Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

169.Созылмалы гастрит дегеніміз не?Анықтамасы , этиологиясы ,жиілігі.

Созылмалы гастрит - асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.

Этиологиясы

  • Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Асқынуына алып келетін себептер: •

  • хеликобактерлік инфекция (95%) •

  • аутоиммундық фактор (15-18%) •

  • дуоденогастральдік рефлюкс; •

  • ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б. әсері; •

  • алиментарлық факторлар (уақытымен тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамай жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық) •

  • зиянды әдеттер; •

  • өзге ағзалардың аурулары (анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит);

  • Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі - хеликобактерлік инфекция - 90-95%.

Жиілігі

170. Созылмалы дуоденит дегеніміз не?Этиологиясы , жиілігі.

Созылмалы гастродуоденит - созылмалы сипатты қайта өршитін ауру, спецификалы қабынулық жəне СОЖ жəне ДК-ның (ошақтық, диффузиялық) құрылымдық қайта құрылумен, əр-түрлі секторлы, моторлы-эвакуаторлық бұзылыстармен жалғасатын.

 

Этиологиясы

  • Тамақтану тәртібінің бұзылуы

  • АІЖ аурулары

  • Лямблиоз,өкпелік,жүрек тамырлық аурулардың фонында дамиды

  • Ішек атониясы

  • Дуоденостаз

  • Созылмалы тонзиллит

  • Респираторлық инфекция

  • H pylori

  • Токсикоинфекция

  • Дәрілік заттар

Жиілігі

171. Жара ауруына анықтама беріңіз, этиологиясы, жиілігі.

Ойық жара ауруы (ОЖА) – үдеуі немесе асқынулар дамуы мүмкін асқазанданемесе он екі сақиналы ішекте ойық жараның пайда болумен жүретін полигендітұқымқуалайтын созылмалы ауру.

Этиологиясы. Он екі сақиналы ішек ойық жарасы ауруы даумуының негізгіфакторы болып, тұқым қуалаушылыққа бейімділік есептеледі. Ойық жара ауруынаотбасылық бейімділік 60-80%, асқазан сөлінің жаугершілік қасиетінің артуы 100%жағдайда байқалады.

Ойық жара ауруына бейімдеуші факторларға төмендегілер жатады:

1. Helicobacter pilori (Нр)-мен инфекциялану. Ойық жара байқалатын балалардыңасқазанының антральды бөлігінің кілегей қабатында Нр 99%, он екі сақиналы ішеккілегей қабатында 96% жағдайда анықталады.

2. ерте жасанды тамақтандыруға ауыстыру асқазан антральды бөлігінің кілегей қабатының G (гастринөндіруші) және Ecl (гистаминөндіруші) жасушаларының көбеюіниндукциялайды;

3. алиментарлық бұзылыстар;

4. кейбір дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау (салицилаттар, глюкокортикоидтар, цитостатиктер және т.б.);

5. отбасының өмір салтының ерекшеліктері – отбасының жағдайын ұйымдастыру жәнебалаларды тәрбиелеу ерекшеліктері, тамақтанудың отбасылық ерекшеліктері, қарым-қатынасы және т.б.;

6. гиподинамия немесе физикалық салмақ түсу;

7. созылмалы инфекциялар ошағы;

8. ішек паразитоздары;

9. нервтік-психикалық салмақ түсу;

10. шылым шегу және токсикомания;

11. тағамдық аллергия.

Негізінен 7-14 жастағы балалар ауырады. Пубертатты кезеңге дейін ер балалар менқызбалалар бірдей ауырады. Жыныстық кезеңнің басынан бастап ер балаларда аурудыңжиілігі мен ауырлық дәрежесі арта түседі, ал қыз балаларда бұл ауру сиректеу кездеседіжәне ақыры жағымдырақ болады. Бұны эстрогендердің асқазан мен он екі сақиналыішектің кілегей қабатының қалыптасуын стимуляциялайтын эстрогендердің қорғаныстық

қабілетімен түсіндіріледі.