Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

175. Өт жолдарының дискинезиясына анықтама беріңіз, этиологиясы, жиілігі.

Билиарлы жолдың дисфункциялық бұзылыстары (БЖДБ) – ішекке

өттің өтуін бұзуға әкелетін, 3 айдан ұзақ әсер ететін өт қабының және өт өзектерініңмоторикасының және/немесе сфинкторлық аппаратының тонусының бұзылысы жәнедискоординациясы.

Этиологиясы. Провокациялаушы факторлар болып келеді:

- жағымсыз тағамдар (майлы және қуырған тамақтарды көп қабылдау);

- ішек паразитоздары (әсіресе лямблиоз);

- кейбір инфекциялар (жедел гепатит, сальмонеллез, дизентерия);

- тағамдық аллергия;

- дуоденит, ойық жара ауруы, бауыр, ішек аурулары, дисбактериоз;

- физикалық және психоэмоциялық салмақтың деңгейінің сәйкессіздігі;

Жиілігі: Өт жолдарының гипоматорлы дискинезиясы 40-99 % аралығында кездеседі.

176. Созылмалы холециститке анықтама беріңіз, этиологиясы, жиілігі.

Созылмалы холецистит- өт қабының қайталанатын қабынулы ауруы. Жиілігі: балаларда кездесу жиілігі 5-10% құрайды.

Этиологиясы:

- инфекция

- өт іркілісі

-өт қабы қабырғасының тітіркенуі немесе жарақаттануы

Өттің іркілісіне әкелетін себептер:

  • Уақытылы тамақтанбау

  • Клетчатканың тапшылығы

  • Гиподинамия

  • Өттің ағын шығуына кедергілер

  • Психо-эмоциональды стрестер. Бұдан басқа өт қабының қабынуына жиналған тастар, өт құрамының бұзылысы және дуаденобилиарлық рефлюкске байланысты өт қабының ұйқы без ферменттері мен зақымдануы септігін тигізеді.

177. Өт жолдарының тас ауруының анықтамасы, этиологиясы, жиілігі.

Өттас ауруы– өт қабында немесе өт өзектерінде тастың пайда болуыменсипатталатын дистрофиялық-дисметаболикалық ауру. Балаларда олардың себептеріболуы мүмкін:

- күшті (айқын) гемолиз байқалатын аурулар;

- отбасылық гиперхолестеринемия;

- гепатит және билиарлы жүйенің қабынулық зақымдалулары;

- холестаз дамуға әкелетін факторлар (мысалы, муковисцидоз);

- қант диабеті.

Жиілігі:

178. Үлкен дәреттің болмауы нені білдіреді, іш қатудың себептері, клиникалық көрінісі.

Үлкен дәреттің болмауы іш қатуды білдіреді. Асқорыту процессі кезінде ішек қабырғасы толқын тәрізді жиырылу арқылы іштегі затты аналь тесігіне алып барады. Бұл ішектің перистальтикасы немесе ішек моторикасы деп аталады.

Этиологиясы:

  • Тамақтану режимінің бұзылуы

  • Дәрілік препараттарды қолдану

  • Сусыздану

  • Ішек өткізгіштігінің бұзылысы

  • Психологиялық факторлар

  • Аралас себептер

Клиникалық көрінісі: Негізінен клиникалық көрінісі ішектік және ішектен тыс симптомдармен көрінеді. Жергілікті көріністерге: сирек дефекация ритмі немесе нәжістің болмауы, нәжіс массасы консистенциясының өзгеруі, дәретке шыққаннан соң ішектің толық босамау сезімі, іштің кебуі және ауырсынуы, нәжісте қанның болуы, дефекация кезінде ауырсыну, нәжісті пародоксальды ұстай алмау

179. Пилороспазм патогенезін түсіндіріңіз, клиникалық көрінісі, ажырату диагнозы, диагностикалық критериі.

Қалытқы- асқорыту жүйесінің ерекше бұлшық еті, ол асқорыту процесіне тәуелсіз түрде үнемі жиырылып тұрады. Көптеген қоздырғыштарға байланысты қалытқының құрысулы жиырылуы – оның спазмы пайда болады. Бұл пилоростенозға алып келуі мүмкін. Спазм нәтижесінде асқазан қаттырақ жиырылып. Қалытқының жиырылу күшін жеңу үшін тағамды ары қарай ішекке қарай итеруге тырысады.

Клиникалық көрінісі: тамақтандырғаннан соң 1-2 сағат өткеннің өзінде көлемі 2 ас қасықтай лоқсу, кейде фонтан тәрізді құсық, салмақ қосудың нашарлауы, жалпы мазасыздық, жиі жылау, ұйқы бұзылуы.

Диф. Диагностикасы пилоростенозбен жүргізіледі

Пилороспазм белгілері

Пилоростеноз белгілері

Туғаннан құсық, жиі

Екі апталық жастан бастап, құсу сирек

Құсу жиілігі күнге байланысты

Құсу жиілігі тұрақты

құсық массасы көлемі аз

Құсық көлемі көп, фонтан тәрізді

Іш қату, кейде өздігінен

Үнемі іш қату

Зәр шығару аздап азайған

Зәр шығару бірден төмендеген

Тері тым бозғылт емес

Бозғылт, шекесі әжімді

Бала көп шыңғырады

Бала салыстырмалы түрде тыныштау