Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

172. Жедел панкреатитке анықтама беріңіз, этиологиясы, жиілігі.

Жедел панкреатит (ЖП) бездің өз ішінде панкреатикалық ферменттердің

активтелуімен және ферменттік токсемиямен жүретін ұйқы безінің жедел

қабынулық-деструкциялық зақымдалуы.ЖП балаларда ересектерге қарағанда сирекбайқалады.

Этиологиясы. Балаларда оның ең жиі себептері келесілер:

1. инфекциялар (эпидемиялық паротит, вирусты гепатит, энтеровирус Коксаки В, желшешек, герпес, грипп, псевдотуберкулез, дизентерия, сальмонеллез, сепсис);

2. ішке қатты соққы тигендегі ұйқы безінің доғал жарақаты;

3. панкреатикалық өзектер обструкциясы және қысымның жоғарлауы байқалатын аурулар (папиллит, холедохолитиаз, киста немесе холедоха стриктурасы, дуоденопанкреатикалық рефлюкспен дуоденостаз, дуоденальды емізікшенің аскаридамен жабылуы,описторхоз, фасциолоз, клонорхоз);

4. гепатобилиарлық патологиялар (өт тасы ауруы, созылмалы холецистит);

5. гиперкальцемия (гиперпаратиреоз немесе гипервитаминоз Д);

6. токсикалық (қорғасынмен, сынаппен, күшаламен, фосфорқосындыларымен улану)және дәрілік зақымдалулар (азатиоприн, гипотиазид, фуросемид, метронидазол,тетрациклиндер, сульфаниламидтер, глюкокортикоидтардың жоғары дозалары).

Жиілігі: Балаларда кездесу жиілігі АІА ішінен 5-25% кездеседі.

173. Созылмалы панкреатитке анықтама беріңіз, этиологиясы, жиілігі.

Созылмалы панкреатит (СП) – паренхимасының фиброзы және экзокриндікжетіспеушілігі дамуымен сипатталатын, ұйқы безінің қабынулы-дегенеративті ауруы.

Этиологиясы. СП әдетте, басынан өткен ЖП-ның нәтижесі (ақыры), сондықтанЖП-нің себептерін СП – тіңде себептері деп санауға болады. Созылмалыға ауысуғасебепкер болады:

- генетикалық бейімділік;

- бездің өзектік жүйесінде обструкцияға, қысымның артуына әкелетін гепатобилиарлыжәне гастродуоденальды аурулар;

- дисметаболикалық бұзылыстар (гиперлипидемия, гиперпаратиреоз, қанттық диабет);

- жүйелік аурулар (муковисцидоз, саркоидоз, қызыл жегі және басқалар);

Жиілігі: 100000 ішінде 9 – 25 жағдайда кездеседі.

174. Бейспецификалық жаралы колит дегеніміз не?Этиологиясы,жиілігі.

Бейарнамалы жаралы колит (БЖК) – алғашқыда көбіне дистальды бөлігіндеорналасатын, кейін біртіндеп проксимальды бағытта тарап, біртіндеп тоқ ішеке толықжайылатын, және жиі басқа мүшелерді (буындар, бауыр, тері, көз) зақымдайтын, тоқішектің клегей қабатының эрозиялы-жаралы сипатты некрозданатын қайталамақабынуы.

Этиологиясы. Аурудың пайда болуын тұқым қуалауға бейімділікпен және сыртқыортаның әсерімен түсіндіреді. БЖК-ке тікелей бейімдік білдіретін ген идентификацияланбаған, ол ақау 2-ші, 6-ші, 7-ші хромосомаларда орналасады деген болжам бар. БЖК дамуы

DR2 локустарымен, мүмкін гистосәйкестіктің бас кешені DR3, DQ2 байланысты болуымүмкін.

БЖК-тің пайда болуында сыртқы ортаның рөлінің дәлелдері:

- ішекте орналасқан инфекциялық қоздырғыштар (кампилобактер, шигеллдер, амебалар,иерсиниялар, хламидиялар, микобактериялар), аурудың қайталауына және ішектен тысбелгілердің болуына ықпал етуі мүмкін;

- персистеуші вирусты инфекцияның ішек қабырғасының капиллярларының эндотелиясының зақымдалуында, васкулит, ишемияның, қабынудың дамуында маңызы бар;

- Сүтті көтереалмау БЖК -ның даму қаупін арттырады;

- БЖК-пен ауыратын балалардың анамнезінде психикалық статустың және нервтік-психикалық салмақтың шектен тыс екені анықталады;

- БЖК-тің кеңінен тарауы өндірістік жоғары дамыған мемлекеттерде, қалада дамыпкеле жатқан елдер мен ауылдық жерден жоғары болып келеді.

Жиілігі:Европада БЖК 100000 халыққа шаққанда 1,5-2 балада кездеседі.