары шаруашылықтың жаңа тәсілін – көшпелі мал шаруашылығын ойлап тапты. Олар бірте-бірте көшпелі өмір салтына көшті.
Адамдар жылқыны азық және мініс көлігі ретінде пайдаланды. Жылқы суыққа төзімді әрі қыста тебіндеп жайылады, шөпті қар астынан тұяғымен аршып алады. Металл ауыздықтың шығуы жылқыны міну үшін көбірек үйретуге жағдай жасады. Ендігі жерде атқа мінген бақташы малды ұзатып жаюға мүмкіндік алды.
Батыс Қазақстанның шөлді аудандарында түйе өсірудің маңызы зор
болды. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды. Түйе жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Солтүстік аймақта сиыр, ал оңтүстікте қой көп өсірілді.Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Олар суық пен ыстыққа төзімді.
Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл материалдармен, былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
Бертін келе көшпелілер арбамен көшу әдісінен бас тартты, өйткені жүріп-тұруға өзен-көлдер мен төбелер кедергі жасады.Олар жүк көлігі малдарын пайдаланды. Түйе мен атқа көшпелілер киіз үйін, киім-кешегін, үй-тұрмыстық заттарын артты.
2. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға көшірілу себептері.
Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты болды.
1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды.
Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты.
Ұйғыр, дүнген халықтарының Ресей құрамында өркендеп, дамуы осынау көне мәдениетке жаңа мазмұн берді.
