Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гастроэнтерология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119.26 Кб
Скачать

166. Ерте жастағы асқорыту жүйесінің ферментопатиясы,оларды атаңыз?Олардың пайда болу себептері,жиілігі.

Целиакия (глютенді энтеропатия, ішектік инфантилизм, Ги-Гертер ауруы) – тума белок – глютенді сіңіре алмауымен көрінетін созылмалы аутоиммунды жіңішке ішектің ауруы .Бұл ауру тек жіңішке ішекті ғана зақымдамай асқазан-ішек жолдарын және одан тыс жүйелер ОЖЖ, эндокринді, жыныс, сүйек-бұлшықет жүйесін зақымдайды

Этиологиясы

  • Маңызды рөлді глиадин – глютеннің спиртте еритін фракциясы басты орында тұрады.

  • Генетикалық факторлар (отбасы мүшелерінің 10-15%-ында жіңішке ішек патологиясы көрінеді . Науқастарда HLA-DQ2 или HLA-DQ8 гаплотиптер анықталады

  • Иммунологиялық факторлар. Т-лимфоциттерде глютенге ұқсас эпитоптар анықталады. Науқас қанында антиглиадиенді антиденелер титрі жоғары. Тегіс салалы бұлшықеттер жасушалары эндомиозиніне, тіндік трансглютаминазаға антиденелер анықталады.

  • Мутация әсерінен

Жиілігі

  • Батыс Европа елдері ( Финляндии, Ирландия), Австралия және Оңтүстік Америкада - 1: (80-340)

  • Солтүстік Америкада - 1:5000;

АҚШ - 1: (4700-6000) адамда.

  • Африкалықтар, жапондықтар, қытайлықтар арасында кездесуі өте аз. Кездеспейді десек те болады. Олар дәнді дақылдарды көбіне пайдаланбайды.

  • Ресей мен Қазақстанда арнайы зерттеулер жүргізілмеген

  • Ресми түрде әлемде кездесуі– 1:184

  • Қыз балалар мен ұл балалар ауруының арақатынасы 2:1.

167.Жәй диспепсия ,анықтамасы, этиологиясы , жиілігі.

Диспепсия - балаларда болатын ас қорыту органдары жұмысының бұзылуы. Диспепсия кезінде ішек айтарлықтай зақымданбайды.

Этиологиясы Көбінесе дұрыс тамақтандырмаудан емшектегі балалар ауырады (мөлшерден артық емізу, тамақтандыру режимін бұзу, т. б.) сондай-ақ әр түрлі аурулармен қабаттаса (грипп, өкпенің қабынуы, құлаққа суық тию)— парентеральды диспепсия басталуы мүмкін. Диспепсияның пайда болуына күннің ысуы әсер етеді (мысалы, жылдың ыстық мезгілі).

Клиникасы Емшектегі бала диспепсиясының негізгі белгілері: іш өту (күніне 8—10 ретке дейін үлкен дәретке отырады, дәретінің иісі күлімсі, көбінесе жасыл түсті, жалқаяқ болады), іші кеуіп, тамақтандырған соң көп кешікпей лоқсып, құсады. Бала салмақ қоспайды, нашар ұйықтайды, мазасызданады, беймаза келеді. Ауыр жағдайларда тәулігіне 10—15 ретке дейін іші өтеді, арықтайды, шырышты қабықтары мен терісі құрғайды.

Жиілігі Балаларда және жасөспірімдерде диспепсия синдромы 13-40%кездеседі,ұлдарға қарағанда қыздар көбірек ауырады.Диспепсия синдромы балаларда АІЖ- ның анатомия -физилогиялық ерекшеліктеріне ,жүйке жүйесіне және зат алмасу процестеріне байланысты балалық шақта жиі кездеседі.

168.Жедел гастрит дегеніміз не?Анықтамасы, этиологиясы,эпидемиологиясы, жиілігі.

Жедел гастрит асқазанның кілегейлі қабықшасына ерекше тітіркендіргіштер әсер етуімен байланысты дамитын шырышты қабықтың қабынуы.

Этиологиясы

  • тітіркендіргіштер қатарына шамадан артық ішілген ас, ќорытылуы қиын, суық немесе тым ыстық тағамдар,

  • салицилаттар, сульфаниламидтер, кортикостероидтар, биомицин, дигиталис сияќты дәрі-дәрмектер,

  • бірќатар кәсіптік зиянды химиялық заттар жатады.

  • Микробтар (стафилококк, сальмонела) мен олардың токсиндерінің, заталмасу процесі өзгергенде түзілетін өнімдердің рµлі де айтарлықтай.

  • Кейде алкоголь, сапасы нашар тағамдар сияқты кеселді себептер асқазанның кілегейлі қабыќшасына тікелей әсер етіп, экзогендік гастрит дамытса, енді бірде зиянды әсер тамырлар мен нерв және гуморальдыќ жүйелер, иммундық механизмдер арқылы, яѓни жанама жолмен жүзеге асып, эндогендік гастрит туындайды. Көбіне эндогендік гастриттер тобының инфекциялық гематогенді, уремиялық элиминациялы, аллергиялық және іркілулік түрлері байқалады.

  • Тағамдық токсикоинфекция

Эпидемиологиясы

Жеделгастритөтекеңтарағанауру,мысалы жыл сайын АҚШ та гастриттің себебінен 1,8-2.1млн адам медициналық көмекке жүгінеді.

Жиілігі

Ауру әртүрлі жаста жиі кездеседі, ұлдар мен қыздардың ауру жиілігі бірдей.